Клара Цеткин

 

Лениннің бүкіл жер жүзі әйелдеріне айтқан өсиеттері

 


Жазылған: Бұл кітапшаны К. Цеткин Германияға, Халықаралық әйелдер күніне арнаған болатын, бірақ өкімет басына фашистердің келуі бұл кітапшаның жарыққа шығуына бөгет жасады. Бұл еңбек толығымен СССР да бірінші рет 1934 жылы толық жарияланып отыр.
Жарияланған: Лениннің бүкіл жер жүзі әйелдеріне айтқан өсиеттері / Цеткин К. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік Саяси Әдебиет Баспасы, 1939. - 42 бет .
Аударған: Бирманов И.
Редактор: Арыкова Н.
Техникалық редактор: Тигин В.
Корректор: Катталов Р.


 

 

Жұмысшы әйелдерді азат ету ісін, әйелдердің өздері жүргізуге тиіс

ЛЕНИН

 

Әйелдердің не толық азат етіліп, тең құқылы болуы, не олардың басым көпшілігінің ілгеріде де таптық езушіліктің және тұрмыс теңсіздігінің екі жақтап қысымында бола беруі,—міне тарих мәселені осылай қойды. Асылында мәселе социалистік қоғам орнатуға ма немесе капитализмді жер жүзіндегі экономикалық және қоғамдық қатынастардың басым системасы есебінде мызғымастық етіп сақтауға ма дегенге тірейді. Дәл осы тілек Лениннің әйел мәселесіне көзқарасын белгіледі. Жер жүзілік пролетарлық революцияның ілгерідегі дамуымен және оның мақсаттарымен ажырағысыз, тығыз байланысты бұл мәселе қазіргі күнде, езілген, эксплуатацияланған әйелдердің және олардың капитал үстемдік етіп отырған барлық жерлердегі езілген, эксплуатацияланған бауырларының алдына қойылып отыр. Бұл мәселе бүкіл адам баласының алдына да қойылып отыр.

Цивилизациялы деп аталатын елде әйелдердің толық азаттығы және тең құқылысы үшін, Август Бебель өзінің күшті үнін миллиондаған адамға естіртіп, көтергеннен бергі жерде, партияның шынайы бір ұлы көсемі, бұқараның көсемі тек Владимир Ильич Ленин ғана бұл талапты сөз жүзінде де, іс жүзінде де мейлінше батыл, мейлінше табанды түрде жүзеге асыра бастады. Барлық зәбір-жапа шеккендерге, езілгендерге, құл болғандарға мейлінше шын ықласты тілектес болуымен бірге, Маркстың ғылымын терең ұғына білгендігі, Ленинді әйелдердің азаттығы үшін тең құқылысы үшін аса қайратты, батыл, нағыз адал, ең маңдай алды күресуші етіп шығарды.

Тарихты—әсіресе халықаралық жұмысшы қозғалысының тарихын — терең үйрену Ленинді осы санаға жеткізді, осы талапты жүзеге асырудың қажеттілігіне және оның аса зор маңызы бар екендігіне сенімін күшейте түсті. Әйелдердің толық азаттығы мен тең құқылы болуы, адам баласының тек бір бөлегі әйелдер үшін ғана қажетті және солар үшін ғана зор маңызды болып қоймайды; бұл капиталдың құлы болып, эксплуатациялануындағылардың барлығын, жынысына қарамастан, азат ету үшін қажет. Бұл міндетті жүзеге асыру, бүкіл адам баласын қоғамдық тіршіліктің ана ғұрлым жоғары формалы және жоғары мазмұнды әлде қайда биік сатысына, көтерудің шарты болып табылады. Бостандыққа талпынған әйелдерді жыныс арасындағы күрестің өтірік жолына сүйрейтін, феминистік тенденцияны, Ленин мейлінше батыл түрде теріске шығарды. Ол әйелдерге, оларды азаттыққа жеткізетін бірден-бір жолды,—пролетарлық әлеуметтік революцияның ауыр қиын-қыстау жолын көрсетті.

Жеке меншіктің шығуымен байланысты, әйелдер ең алдымен еркектердің меншігі болды; жеке меншіктің дамуымен және қоғамның тапқа бөлінуімен байланысты әйел еркектің әрі әйелі, әрі жұмысшы күші есебіндегі күңі болды, сөйтіп оның әдепкі бостандығы жойылды. Өндіріс құралын жеке меншіктеу қалғаннан келін ғана әйел қоғамның әбден ерікті және тең құқылы мүшесі болып өмір сүріп, еңбек ете алады. Бүкіл қоғамдық құрылысты негізінен қайта құратын бұл ұлы екі кезеңнің арасында өзара байланысты ішкі тәуелділік бар Өндіріс құралының жеке меншігін, қоғамдық меншікке айналдыратын пролетарлық, әлеуметтік революцияны жасау, капитализм құл етіп, эксплуатациялап отырған пролетарлардың, еңбекшілердің, дене еңбегі мен ой еңбегі қызметкерлерінің басым көпшілігінің ғана қолынан келе алатын және солардың қолынан келуге тиісті іс. Мұндай қабаттардың тең жартысы, тіпті кейбір елдерде жартыдан көбі, әйелдер. Сондықтан да пролетарлық революция әйелдерсіз жеңіп шыға алмайды және бұл революцияның мақсаты—социализмді, коммунизмді жүзеге асыру мақсаты—әйелдердің белсене қатынасуы болмайынша орнына келіп, қамтамасыз етілуі мүмкін емес.

Социализм арқылы бостандыққа жету еркектер үшін қандай болса, бұл іс сондай-ақ әйелдердің өз қолдарындағы іс. Егер әйелдердің қалың бұқарасы өзінің табы бір революцияшыл жолдастарымен бірге қол ұстасып, алдындағы құрбандықтардың қандайынан болса да іркілмел, саналы түрде пролетарлық революция үшін күреске ұмтылмаса, әйелдер толық бостандыққа және тең құқылыға жете алмайды.

Лениннің бұл принциптері большевиктердің барлық теориясы мен практикасын белгілеп берді. Большевиктер әуелгі күннен бастап-ақ, жұмыс істеген жерлерінің бәрінде, әсіресе өндірісті кәсіп орындарында, әйелдерді саналы, белсенді күш есебінде революциялық қозғалысқа тарту ісіне, орасан зор маңыз берді. Пролетар әйелдер үшін орыс тіліндегі бірінші кітапшаны, күрес жолында Ленинге жолдас болған және оның идеяларын терең түсініп отырған Крупская жолдастың жазғандығы өте даңқты іс. Большевиктер және Лениннің өзі II Интернационалда Германиядағы және өзге елдердегі солшыл жолдастарымен бірігіп, әйелдердің саяси

тең құқылысын пролетариаттың ең маңызды таптық талабы деп қарамайтын, қайта оны екінші кезектегі мәселе деп кейінге шегіндіруге тырысатын көптеген ірі партиялардың оппортунистік практикаларына қарсы күресті. Большевиктер қала мен ауылдың еңбекші әйелдерінің қалың бұқарасын буржуазиядан, таза капиталистік „демократиядан“ айырып алу үшін сол сияқты оппортунистік өзге партиялар мен ұйымдар ішіндегі өздерінің революцияшыл емес, тіпті контр-революцияшылдығы мәніне берілген, буржуазиялық „демократиямен“ тығыз байланысқан меньшевиктерден, есерлерден және өзге „халық достарынан“ қол үздіру үшін, буржуазиялық Ақпан революциясы мен пролетарлық қызыл Қазан арасындағы уақытты күшті жігермен пайдаланды. Большевиктер, жоқшылықтың ащы азабын тартқан әйелдерді патшаның, Корнилов және оның компаниясы бастаған ашық контр-революциясының қармағына іліктірмеу үшін сондай қажымайтын қайратпен күресті. Жоқшылықпен, зәбір-жапа шеккен еңбекшілер бұқарасының ісі болған жер жүзілік пролетарлық революцияны даярлап оны жеделдетуді тарих міндетіне артқан, большевиктер, әйелдер арасында өзінің агитатциялық және ұйымдастыру жұмысын екі есе, тіпті он есе жігермен күшейтуге тиіс болды.

* * *

Лениннің басшылығындағы, большевиктердің планды жұмысы ең әуелден бастап тамаша нәтиже берді. Помещиктерге, капиталистерге қарсы табанды күрес үшін, бейбітшілік үшін, нан үшін, бостандық пен тең құқылы үшін батыл күреске бел-байлап, „Барлық өкімет билігі советтерге берілсін“ деген ұран жазылған қызыл тудың төңірегіне топтанған әйелдердің саны фабрикаларда, шеберханаларда, сауда және банк мекемелерінде үздіксіз, тоқтаусыз өсе берді. Осы талаптарды қозғап, оның орындалуын совет өкіметінен үміт еткен ,,шаруа әйелдердің бұқарасы күн сайын ұлғайып, өндірістегі кәсіп орталықтарындағы жауынгерлік батылдыққа кенелген әйелдердің қатарына қосыла бастады. Ленин социалистік, коммунистік қоғам құрудың қажетті алғышарты—өкіметті революция арқылы қолға алып, советтік құрылысты орнату үшін күреске сигнал берген кезде, пролетарлық еңбекші әйелдер қал жерлерде болсын өз бауырларымен тізе қосып, алдыңғы қатарда күресті. Қызыл Қазанның жер жүзілік—тарихи жеңісі де солардың күресінің нәтижесі болды.

Адалдыққа адалдық. Совет өкіметі ірі помещиктерді және өндірісті кәсіптегі, сауда, банк, транспорт істеріндегі ірі капиталистерді экспроприяциялап, құл болған, эксплутацияланған әйелдерді және еркектерді барлығын азат ету үшін негізгі алғышарттарды жасады. Тұрмысты қорғап, жеңілдету және оны жақсарту үшін керекті ірі өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының бәрін совет өкіметі жеке меншіктен, қоғам меншігіне айнал дырды. Совет өкіметі әйелдердің толық тең құқылығын Совет конститутциясына жазып, бұл заң жансыз әріп қана болып қалмауы үшін керекті шараның бәрін істеді. Әйелдер жоғары, жауапты постыларға отырды; ана мен баланы қорғау үшін әйелдер басқарған үкіметтік айрықша мекемелер тағы басқалары және тағы сондайлар құрылды. Елдің тұс-тұсынан жиналған сан мыңдаған пролетар делегат әйелдердің, шаруа және еңбекші әйелдердің съезді совет өкіметінің және пролетарлық революцияның азаттыққа қолдары жеткен әйелдермен одағын нығайтты. Бұл съезд, оның аса зор маңызын, Ленин мейлінше батыл атап көрсеткен съезд әйелдерге толық азаттық және тең құқылы әперу, тек көрнекті әйелдердің қызметіне ғана толық азаттық әперумен ешуақытта тына алмалды деген,— большевиктердің жанымен жаны, қанымен қаны біте қайнасқан, марксистік принципті айқын көрсетіп өтті. Пролетар әйелдердің, шаруа әйелдердің және еңбекші әйелдердің қалың бұқарасы ешқандай құрбандықтарға іркілместен, мейлінше саналы, энтузиазммен, бостандық жолындағы жоғары өрлеген пролетарлық революцияға қызмет етуге тиіс.

Бұл одақта әйелдер жауынгер есебінде айбынды сыннан өтті. Бүкіл жер жүзінің контр-революционерлері революцияшыл жас Совет мемлекетін құрту талабымен өзара бірікті. Олар капитализмге жер жүзілік тарихи бірінші жеңіліс таптыруға ерлікпен ұмтылған айбатты еңбекші бұқараға, өзінің шексіз өшпенділігі мен өзінің қуатын білдірмекші болды, Капиталистік державалар жариялаған блокада, бұл бұқараны аштық, жалаңаштыққа және зор күйзеліске душар етті. Пролетарлық революция еліне интервенттер армиясы— француздар, ағылшындар, немістер, америкалықтар жапондықтар— тұс-тұсынан шабуыл жасады. Олар ақ-гвардейстік армиялардың қалдықтарымен бірігіп, елді қырды, бүтіндей облыстарды жайратып бос қалдырды; черносотендықтар, Чехословакия легионерлері албастыша елге зәрін шашты; түрлі-түсті контр-революционерлер—эсерлер, меньшевиктер, халықшыл социалистер т. сондайлар—шет елдік империалистермен бірікті. Шет елдермен бірге немесе оларсыз-ақ заговорлар мен покушение ұйымдастыра отырып, бұл мырзалар азық-түлік тиеген пойыздар мен ауыру, жарақатты адамдары бар транспорттарға жарылыс жасаудан да тайынған жоқ; олардың халық республикалары деп аталатын ,,демократия“ жағдайында пролетарларға, шаруаларға қарсы және советке тілектес деп шүбәға алған адамдардың барлығына қарсы барып тұрған жүгенсіздік ақ терроры зәрін шашты.

Жаңадан ғана құрылған Совет мемлекеті тіршілікті қиып, өлімге басын байлап контр-революцияның зәрін шашқан сұрапыл күшіне қарсы күресіп, оларды жеңімпаз түрде қиратып салды. Әйелдер дағдыда болмаған осындай күресте, сол кездің өзінде құрылған Қызыл армияның қаһарманынан ешбір қалыспал, зор саналылық, ерлік, жан қиярлықтың және революцияшыл қуаттылықтың өнегесін көрсетті. Олар интервенцияның және азаматтық соғыстың барлық майдандарында да постыда тұрды. Олар өздерінің артықша бағалылығын тек жараланған, ауыру адамдарды күтуде медбике болып істеумен ғана, тек жабдықтаудың аса маңызды ісін ұйымдастырушы болып қана көрсетіп қоймал, сонымен қатар Қызыл Армия ішінде саяси комиссарлар қызметін атқарумен және жаудың жаңбырдай түтеген ажалды оғының астында айқасқан жауынгерлер болуымен көрсетті. Қалалар мен ауылдарда миллиондаған әйелдер өздері үлкен күйзеліске ұшырап отырса да, Қызыл Армияны ың-шыңсыз, елеусіз жөнелтіп, оларды күтіп, көмектескендігі—жеңіп шығу үшін орасан зор, шешуші жағдай болды. Жеңіске энтузиазм мен, қайратпен ұмтылған ол әйелдер ез мұқтаждарын тіпті ойламастан, қызыл әскерлерге нанды, киім-кешекті, аяқ киімді және қару-жарақты молырақ жіберсек болғаны деп ерекше күш жігерді өршітті. Әйелдердің жанын салып істеген ерлік қызметі болмайынша, Совет республикасының шаруашылық және әкімшілік аппаратының жұмыстарын жөнге салуға мүмкін болмайтын еді. Әйелдер толық бағалы жауынгерлер есебінде бағаланды; капиталистік елдердегі империалистік соғыс тұсындағыдай әйелдер ағаш оқ деп есептелмеді.

Совет өкіметін күреспен жеңіп алу дәуірінде болсын, Совет мемлекетінің өзін өмір сүргізу үшін күресте болсын, Лениннің әйелдер қатынасқанда ғана пролетарлық революция жеңіп шыға алады деп айтқаны толық шындыққа шықты.

Қызыл Қазан тұсында қабындаған жалынды энтузиазм атмосферасы және өздерін жер жүзі пролетариатының революцияшыл авангарды екендігін, насаттанып мойындау жеңушілердің жоғары сатылы қайраты мен творчестволық қуатына стимул болды. Мүлде болуға мүмкін емес дегеннің бәрі де осылайша болып шықты: советтік құрылысты жасап, оны ішкі сыртқы улы жаудан қорғауға зор күш жұмсаумен бірге социализмді ғылыми негізделген теориядан бүкіл қоғамдық құрылысты белгілейтін экономикалық практикаға айналдыруға алғашқы шешуші адымдар жасалды.

Бүкіл ескі әлемді қиратқан бұл мақсатқа большевиктердің мейлінше аңсары қуды; Лениннің құрыштай принциптері мен оның данышпандық көрегендігінен басшылық алған большевиктердің қызметі осы мақсаттың айналасына жұмсалды.

Революция не ғұрлым контр-революцияны жеңгендігіне қарай социалистік құрылыс, барған сайын қарыштап құлаш жайды; бұл құрылыс барған сайын планды, орасан ұлы, жеңімпаз құрылыс бола берді, Бұл құрылысқа қатынасушылардың барлығы—қиялдан көргіш архитекторлар да, мастерлер де, жай жер қазушылар да, каменщиктер де— күн сайын, сағат сайын үлкен қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіп, творчестволық өрлеуге шындап, барлық күшін сарқа жұмсауға тура келді. Гиганттық құрылыс әлі аяқталған жоқ, ол құрылысты бекіндіретін тапсыз қоғам әлі құрылған жоқ. Алайда, ол құрылыс сондай берік негізге еніп, қазірдің өзінде кең өрістегендігі сондай, әйелдерді толық азат етіп, оларға тең құқылы берудегі Лениннің өсиетінің қалай орындалып жатқандығын бүкіл жер жүзі әйелдері көзімен көре алады. Бұл құрылыс бүкіл жер жүзінің ынтымағы жағдайында адам баласының жеке басының азаттығын қамтамасыз етеді. Бір-біріне қастық жойылады, әркім өзге адамға „жақын“ болады. Адамды адамның эксплуатациялауы, құл етуі болмаған жағдайда, әйел тек үй шаруасының мүдделері үшін ғана өмір сүре алмалды: ол толық бағалы қызметкер болуға тиіс, өзі тең құқылы мүше болып отырған жаңа құрылысты жасаушы болуға тиіс.

Капитал билігіндегі өндірісті кәсіпті, аграрлы елдердің миллиондаған еңбекші әйелдердің басындағы қайғылы күнмен салыстырғанда айырма қандай Ешқандай тиюға да, босаңсытуға да мүмкіндігі жоқ, өліп бара жатқан капитализмнің жер жүзілік экономикалық кризисінің жолбикесі болған ауыр азапты жоқшылық, дәл әйелдерге ерекше қатты, алаусыз соққы беріп келеді, өйткені олар, дағдыда, әлеуметтік жағынан әлсізірек, қарсылық етуге еркектерден гөрі шамасы келіңкіремейді, еркектерден гөрі санасы аз, ұйымшылдығы аз, құқықсыздығы басым. Таптық езудің екі жақтан берген тепкісі және кризис жағдайларындағы тұрмыстық құқықсыздықтың ауыртпалығы дәл әйелдерге ерекше күшті түсіп, олардың тек тіршілік хәліне ғана емес, тіпті олардың психикасына қанқұйлы із қалдырып отыр.

Капиталдың жұмыссыз және жоққа тән еңбек ақы алатын күңдері де, капиталистер тонап отырған кустар әйелдер де, шаруа әйелдер де — міне осылардың бәрі де әрі жұмысшы күші есебінде, әрі әйел есебінде екі есе қорғансыздықта. Әйелдердің қалың бұқарасының адам айтқысыз жоқшылық көргенін проституцияның (жез өкшелік) өте көп, қауыпты түрде өсуі толық сипаттайды, бұл проституцияның көлемінің тіпті шамамен жазылған мәліметін де ресми статистикалар бергісі келмейді. Тіркелген профессионал проституткалармен қатар бақытсыздыққа ұшыраған әйелдердің қалың бұқарасы, еңбегі аяусыз эксплуатацияланудың салдарынан қамтамасыз етілмел бір тілім нан үшін көлденен табыс табу есебінде лажсыздан уақытша немесе түпкілікті проституциялыққа ұрынады.

* * *

СССР-дағы әйелдердің хәлі олардың қоғамдық қызметке қатынасуының үздіксіз өсуімен сипатталады, мұның өзі олардың дене күшін, ұждан күшін, олардың қабілеттілігі мен таланттарын дамытады, СССР-дың шаруашылық тіршілігіне және қоғамдық тіршілігінің өзге тарауларына қатынасып жүрген әйелдердің саны үздіксіз өсуде. Патшалық Ресейдің бүкіл өндірісті кәсібінде 1913 жылы 635 900 жұмысшы әйел болса, 1933 жылы бұл әйелдердің саны и 720 700 болып өсті. 1913 жылы Ресейдің бүкіл жұмысшы табының 24% әйелдер болса, 1932 жылы бұл 33 процентке жетті. Жұмыс күнінің мезгілі 7 сағат болып, жұмыс жетілігі 6 күнге түсті. Социализм әйелдерді елдің шаруашылық тіршілігіне тартқанда еркектердің конкуренті есебінде, олардың жалпы еңбек ақы дәрежесін төмендетуге ықпал ету үшін тартып отырған жоқ. Әйелдер саналы және белсенді түрде қатынаспайынша социализм құруға болмалды. Әйелдің бостандығы мен тең құқылығы, оны тең бағалы қатарға қосудың өзі, оның ішіндегі ілгеріде қарналып жатқан қабілеттері мен күшінің творчестволық дамуын жеңілместік қайратпен ілгері бастырады. Тең бағалы жұмысшы әйел, қызметші әйел өндірісті кәсіпте де, қоғамдық тіршіліктің барлық тарауларында істеген еңбегіне өзінің жолдасы— еркекпен—бірдей еңбек ақы алады.

Сол тәрізді, жылына екі жетілік демалыс алуға правосы бар. Ауыр дене еңбегін керек қылатын өндіріс тарауларында, әсіресе денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде демалыс бір айға, тіпті алты жетіге де созылады. Өндіріс орны демалыс уақытының еңбек ақысын толық береді, оның үстіне, жүз мыңдаған жұмысшы әйелдер мен жұмысшылар демалыс уақыттарында, олардың ілгергі күшті иелері байлардан үкімет тартып алған виллаларда, жақсы үйлерде орнатқан демалыс үйлерінде тегін демалыспен пайдаланады. Әр қилы амбулаториалардың, диспансерлердің, түнгі санаториялардың, демалыс үйлерінің, ауыруқаналардың тағы сондай мекемелердің саны үздіксіз өсуде, ауырған немесе ауыруға таялған жұмысшы әйел осы мекемелерде дәрігерлердің тегін көмегі мен кеңесін алып отырады. Ана мен баланы қорғауға бағытталған арнаулы заң бар. Болашақ баланың анасы босанғанға дейін және босанғаннан кейін демалыс алып, оның еңбек ақысы толық сақталатындығы қамсыз етіледі. Өндіріс орындарында жасалған балалар яслиі және баланы ұйықтататын тамақтандыратын бөлмелер сол тәрізді толып жатқан мекемелер баланың нағыз балдыр кезінде де күтіп бағылуын анаға жеңілдетеді. Әртүрлі әлеуметтік тұрмыстық мекемелер әйелдердің еңбек ақысынан ақша ұстап қалу есебінде емес, өндіріс орындарының есебінен қаржыланады.

Ғылыми институттар мен ғылыми адамдар әйелдерге еңбек ету шартының қандайы өте қолайлы екендігін зерттейді; олар жұмыс істеу заңын осыған сай етіп жасау үшін түрлі профессиядағы әйелдердің еңбек өнімділігін зерттелді.

* * *

Пролетарлық диктатураның және социалистік құрылыстың үкіметі әйелдерді өндірісті кәсіпте мамандығы жоқ немесе білімі аз жұмыс күші есебінде жұмыс істетуді, оларды қызғылықсыз, еңбек

ақысы нашар жұмыста ұстап отыруды тілемейді және тілей алмалды Бұл үкімет әйелдердің өсуін талап етеді және оның өз мамандығын ең жауапты профессияға делін жеткізе арттыруына көмек етеді. Социалистік шаруашылық үшін тек ондағы істейтін әйелдердің саны ғана емес, сонымен қатар олардың жұмысының сапасы мен сипаты да шешуші нәрсе. Жұмысшы әйел мен қызметші әйелдің жал фабрикалық мектептен бастап, университетке делін, профессиялық білімді болсын, жалпы білімді болсын тегін алуына барлық мүмкіндіктің жолы ашық. Оқушының оқығаны үшін ешқандай ақы алынбайтындығы былай тұрсын, тіпті оқушы оқуымен қатар стипендия алады. Түрлі мектептерде, жоғары дәрежелі оқу орындарда тағы сондайларда әйелдерге әдейі белгілі орын бөлінген. Оқушы әйелдер процентінің үздіксіз өсуі өндірістегі әйелдердің білімге тайынбай ұмтылғандығын дәлелдейді. Азғана уақыттың ішінде, 1928 жылдан 1932 жылға делін, рабфактарда оқитын әйелдердің проценті—16,6 дан 30 ға дейін өсті, техникумдарда—37,6 дан 40 процентке дейін, жоғары дәрежелі техникалық оқу орындарында —13 тен 17,9 процентке дейін өсті. Әйелдердің прораб, мастер, техник және инженер рөлінде қызмет істеуі советтің өндіріс, кәсіп орындарындағы күнделікті, дағдылы ісі болып алды. Барлық жоғары дәрежелі оқу орындарындағы оқушы әйелдердің саны көп екендігін айта кету керек. Мәселен, медицина факультеттеріндегі оқушылардың ішінде әйелдер 1928 жылы 52% болса, 1932 жылы 68,3% болды. 1932 жылы педагогика факультеттерінде оқитын барлық оқушының тең жартысы әйелдер болды. Егер барлық вуздарды түгел алсақ, барлық оқушылардың 28,9 проценті әйелдер болды. Әйелдердің мектептер мен университеттерге орасан көп ағылуы қызыл Қазанның табысы екенін көрсетеді; конкуренциядан қорқу және еркектердің привилигиялы дәрежесі, төменгі жыныс деп аталған әйелдердің түрлі профессияға енуіне ендігі жерде бөгеу бола алмайды.

Советтің өндіріс кәсібінде істеп жүрген әйелдер тек темір мен болатты жасап қана қоймайды, олар жұмыстас жолдастарымен бірге өздерінің өмірі мен еңбегінің жағдайын жасайды. Ол — өндіріс орындарындағы завкомның, месткомның және өзге қоғамдық ұйымдардың толық праволы мүшесі; ол — өз профсоюзының толық праволы мүшесі. Бір орталыққа бағынған профсоюздан әрине, өз мүшелерінің мүдделерін цехтық көлемінде ғана емес, профессиялық мүдделерін толық қорғайды. Бұл профсоюздар сонымен бірге пролетариаттың халық шаруашылығындағы таптық ортақ мүдделерінің өкілдері болып табылады және совет мемлекетінің өзге органдарымен бірлесіп экономикаға және еңбек жағдайына терең ықпал етеді. Профсоюздарға өндірісті кәсіп жұмысшылары ғана ұйымдасып қойған жоқ,—профсоюздарға барлық профессиялардың өкілдері: оқытушылар, дәрігерлер, юристер, ой еңбегінің барлық қызметкерлері ұйымдасқан. 1928 жылы Советтер Союзының барлық профсоюздарындағы әйелдердің үлесі ширектен астам—26,7%, немесе 2 935700 адам болған еді. 1932 жылы профсоюзға ұйымдасқан әйелдердің саны 4 899 300 адамға жетті, немесе 29,7% өсті. Осы цифрлардың бәрі, егер әсіресе әйелдердің, еңбектің барлық тарауларында істеп отырған орасан көп жұмыстарына зер салатын болсақ, ұйымдасқан әйелдердің проценті әлде болса жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Мұнда пропаганда ісін әлде болса жігерлі түрде өрістету керек. Делегат әйелдер қозғалысы да, керемет мүлтіксіз өскендікті көрсетеді. 1932 жылы делегат болып сайланған әйелдердің саны, 1923 жылғы 95 мыңмен салыстырғанда, 2 200 мыңға жетті. Бұл делегаттардың соңында миллиондаған әйелдер — социалистік түрлі құрылыстардың, мұның ішінде үй шаруашылығындағы әйелдердің де өкілдері бар. Делегат әйелдердің жиналыстары әйелдердің қалың бұқарасын қоғам тіршілігіне ұмтылдырудың, оларды ,,саясаттандырудың“, оларды жаңа құрылымен және оның мекемелерімен тығыз байланыстырудың тамаша құралы екендігін тәжрибе көрсетті. Бұл жиналыстар әйелдерді қоғамдық қызметке даярлаудың тамаша мектебі болып табылады. Елдің қоғамдық және шаруашылық тіршілігінің түрлі тарауларындағы басшы әйелдер екінің бірінде осы делегат әйелдердің арасынан шығып келеді.

Советтер Елінің ауылдарында миллиондаған кустар әйелдер жұмыс істелді. Олар еңбек етудің алғашқы формаларын қолданып, әлде болса ішінара өндірістің жабайы құралдарын пайдалана отырып, жіп иіреді, тоқиды, кесте тігеді, сурет салады. Олардың шебер қолымен істелген творчестволық фантазияларының кейбір шығармалары, тақу өнеріндегі жоғары дәрежелі искусствоның нағыз үлгісі болады. Өте сұлу әдемі кілемдер, перделер, шілтер, шаруа костюмдері тағы басқалары көркемдік жағынан өте бағалы өнер болып табылады.

Совет үкіметі миллиондаған кустариардың тұрмысы мен жұмыстарына тиісінше көңіл бөлуде. Совет үкіметі олардың тұрмысы мен еңбегінің жағдайын негізінен жақсарту үшін, олардың тіршілігі мен тұрмысын саяси және әлеуметтік жаңа құрылымен байланыстырып, оларды социалистік құрылыстың ұлы қарқынына қатыстыру үшін барлық күшін жұмсап отыр. Совет өкіметі тарихи болған жағдайларды ескере отырып, кустариарды артелдерге біріктіріп, бұл ұйымдарды барынша қолдауға тырысуда. Үкімет кустариарды кемеліне жеткізілген құрал-саймандар және машиналармен жабдықтап, оларға басшылар мен басшы әйелдер, нұсқаушылар мен нұсқаушы әйелдер, ірі суретшілер, жіберіп отырады. Ауылдың кустар өндірісі техника-экономикалық жөнінен мешеу болғандықтан, бұл мешеулікке, артта қалушылыққа шек қойылуға тиіс, бұл өндірісті әлде қалда биік сатыға көтеру керек. Көркемдік жағынан жоғары дәрежеде бағаланатын жердегі, бұл өндіріс кәсібіне совет үкіметі көңіл бөліп, оны көркейте беруге тырысып отыр. Кустар өндіріс кәсібі басым аудандарға, кустарлардың тұрмыс және мәдени дәрежесін көтеруге жәрдемдесетін мекемелер құруға арнаулы қаржылар жіберіліп отыр. Кустар әйелдер үкіметтің берген қаржыларының бәрін: лекцияларға, курстарға, балалар бақшасына, балалар аларына тағы басқаларына пайдаланып отыр. Пролетарлық революция оларға бостандық пен тең құқылы әперді және нақ сондай олардың өсіп, өркендеуіне мүмкіндік беріп отыр.

* * *

Біздің коммунизмді жүзеге асыруға құлшына ұмтылуымыз, қызыл Қазан шаруа елінде пролетариат диктатурасын орнатқандығына көз жұмдырмауға тиіс деп Ленин сан рет атап айтқан болатын. Еңбекші бұқара 1917 жылы өзінің ұлы азаттық күресін жеңімпаздықпен аяқтаған кезде, революция жалыны шапшыған байтақ елімізде ауыл шаруашылығының негізгі формасы, ең ұсақ шаруадан бастап, кулак шаруасына дейін түрлі тұлғалы шаруалар болып келді. Соғысқа және помещиктерге өшпенділік барлық шаруаларды күреске жұмылдырды, оның үстіне, кулактардың пролетарлық революцияға өте дұшпандық көзқарасы сол кездің өзінде-ақ мәлім еді. Коммунизмнің жеңісті салтанат құруы үшін өндірісті кәсіпте, сауда да, транспортта және банк ісінде корнандалық жоғары орын алу жеткіліксіз, тек бірғана өндірісті кәсіпті социалистік рухта қайта құрудың өзі жеткіліксіз. Социализмнің түпкілікті жеңуі үшін коллективтендіру негізінде, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың барлық табыстарын пайдаланып, өндірістің анағұрлым жаңа, анағұрлым жетілген барлық құралдарын пайдаланатын ірі өндіріс негізінде ауыл шаруашылығын әлі социалистік жолмен реконструкциялау ісін жүргізу керек. Ал ауыл шаруашылығын социализациялау шаруалардың жеке шаруашылығының ілгеріде өмір сүруімен сиыспайды.

Бұл шаруашылықтарды біріктіру — бүкіл советтік экономиканың мәселесі ғана болып қоймай, ол кедей шаруалар мен орта шаруаларды шамадан тыс бейнетпен еңбектің азабынан құтқару үшін өте керекті алғышарт болып табылады, ол шаруашылықтарды біріктіру халықтың осы қалың бұқарасын тұрмыс пен мәдениеттің анағұрлым биік сатысына көтерудің шарты болып табылады. Тұрмыс пен еңбектің шарттарын негізінен өзгерту кедейлердің және орта шаруалардың бүкіл жекешелік эгоистік психологиясын—оның көп ғасырлар бойындағы экономикалық және әлеуметтік құрлымыммен тамыры айқасып жатқан психологияны радикалды түрде өзгертуге әкеліп соғуға тиіс. Сан миллиондаған еңбекші шаруалар өзінің тар көлемді, эгоистік мүдделерінен безуге тиіс. Олардың сана-сезімі мен мінез-құлқы жұртшылық рухына, ынтымақ рухына, орнатылып жатқан социалистік құрылыстың мүдделеріне бөленуге тиіс. Социалистік жағынан есейіп жетілген қалалар мен өндірісті кәсіпті орталықтардың пролетариаты мен еңбекші шаруалардың одақтасуы, бауырласуы бұлар үшін жалғана, тиімді одақтасу болып қана қоймауға тиіс. Олар өздерінің барлық жаратылысын негізінен өзгертуге тиіс, олардың барлық қызметі социалистік мазмұнға бөленуге тиіс. Мұның барлығы да бұрын болып көрмеген, өрісі кең және тамыры терең экономикалық және мәдени революцияны керек қылады. Бұл революцияны жүзеге асыру, орасан зор міндет болып табылады, мұндай міндетті бірде-бір халық, бірде-бір басшылық етуші партия кездестірген емес. Бұл тәрізді міндетті адам баласының тарихы әлі кездестірген емес, оның алдында таудай-таудай сыртқы және ішкі қиыншылықтар мен кедергілер тұр. Бірақ БК(б)П ның басшылары ауыл шаруашылығын социалистік жолға салу жөнінде, барлық күш-жігерін салып, тайсалмай жұмыс істеп жатыр, бұл жұмыс қай жағынан алсақ та ойдағыдай болып жүргізіліп жатыр.

Ауыл шаруашылығын социалистік жолға салу ісі тасқындап ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұрын жан баспаған жапан түз сыңсыған көк орайлы шалғынға — техниканың соңғы жаңалықтарымен құралданған гигант совхоздарға айналып отыр. „Қызыл комунналар“ құрылып, бұлардың кей біреулері гүлденген тамаша табыстарға жетуде кедей және орта шаруаларды коллективтендіру және осының негізінде кулактарды тап ретінде жойу коллективтендірілген ауыл шаруашылығы үстем формаға айналып, қарыштап алға сасып отыр. Ауыл шаруашылығында да әйелдердің толық бостандық алып тең құқылы болуы үшін керекті экономикалық негіз кеңейіп, нығатып келеді. Миллиондаған колхозшы әйелдер мен жүз мыңдаған жұмысшы әйелдер колхоздарда, совхоздарда жұмыс істеп отыр. Бірақта қазір бұл әйелдер дворян помещиктер мен кулактардың жанышталған күңдері емес. Олай емес. Бұл—жұмыс істей отырып, барған сайын анағұрлым биік сатыға үздіксіз өрлеп бара жатқан азат және тең құқылы еңбекші әйелдер. Жас қыздар тракторды, ауыл шаруашылығының күрделі машиналарын өте жақсы басқарып отыр. Ауыл шаруашылығындағы жұмысшы әйелдерде өндірісті кәсіптегі өздерінің апа-сіңлілері сияқты еңбек қорғау заңымен пайдалануда, мұнда, әрине, ауыл шаруашылығының спецификалық жағдайлары ескеріліп отырады. Совхоздардағы жұмысшы әйелдер өзінің ақыл-ой, мәдени дәрежесін көтеруге ұмтылуда. Олардың социализм орнату ісіндегі өсіп келе жатқан рөлі, энтузиазмі олардың екпінді бригадаларға жаппай қатынасуынан ерекше көзге түсіп отыр. Әйелдер көбінесе „қызыл комунналардың" иницияторы және ұйымдастырушысы болып, бұларды ойдағыдай өрістету үшін жігер салып күресіп отыр. Олар ездерін коммунистка, революционеркамыз деп, бүкіл жеке тұрмысты, қоғамдық тұрмысты қайта жасау өздерінің үлесіне тиген жұмыс деп насаттанып мойындайды.

Ауылдың бейнесін қайта өзгертетін жаңа тұрмысқа сансыз миллиондаған кедей және орта шаруа әйелдердің соншалықты саналы түрде қатынасуының көлемі қандай? Олар бүкіл шаруашылықты, қоғамды, мұның ішінде ауыл шаруашылығын да социалистік жолмен реконструкцияламайынша өздерінің толық азаттыққа жете алмайтынын біле ме? Осындай тамаша, ентелеген мақсат, олардың жігерін, энтузиазмін және қайратын шаруаларды коллективтендіру үшін күреске және осының негізінде ескірген көз қарастарды, әдеттерді, құлықтарды, салттарды және тұрмыс құрлымын негізінен қайта жасау үшін күреске ұштастыра ма? Бұл сұрауларға берілетін жауаптардың аса зор маңызы бар екендігі өзінен-өзі аян.

Пролетариат диктатурасының, социалистік құрылыс елінің бітіспейтін жауларының „тілегі— ойларының атасы олар: коллективизацияға қарсы пиғылдағы мыс дейтін шаруалардың „қасарған маңдайына“ большевиктер соқтығады мыс деп дәмеленеді. Олар пәлен округте шаруалар Англияның машина бұзушыларына ұсап, тракторды қиратыпты мыс деген өздері ойларынан шығарған сандырақ қабарды таратады. Барлық елдердегі бұл мырзалар — ең алдымен реформистік көсемсымақтар — көптеген ауылдар мен аудандарда шаруа әйелдер белсенді рөл атқаратындығын, бұл әйелдер ауыл шаруашылығын коллективтендіру үшін, жаңа революцияшыл дүние танушылықты жасау үшін, тұрмыстың жаңа формаларын жасау үшін аса зор батылдықпен, жігермен, энтузиазммен күресіп жатқандығын көре тұра үндемейді. Көптеген ауылдарда шаруа әйелдер тіпті „оқиғаны басып өтті“, олар кооперативтік ретпен өздерінің күшімен коллективтік мекемелер: ясли, балалар бақшасын, көпшілік асқаналары мен кір жуатын орындар жасап алды. Әйелдер өздерін коллективтегі азат ететін жұмыстың қимылын ерекше реалды түрде сезіп-біліп отыр: балаларының қамын ойлаумен жүретін мәңгі бейнеттен, үй шаруасы жөніндегі әр қилы ,,әйел“ жұмысына байланысты ұшы-қиырсыз жұмыстан қазіргі кезде азат болған әйелдердің егіс далаларында, пішен жұмысындағы, огородтар мен бақшалардағы, астық сарайлары мен атқоралардағы еңбегі әрі жеңіл, әрі жемістірек болып отыр.

Пролетарлық революцияның атмосферасы ауылға еніп барады және бұл атмосфераның күші дауыл тәрізді, көтерілген толқынды ілгері айдап отырады. Әсіресе қаланың өндірісті кәсіп пролетариаты мен тығыз байланысты болуының арқасында шаруалар өндірісті кәсіптің қаулап өсіп, қарыштап ілгері басуының күшті ықпалында және пролетариаттың бүкіл рухани, материалдық тұрмысының революцияшыл ықпалында болып отыр.

Совет құрылысы қалың еңбекшілер бұқарасының қолына жаңа экономикалық, әлеуметтік тұрмыстың жағдайларын жасауы үшін саяси билік беріп отыр. Совет құрылысы ауылдарда білімнің әсерін күшейтіп отыр. бұл білімді совет органдары, компартия, профсоюздар тағы басқалары ұйымдастырып берген жалпы және профессиялық білім беретін толып жатқан мекемелер қанағаттандырып отыр. Өзінің сауатсыздығын жойған әйелдер 1924,25 жылы 508 900 ден 193и/32 жылы 7 929 200 ге жетіп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде 15 миллион шамасы әйел сауаттанды, бұлардың басым көпшілігі шаруа әйелдер, Шашына ақ кірген шәкірт әйелдер сөздерді керемет қиыстырып оқып, жазуды үйреніп отыр; шаруа әйелдер ауыл шаруашылығы мәселесі жөніндегі лекциялар мен баяндарналарды ынта қойып тыңдап, курстарға, көрмелерге, музейлерге қатынасып жүр. Колхоздарды өркендетуде жан-тәнімен жұмыс істеп жүрген ғылыми жөнінен дайындалған агроном әйелдердің де саны өсуде. 1932 жылдың өзінде ақ, ауыл шаруашылық вуздарындағы барлық оқушылардың 29% әйелдер болды. Көптеген студенткалар вузға тура сиыр сауып жүрген жұмысынан келді. Жалықпай түсіндіру, „іс жүзіндік пропаганда“ арқылы кедей және орта шаруа әйелдердің бүкіл психикасын социалистік альтруистік бағытта қайта өзгерту үшін барлық жағынан да алғышарттар жасалып жатыр. Басталып отырған төңкеріс миллиондаған әйелдерді, олардың қабілетін құрсаған және олардың рухани күшінің өсуіне мүмкіндік бермеген, езілушілік хәлден азат етіп отыр. Олар үздіксіз өсіп, социалистік құрылыстың белсенді қатынасушысына айналып отыр. Ол әйелдердің „шаруалар еліндегі“ қайраты мен қызметі — Лениннің пролетарлық революцияның әйелдердің азаттық қозғалысымен одағы социализмнің жеңуін қамтамасыз етеді деген идеясын жүзеге асыруда шешуші рөл атқаруы керек.

* * *

Ірі өндіріс құралдарының жеке меншігін білмейтін, шаруашылық пен қоғамда творчестволық өнімді еңбекпен айналысатын, тең құқылы және тең бағалы әйелдердің қызметі әйелдерді еркектердің менгеруі мен үстемдігінен азат етудің ең керекті, ең берік негізі болып табылады. Әйелдердің бұл қызметі әйелдің өз басын және өз тұрмысын билеу правосын, заңдардың қандай мұқиятталып жазылған мақалаларынан гөрі анағұрлым жеткілікті түрде қамтамасыз етеді. Революциялық экономия негізінде ері мен әйелінің арасында, еркек пен әйел жынысы арасында, тіпті ата-аналары мен балаларының арасында, ұлы, кіші жеткіншектердің арасында жаңа, революцияшыл қарым-қатынастар жасалып отыр. Шаруашылық және қоғамдық қарым-қатынастар мен көзқарастардың эволюциясы буржуазиялық елдердің барлығында да жеке меншікке және патриархатқа негізделген неке мен отбасының көріне іруіне әкеп соғады, мұның өте-мөте айырықша сипаты еркектер мен әйелдердің екі бөлек моральі: еркектердің некеленгенше және некеленгеннің өзінде жыныстық тұрмысының толық бостандығы, тіпті азғындық істеуіне бостаншылық берсе, әйелдердің жыныстық тұрмыс сферасына қатаң шек қойылушылық болып отырады. Буржуазияның „тәртіпті“ некесінің даусыз бүлінуі жиіркенішті құбылыстарға кездесіп отырады. Капиталистік елдердің көпшілігінің заңдары, салып келгенде, әсте мораль және өзге әлеуметтік құнды нәрселердің меншігін қорғау мүдделерін емес, жеке меншікті қорғау мүдделерін басшылыққа ала отырып, буржуазиялық неке мен отбасыны сақтауға барлық шараларды қолданады. Бұл капиталистік елдердің заңы әйелдердің толық тең құқылығын үзілді-кесілді теріске шығарып, толық құқықсыз, тіпті мүлдем құқықсыз санап, әйелді тіпті жасқа толмаған балаға ұстатып еркектің қарамағына бағындырады. Капиталистік елдердің бірсыпырасында некеленуді және айрылысуды оңайлататын реформа жүрген жоқ, сондықтан ерлі-зайыпты адамдар айырылысу үшін сондайлық толып жатқан жексұрындық формалдыққа ұшырауға тиіс болады, олар өздеріне жиі-жиі кездесетін кедергілерді жеңуге шамалары келмейді.

СССР дағы отбасылық және некелену правосы әлеуметтік жағдайлардың негізінен өзгеруімен, адамдардың қайта өзгеруімен әбден сай келеді. Отбасылық және некелену правосы да, осы соңғы айтылғандар сияқты, қарыштап дамудың негізінде болып отыр. Бұл право әлі түпкілікті формасына жетпегенмен де, дегенмен қазірдің өзінде ақ правоның доминионы жалпы сипатты белгілері алқын көрініп отыр. Еркек қандай правомен пайдаланса, некелі және некесіз әйел сондай правомен пайдаланып отыр. Еркектер мен әйелдер үшін екі бөлек жыныстық мораль жоқ. Некелену және айырылысу адамның өз басының, жеке басының ісі болып есептеледі, мұның ешқандай заңдық және бюрократтық формалдықтармен байланысы жоқ. Өкімет орындары некеленушілер мен айрылысушыларды тіркеп отырады, бірақ әсте ешқандай қысым жасарналды. Совет заңы ана әйелге жана оның баласына алимент алуға кең праволар береді. Бала өз әкесінен алимент алуға тиіс. Совет мемлекетінің отбасылық және неке правосы дүние жүзіндегі нағыз маңдай алды право болып саналады; бұл право әйелге өзін құрсаған жыныстық күңдігінің бұғауын бытшыт етіп бұзуына мүмкіндік береді.

Социалистік құрылыс мемлекеті өзінің экономикасы мен қоғамдық құрылысында әйелдердің толық бостандығы мен тең құқылығына мызғымайтын негіз қалаумен ғана қоймайды. Бұл мемлекет, Конституция бойынша да, жұмысшы правосы бойынша да, отбасылық право бойынша да және Советтер Союзының тағы басқа заңдары бойынша да бір адамға екінші адамның ежелгі үстемдігін жойу мен ғана тынып қоймайды. Совет мемлекеті өзінің шын мәніне қарай, өзінің мақсаттарына қарай, әйелдердің азаттығы мен тең құқылығы ілгерілеп анағұрлым конкретті, реалды, көзге көрнекті болуы үшін ұмтылады, әлде де ілгері ұмтылуға тиіс. Совет мемлекеті қоғамдық мекемелерді құрып, оларды белсене қолдап отыр. бұл мекемелер әйелдердің қаражаттарын, уақытын, әсіресе әйелдердің еңбегінің үй шаруасындағы ысырап болуына шек қоюға тиіс. Қызыл Қазаннан бергі жерде барлық жерде де жергілікті советтер мен еңбекшілер коллективтері ұйымдастырған кір жуатын орындар, аяқ киім жамайтын, киім бүтіндейтін шеберханалар жасала бастады. Көпшілікті тамақтандыру орындары қанат жайып өсті. Фабрикалардың, заводтар мен мекемелердің көпшілігінде, барлық мектептер мен оқу орындарында, жұмысшы кварталдарының бәрінде де көпшілік асқаналары мен фабрика-кухнялар жасалып отыр. Кейбір жерлерде түскі тамақпен таңертеңгі тамақты тіпті үлге апарып беру ұйымдастырылды. 1929 жылы көпшілік асқаналары мен фабрика-кухнялар үйге 2 миллион порция тамақ жіберген болса, 1932 жылы —27 300 мың жіберді, ал 1933 жылы 36 миллион болып проект жасалып отыр. 1929 жылы көпшілікті тамақтандыру орнымен 730 мың адам пайдаланса, 1932 жылы—кемінде ии 500 мың адам пайдаланды, ал 1933 жылға 15 миллион адамды қамтуға проект жасалып отыр. Сөйтіп әйелдер кухняның, кір жуудың езуінен және еркектер үшін тым лайықсыз төмен саналатын, әйелдер үшін аты шулы „толық бағасыздығы“ мен бүркеп сылтаулайтын жүздеген өзге уақ-түйек „әйел“ міндеттерінен азат болады. Бұл күнделікті үй шаруашылығының қамын ойлау капиталистік елдердегі әйелдердің баға жетпейтін жігерін жоқ нәрсеге ысырап етіп, оның әсерлі шабытын, оның қанатын қомдап, жоғары шарықтауға ұмтылған таудай талабын құм қылады. Советтер Союзында әйел қоғамның тең құқылы, тең бағалы, еңбек ету қолынан келетін мүшесі есебінде өзінің қабілеті мен күштерін толық көрсете алады; оның қолы жеткен табыстарының маңызы, қоғам үшін қазірдің өзінде ақ азат әйелдердің ілгеріде өсетіндігін күн бұрын жариялауға мейлінше толық екендігі көрініп отыр.

Бүкіл Советтер Союзында барған-сайын көбейіп, жетіліп кележатқан әлеуметтік қамсыздандыру және ана мен баланы қорғау мекемелерінің қалың желісі тұтасып отыр. Бұл мекемелердің саны және қоғамдық маңызы жылдан жылға өсуде. Бұл мекемелердің беріп отырған жәрдем көмектері капиталистік елдердегі жаңа босанған әйелдерге, еңбекшінің отбасысына, тіпті халықтың азды-көпті хәлді қабатына жататын адамның отбасысына шама келгенше берілетін көмектердің бәрінде үздік артта қалдырып отыр; бұл мекемелердің жәрдемі буржуазиялық қоғамның, әлеуметтік шаралар арқылы, отбасының барған-сайын күшейе іруін тоқтатуға тырысқан бишаралық әрекеттерінің бәрін де әлде-қайда артқа тастап отыр. Мұны СССР-да балалардың тууының кемімегені былай тұрсын, тіпті үздіксіз өсіп отырғандығы толық дәлелдейді.

1917 жылы Ресейде бар болғаны 5 854 төсек-орын бар 744 әйелдер босанатын үй болса, 1930 жылы ол үйлердің саны 3854 ке жетіп, олардағы төсек-орындар 35 704 болып отыр. Соңғы жылдардың ішінде әйелдер босанатын үйлер мен пролетардың саны тағы көбейді. Тек қалалар мен өндірісті кәсіп орталықтарында ғана емес, тіпті селолық жерлер мен аудандарда да әйелдер босанатын приюттар мен үйлердің, яслилардың тағы басқаларының саны өсіп келеді. Бұл мекемелердің санынан гөрі, олардың қалың әйелдер бұқарасына орасан зор тәрбие ықпалын көрсететін жұмысының өзі аса маңызды болып отыр, Мәскеудегі тонып жатқан өзге тамаша мекемелермен қатаң техниканың соңғы жаңалықтары бойынша сайынған әйелдер босанатын үйде бар. Бұл үй бүкіл СССР-дың әйелдер босанатын үйлері үшін көмекті үлгі болуға тиіс және тонып жатқан буржуазиялық елдер үшін өнеге болатындығы күмәнсіз.

Дәрігерлер басқарып отырған тонып жатқан консультациялардан әйелдер заң, медицина жатынан кеңестер ала-алады. Балалардың аналары ол консультациялардан жаңа туған балаларын қалай күтіп бағу жөнінде, кішкене балаларын қалай күтетіндігі жөнінде нұсқаулар алады, олар өзінің балаларына керекті жәй дәрі-дәрмектер мен сүтті сол консультациялардан алып отырады. 1930 жылы бір ғана Мәскеудің өзінде, осы консультацияларға 13 538 әйел қатысты. Вокзалдар мен площадкаларда емшек балалары мен жас балаларға ,,сүт“ ішкізетін пункттар орнатылды. Балаларға өте жақсы сұрыпталған сүт пен ботқа беріп отыратын консультациялар зор пайда көрсетіп отыр. Балалар амбулаторияларында балаларға дереу медициналық жәрдем беру ісі қамтамасыз етілген. Емшек балалары мен жас балалардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар туғызуды өзіне мақсат санайтын мекемелердің саны үздіксіз өсуде.

Балалар яслиларының орасан зор маңызды екендігін, яслилардың өрістеуін суреттейтін төмендегі мәліметтерден көруге болады. 1930 жылы 7 736 төсек-орын бар и 674 ясли болды. 1932 жылы 879 700 бала (385 мың төсектерді) яслидан өтті. Ауылдарға балалар яслиі едәуір кеш енді, бірақ оның саны күннен-күнге өсіп келеді, өйткені халық оның маңызын бағалай білді, ясли сайынуын мемлекеттен талап етіп және халық өздігінен жария яслилардың желісін өздері салып жатыр. 1930 жылы селолық жерлерде 36 942 балаға арналып, 11 934 төсектерді яслилар сайынды, 1932 жылы төсектердің саны 374 мыңға жетті. Шаруа әйелдерді егістің қызу жұмысы үстінде балалардың қамын ойлау машақатынан босататын, жазғы яслилардың ұйымдастырылуы ауылдардағы өте-мөте көмекті жаңалық болып табылады. 1932 жылы сондай яслилармен 6340 мың баланы қамтамасыз ету көзделген еді. Көбінесе яслилар балалар ошағына айналып отыр, мұнда балалар күндіз-түні бірдей болады. Балалар яслилары, балалар бақшалары және балалар үйлері жазға қарай көбінесе ауылға көшіріледі. Мұның өзі, бірінші жағынан, балаларға өте жақсы жағдай жасалды, екіншіден—бұл мекемелерді әйелдердің қалың бұқарасы үшін көмекті мекемеге айналдырады. Ауыру және нәзік балалар үшін теңіз жағалауынан, таулардың арасынан айырықша демалыс үйлері, балалар бақшалары, балалар алары жасалып отыр. Осы мекемелердің бәрі ана әйелдердің азат етілуіне жәрдем етіп, сонымен бірге балалардың денесін шынықтырып, ақыл ойының өсуіне көмек етеді.

Ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар мен мекемелер бір-бірінен ажырағысыз тұтас. Олардың негізінде екі принцип бар: ананың орасан зор әлеуметтік маңызын мемлекеттің тануы және баланың мемлекет тарапынан өзіне қам істеуіңе правоны болуы. Бұл екі принципті табанды түрде жүзеге асыру әйелге толық азаттық пен тең құқылыны қамтамасыз етіп беріп, оны сол арқылы пролетарлық революцияның аса белсенді күші дәрежесіне, коммунизм үшін аса белсенді күресушінің дәрежесіне көтереді. Бұл екі принципті жүзеге асырудың өзі сонымен қатар қоғамға, күші жағынан, мораль жағынан әбден сау, бүкіл қоғамның әл-ауқатын, мәдениетін әлде де жоғары дәрежеге көтеру қолынан келетін, жас жеткіншектерді қамтамасыз етіп береді.

* * *

Жас балаларға арналған балалар бақшасы, балалар аландары, балалар ошағы тағы сол сияқты мекемелер, барлық балалардың міндетті түрде қатынасуға тиісті еңбек мектебіне даярлаушы саты болып табылады. Біз бұл кітапшада СССР дағы мектептер мен халықты тәрбиелеу ісінің жолға қойылуының бай, алуан түрлі тұрмысының тіпті қысқаша сипатын суреттеуге де мүмкіндік таппай отырмыз. СССР да халықты оқыту мен тәрбиелеу ісі тұтас бір бүтін іске айналып отыр. Мұның негізі Карл Маркстың Женева қаласында болған II Интернационалдың конгресіне тапсырған әйелдер мен балалардың еңбегі туралы меморандумында жазылған көзқарастары болды. Маркстың бұл көзқарастарын қазіргі күні ең маңдай алды педагогтар жұртшылыққа таратып, балалардың санасын оятып, олардың күші мен қабілетін дамытатын құрал еңбек болғандығы анықталып отыр. Бүкіл қоғамның мүдделері мен пайдасы үшін коллективтік еңбек ету жонымен тәрбиелеу — Совет мемлекетіндегі халықты тәрбиелеудің негізгі принципі міне осындай. Бұл еңбек барлық жеке таланттарды, балалардың неге бейімділігін анықтап, дамытуға тиіс, бұл еңбек олардың өз бетіндік ісіне стимул жасап, оларға жауаптылықтың жоғары дәрежесі сезімін енгізіп, барлық еңбекшілердің өзара мүдделерінің бірлігі ынтымағының айқын санасын туғызуға тиіс. Қысқасын айтқанда, тәрбие мақсаты,— жеке өзгешеліктерді дамыту, пайдалану арқылы, — коммунистік рухта сезіп, ой ойлайтын, іс істейтін адам етіп шығару болып табылады, бұл адам халықтардың ұлы Интернационалының саналы мүшесі есебінде бірте-бірте қоғамдық тіршіліктің, жеке тіршіліктің және қызметтің мейлінше жоғары дәрежесіне көтерілетіндей болуға тиіс. Екі жыныстағы балалар ең қаршадай жасынан бастап-ақ бірге тәрбиеленетіндігі өзінен-өзі айқын. Балаларға сабақ беру, оларды тәрбиелеу ісіне әйелдер еркектермен бірдей айналысады.

Халық ағартудың советтік системасы өзге елдердің практикалық тәжрибесін ескере отырып, жаратылыс тану және қосы мен ғылымдардың саласындағы соңғы табыстары негізінде құрылып отыр. Совет республикасы адамдарды социалистік рухта тәрбиелеу жөнінде орасан мол тәжрибелі бақша болып табылады. Буржуазиялық елдердің барлығындағы халық ағарту ісінің саласында жұмыс істейтін адамдардың советтік республикадан нені үйренемін, нендей зарядка аламын десе де бәрі бар. Сансыз көп ерікті мәдениет қоғамдары, халық ағарту ісіне орасан көп қаржылар жұмсап отырған советтерге, үлкен жәрдем көрсетіп отыр. СССР-дың, жеке союздық республикалары мен автономиялық облыстардың, өлкелік, облыстық және аудандық советтердің мәдениет мұқтажына жұмсайтын шығын бюджеті Советтер республикасы үшін ардақты диплом болып саналады, ал мәдениет құрылысының үздіксіз құлдырап түсіп бара жатқандығы байқалып отырған буржуазиялық елдер үшін қара тақта болып табылады.

Халықты тәрбиелеу ісіне өзінің жанын қиып, орасан зор энтузиазммен барлық күшін жұмсайтын жүздеген, мыңдаған, күні кеше көзге түспеген, бүгінгі қаһармандар СССР тарихын тамаша байытып отыр. Олардың ішінде өте дарынды орасан көп әйелдер бар. Бұл әйелдердің қызметі әйелдердің „толық бағасыздығы“ туралы әбден терең тамыр жайған догматтың барлық өтірігінің бетін ашты. Олардың бұл қызметі әйелдердің азаттығы мен тең құқылысы ұлы мәдени революцияның күшті дамуына жәрдем ететіндігінің даусыз дәлелі болып табылады; мұның өзіне Лениннің пікірінше, қызыл Қазан кең есік ашып берді, бұл революция сонымен бірге социализмнің капитализмді толық жеңуін қамтамасыз етеді.

* * *

Әйелдерді толық азат етіп, тең құқылы ету, тек әйелдің өз қолындағы іс болуға тиіс. Совет құрылысы осындай ұлы іс үшін саяси билікті әйелдердің өзіне беріп, екі жыныстағы адамдарды бірдей правоны етіп отыр. Коммунистік көсемдердің марксистік принциптері бүкіл БК(б)П ның игілігі болды, бұл принциптер әйелдердің өз праволарын тежеусіз пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оны пайдалануды оңайлатып беріп отыр. Әйелдер партияның толық правоны мүшесі болып табылады. Пролетариатың және еңбекшілердің өкілдері есебінде әйелдер де Советтер Союзында пролетариат диктатурасын жүзеге асырады, сонымен қабат социализмге бастайтын экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасауға, соларды дамытуға байланысты мәселелерді шешуге араласады. Сөйтіп әйелдердің қоғамдық иіршілікке кең ықпал етіп, өзінің тілектерін, мүдделері мен талаптарын жүзеге асыруларына мүмкіндігі мен правосы бар; саяси және жалпы ағарту ісінің барлық құралы еркектермен бірдей әйелдердің билігінде. Сөйте тұрса да, әйелдер өз праволарын әлде болса жеткілікті түрде пайдаланбай отыр; бұл жерде, рухани артта қалушылықтың кесірі, әйелдердің өткендегі күңдік хәлінің сарқыншағы көрініп отыр.

1920 жылы компартияның 528 354 мүшесінің 40 683 әйелдер болды, басқаша айтқанда компартияның барлық мүшелерінің 7,7%-ға ғана әйелдер болды. 1932 жылдың орта шенінде коммунистка әйелдердің саңы 512 мыңға жетті, бұл партия мүшелерінің жалпы санының 16% болды. Селолық жерлерде коммунистка әйелдердің проценті төмен, бар болғаны 14,6%— екендігіне ешбір таңданатындығы жоқ. Жас қыздардың комсомолға белсенді түрде қатынасуы қуанарлықтай факты болып табылады. 1932 жылдың қаңтарында комсомол мүшелерінің жалпы саны 5 358 630 болса, соның ішінде қыздар и 627 570, комсомол мүшелерінің жалпы санының 30% қыздар болды. Бұл комсомолдың дамуына тамаша перспективасының жонын ашып, комсомол қозғалысының тіршілік қабілетін және әйел жастар арасындағы жүргізіліп жатқан түсінік жұмысының табыстарын бейнелейді. „Қызыл пионерлер“ де сол сияқты өз қатарында қыздардың едәуір көптігіне мақтана алады.

Компартияны құруға және оның тұрмысына қолма-қол қатынасудан гөрі, әйелдер советтерге, олардың жұмысына әлде қайда белсендірек қатынасып жүр. Советтер қала мен ауылдың еңбекші әйелдерінің қалың бұқарасының саяси санасын оятып, оларды топтандыру және тәрбиелеудің нағыз күмәнсіз күшті құралы болып табылады. Мұны әйелдердің советтер сайлауына белсене қатынасып отырғандығы толық сипаттайды. Азат және толық правоны әйелдердің саяси санасының, белсенділігінің өскендігі, олардың творчестволық қабілетінің гүлденгендігі, аудандық және қалалық советтер мен атқару комитеттерінің председательдігіне және совет өкіметінің атқарушы орындарының өзге әкімшілік, басшылық жауапты посттарға сайланған әйелдердің санының өсуінен ерекше көрініп отыр, Бұл тек ірі қалалар мен бүкіл-союздық маңызы бар нағыз маңдай алды өндірісті кәсіп орталықтарында ғана емес, сонымен қатар қиыр шеттегі ауылдар мен жеке шет аймақтарда да байқалып отыр. Мемлекетті басқару, пролетариат диктатурасын жүзеге асыру, социализмді орнату істерінде әйелдер барған сайын белсенді рөл атқарып келеді.

Көптеген әйелдер ірі, жауапты посттарды алып отыр. СССР да ең жоғарғы, шешуші орын советтер съезді болып табылады, сондықтан айта кету керек, осы съездерге делегат болып сайланған әйелдердің проценті үздіксіз өсуде. Советтердің и съездіне 5 әйел немесе барлық делегаттардың 4% әйелдерден қатынасты. Советтердің VI съездіне 96 әйел, немесе съездіге барлық қатынасушылардың 15,7% әйелдер болды. Мұнымен салыстырғанда буржуазиялық елдердің мемлекет басқару аппаратындағы әйелдердің рөлі түкке тұрғысыз Тіпті әйелдер активтік—пассивтік правомен пайдаланып отырған елдердің өзінде, әйелдердің тең құқылығы қағаз жүзінде ғана қалып отыр. әйелдер соған да төзіп отыр деген наразылық үзілмей келеді.

Елді басқару ісіне қатынасып жүрген өте көптеген әйелдердің өзі революцияға дейінгі қоғамның әлеуметтік нағыз артта қалған қабаттарынан шыққандығы, советтер Елінде әйелдердің шынайы азаттығы мен тең құқылығы үшін өте-мөте сипатты нәрсе. Олар қызыл Қазанның тұсында немесе одан соң ауылдардан қалаларға келіп, сол жерлерінде өндірісті кәсіптің жұмысшысына айналды, жалпы әлеуметтік және саяси ғылымдарды меңгеру, өзінің мамандығын арттыру жонында қажырлы, аса күшті күрес арқылы өздерінің қабілеті мен күшін дамытудың дәрежесіне қолдары жеткендігі сондай, —бұл дамудың өзі, оларды мәдениет жөніндегі өнер қайраткерінің дәрежесіне жеткізді, сонымен қатар оларға мәдениеттің жаңа қазынасын ашып берді. Лениннің „әрбір ас басшы әйел мемлекетті басқару ісін үйренуге тиіс“ деген белгілі сөзі жүзеге асып келеді. Советтер Республикасында қазірдің өзінде толық жүзеге асырылған ұлы көсемнің сөздерін барлық елдердің еңбекші әйелдері, толық азаттық пен тең құқылы үшін күреске бастайтын, стимул деп құттықтады. Әйелдер қоғамның азат және тең құқылы мүшесі бола отырып, Лениннің сөздері нұсқаған екінші мақсатқа да жетуге тиіс, бұл мақсатқа жетуі үшін қызыл Қазан қазірдің өзінде аса маңызды алғышарттарды жасады. Ол мақсат: мемлекет ауыр икемсіз, бюрократтық аппарат болмауға тиіс, ол өндірістің процесін және азық-түлігін бөлу ісін басқаратын, икемді аппаратқа айналуға тиіс.

* * *

Шығыстық республикалар мен автономиялық облыстарда әйелдерді азат ету ісінің барған-сайын күшейе түскен процесі, халықаралық пролетарлық революцияның жеңілмейтін күшінің, оның СССР дағы коммунистік басшылығының мызғымайтын беріктігі мен икемділігінің, даусыз дәлелі болып табылады. Бұл елде әйелдерге тең құқылы беру талабы ғасырлар бойына, тіпті мың жылдар бойына қалыптасып келген әдет-ғұрыптармен, экономикалық және қоғамдық құрлыммен, жазылған және жазылмаған діни және светтік заңдар мен айырықша қақтығысып қалып отырады. Ондағы әйелдер аса күшті жігер жұмсап, әйелдер малдың, немесе бидайдың белгілі мөлшерінің, немесе сатып алуға және сатуға боятын өзге товарлардың қандайының болсын эквиваленті болады мыс деген көзқарастарға қарсы күресуіне тура келеді. Осы өлкелерде әйелдердің адамшылық правосын жариялап айғайшы болған алғашқы пропагандисткалар және солардың жонын қуып, соңынан еруші әйелдер зәбір-жапа шегуге, тіпті өзінің жанын қиюға да тәуекел етті. Оларды айуандықпен өлтірушілік аз болған жоқ. Алайда, СССР-дың шығысында да қоғамның азат, тең құқылы мүшесі есебінде өндірісті кәсіп пен ауыл шаруашылығында, профсоюздар мен кооперацияларда, партия ұйымдарында, советтерде және білім мен мәдениеттің жалпы дәрежесін көтеруге арналған ұйымдардың бәрінде де істеп жүрген әйелдердің саны үздіксіз өсуде. Міне мысал келтірейік: өткен жылдың 10 қазанында Мәскеуде Қызыл крес қоғамының Бүкілсоюздық бірінші съезді болды. Бұл ұйымның өзінің алдына қойған мақсаты: үй тұрмысында, өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыста және Қызыл Армияда гигиеналық жағдайларды жақсарту секілді жұмыстар болды. Бұл ұйымның 4,5 миллиондай мүшесі бар, мұның ішінде көпшілігі Шығыстың әйелдері. Съездегі 500 делегаттың тең жартысынан артығы жарыс сөздерге белсене қатынасқан әйелдер мен жас қыздар болды. Бұл факты өзін-өзі баяндайды.

Ленин өзінің қиядан көрегендігімен Шығыс әйелдерінің санасының оянуына зор мән берді. Өзінің азаттығына қолдары жеткен шығыс әйелдерінің көп делегациясы Мәскеуге келгенде Ленин: „Егер тіпті ең жаншылғандардың жаншылғандары, ең езілгендердің езілгендері өздерінің азаттығы үшін социализм жонында күресу үшін көтерілген болса, жер жүзілік пролетарлық революцияның жеңісіне енді кім шүбәленер екен?“—деді. Ленин дұрыс айтты. Қызыл Қазан шығыс әйелдерінің жүрегіне азаттық пен тең құқықтылықтың жалынды ынтасын жандырды, қазір мұны ешнәрсе өшіре алмалды. Бұл жалын тұтанып, барған-сайын жоғары будақтай түсіп отыр, оның ұшқындары құрсаудағы, төмен саналған, баяу оянып келе жатқан Шығыс әйелдеріне жарық беріп, Советтер Союзынан тысқары жерге шашырап отыр. Ол жақта әйелдердің азаттығы мен тең құқылығының талабы жер жүзілік пролетарлық революцияның қуатты қозғаушы күшіне айналып отыр, бұл революцияның түйіні—коммунистік құрылыс болып шығады.

* * *

Советтер Союзының сансыз әйелдер колоннасы келешек тапсыз, жарқын қоғамға қарай алақ басуда, бұл қоғамда әйелдердің адамшылық бейнесі толық гүлденіп, пісіп жетіледі, мол жемістер шығарады. Бұл—қозғалыс. қолдарына пальма ағашының сабағын ұстап, салтанатты гимн жырлайтын, күлтілдеген киімді, сұлу әйелдердің процессиясы емес. Әйелдерді азат етудің апофеозы осында деп біліп, буржуазиялық әйелдер эмансипациясын көксеуші ақындарының қиялы емес. Жоқ, ол емес, бұл жұпыны жұмысшы киімін киінген, алақанын сүйел қаптаған, дөңгелекпен машиналардың зырылына қосылып сайрандайтын әйелдер. Бұл әйелдер парадтың әсерлі үнімен емес, социалистік құрылыс планының берік талабына бағынып, өзінің толық бағалылығын күреспен және еңбекпен көрсету арқылы ілгері басады. Советтер Союзының көсемдері, қатардағы еркек, әйел азаматтары гигант құрылыстар

25

ды, техниканың кереметтерін, орталық электр станцияларын, домналарды, металлургия заводтарын, техниканың соңғы жаңалықтары бойынша құрылған әр қилы кәсіп орындарын, СССР-дың ең қиыр шет алмақтарында орнаған жұмысшы қалаларын орасан мақтанышпен әңгімелелді. Бұл мақтаныштың мәні түсінікті, өйткені мұның бәрі де орасан зор еңбекпен қолға түсті, аса көп құрбандықтардың құнына түсті, ертегіде айтылғандайын, бір түннің ішінде жер астынан жарып шықты. Бірақ ғасырларды бастан кешірген гигант құрылыстарды Египет пен Азияның деспоттары да, өзінің құлдарын қамшының астына ала отырып, жасал алды. Құрама штаттардың капитализмі де орасан зор, техника жағынан жетілген кәсіп орындарын салды; ол бұрын жапан түз болған облыстарда өндірісті кәсіп орталықтарын жасады; ол елінің аса ірі қалаларында зәулім үйлер салды. Бірақ пролетарлық революция елі ғана ешбір халық, ешбір дәуір мақтана алмайтын және мақтана алмаған, адам баласының тарихында оған теңдес бола алмаған нәрсені жасай алды. Бұл елде техникалық шаруашылық әсерлі құрылыстармен қатар, оларды жасаған адамдар,—өзінің барлық білімін, қайратын, қуатын, айласын, өзінің барлық күшін социалистік құрылыс ісіне барынша саналы түрде, энтузиазммен сарп ететін жүз мыңдаған, миллиондаған азат адамдар тұр. Олар өздерінің социализмге ұмтылған қажырлы талабымен ең артта қалған төменгі дәрежеден, бұрынғы кезде бастарында болған ең жартылай варварлық хәлден бостандық пен мәдениеттің биік шыңдарына көтерілді. Осындай шынығудың, әлеуметтік адамның жаңа типін жасаудың протесінде әйелдер кем рөл атқарып отырған жоқ, олар өздерінің ер жолдастарынан қалыспай келеді.

Социализмді орнатушылар және олардың коммунистік көсемдері орасан зор табыстарға жетті. Бірақ олар әлде де орасан ұлы міндеттерді шешуге тиіс. 160 миллиондаған адам қазіргі тарихи жағдайларда бір күш болып қосылып, социализмді орнату үшін қажымастық қайрат-жігермен кірісуге тиіс. Сондай құлақ естіп, көз кермеген, сондай фантазиялы көлемді міндеттерді текқана бұқара орындай алуы мүмкін. Социализм жонымен әйелдерді толық азат ету текқана әйелдердің өз қойындағы іс деу жөніндегі шындық қай уақыттағыдан болсын, бұл арада расқа шығып отыр. Егер совет әйелдері толық азаттық және тең құқылымен пайдаланып, бұл жөнінен бүкіл жер жүзіндегі өздерінің апа-сіңлілерінің арасында бірінші орын алып отырса, бұл сыйлық түрінде көктен түскен жоқ және өзінің принциптеріне адал большевиктік партия басшылғы тарапынан болған қайрымдылықтың актысы емес. Әйелдер ездерінің правосын өздерінің ер жолдастарымен қол ұстасып, ешқандай жоқшылыққа, ең ауыр құрбандықтарға іркілместен, дәулетті, билеуші таптарға қарсы советтер өкіметі үшін, өндіріс құралдарының жеке меншігін жойу үшін күресе отырып, қажырлы еңбек ету арқылы женіп алды. Осы жеңістен келін де әйелдер жас Совет республикасының өмір сүруін қорғап, оны қолдай берді. Пролетарлық революцияның жеңу салтанаты үшін асқан қажырлы, жан қиярлық күрестердің алғашқы шешуі екі дәуірінің қаһармандары, социалистік құрылыстың көп құрбандықтарды керек ететін дәуірінде де тайсалмады.

Социалистік құрылыстың мастандырарлықтай қарыштауы, бесжылдықты төрт жылда орындаудың қажеттілігі, қаламмен бір сызып өшіруге болмайтын, әлеуметтік өзге факторлар Совет мемлекетін тапсыз коммунистік қоғамға айналдыру ісін бастап қолға алумен байланысты қиыншылықтарды өте-мөте арттырып жіберді. Өзінің табанды түрде шешілуін керек ететін күрдейі жаңа міндеттер туып келеді, әлі де ауыр еңбек ету керек, әлі де жоқшылық болмал тұрмалды. Осындай уақытша қиыншылықтарды пайдаланып, пролетарлық революцияның үркек жаулары өзінің жасырынған індерінен шығып отыр. Ол жаулар СССР ға өшігіп, қастандық істеуде, Советтер Союзын жою үшін, еңбекшілердің мойнына өтірік демократияның және капитализмнің бұғауын қайта салу үшін заговорлар ұйымдастыруда. Пролетариат диктатурасының және социалистік құрылыс мемлекетін қирату үшін, СССР-дың шекараларына капиталистік елдердің армиялары жиналуда. Жер жүзілік жаңа соғыстың қырғыны арқылы олар барлық капитал елдеріндегі езілгендер мен эксплуатацияланушылардың революцияшыл күштерін дәрменсіздендіріп, ат төбеліндей миллионерлердің сансыз кеп миллиондаған еңбекшілерге аяусыз таптық диктатурасының ұзақ жылдар өмір сүруін қамтамасыз еткілері келеді. Олар социализмнің шыңға өрлеген өмірлік күштерін қанға малғысы келеді. Мұның өзі бейбітшілікті сүйетін Совет мемлекетінің социалистік құрылыс пен социализмді орнатушылардың тұрмыс жағдайын оңдау үшін пайдалануды көздейтін материалдық қаржыларды және адам күшін елді қорғауға жұмсауына итермелеп отыр. Барлық елдер пролетарларының тағдырлары ажырағысыз байланысты екендігін айқын мойындап, Советтер Союзының қатардағы мүшелері және көсемдері жер жүзілік пролетарлық революцияны қорғау өздерінің мойнына жүктелген борыш екендігін өте жақсы түсінеді, бұл революцияның әлде қайда ілгері өрлеген маңдай алды отряды бүгін таңда да осылар болып табылады.

Социализмнің түпкілікті жеңуі жонындағы осындай жауапты моментте СССР әйелдері, толық азаттық пен тең құқылы алу өздерінің қойындағы іс екендігін күресте және құрылыста жан-тәнін салып белсенді түрде қатынасу арқылы іс жүзінде көрсетуге тиіс. Олар қиын-қыстау күндердің өзінде де өз ісіне адал болып қала беруге тиіс. Мұның мәнісі—ортақ еңбек етуге аса қажырлылықпен, үлкен энтузиазммен қатынасуды күшейтуге тиіс, социализмді орнату үшін белсене күресуге тиіс деген соз, мұның мәнісі — олар керек болып қалған күнде, ұлы құрбандықтарға бел байлап, жан қиюға да әзір тұруға тиіс деген сөз. Азаттыққа жеткізетін жаңа құрылыс таң белгісін берген кезде бұл құрылыс әлі күмілжі, тұрлаусыздау көрінген кезде ақ, ол әйелдер пролетарлық революцияның жеңісіне жету үшін ашаршылық көрді, аяқтарының қанын ағызып қар үстінде жалаң аяқ жүрді, от жағылмаған суық үйлерде қатып-сеніп отырды, шаршап-шалдыққандықтан машиналардың жанында алақтарын зорға дегенде тік басып жүрді. Революцияның ұлы жеңістері қазірдің өзінде олардың тұрмысына жемістер енгізе бастап отырғанда, олардың ендігі көрсетіп отырған қаһармандығы бұрынғысынан кем емес. Олардың қаһармандық қимылдары Лениннің, азаттыққа ұмтылған әйелдер белсене қатынаспайынша, пролетарлық революция жеңе алмақ емес, егер әйелдер сол революциямен бірге болса, ол революция жеңіп шығады, деген идеяларын тағыда дәлелдегендік болып табылады. Өзінің барлық күшін революциялық борышын өтеуге жұмсай отырып, әйелдер социализмді орнату ісін ілгері бастырмақ.

* * *

Лениннің мейлінше кең көлемді данышпандылығы тек Советтер Союзының әйелдерін ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл жер жүзіндегі апа-сіңлілерін де азат етуге шақырды. Лениннің өсиеті капитал елдерінде таптық езу мен әйелдердің құқықсыздығының екі жақтап тепкі көрсетуінің құлдығында болған сансыз миллиондаған төмен саналушы, эксплуатацияланушы, бостандықтан айырылған әйелдерге жол, мақсат көрсетіп берді. Пролетарлық диктатура мемлекетінде күресіп жатқан әйелдердің қаһармандық үлгісі капитал елдеріндегі әйелдердің көзін жеткізетін сабақ болуға тиіс. Капитал елдеріндегі әйелдер жер жүзілік революцияның даму процесінде бостандық далар күлінде көктен түседі деп үміттенбеуге тиіс. Олар ешқандай қауіптерден қорықпастан, ешқандай құрбандықтардан іркілместен, өздерінің табы бір бауырларымен иін тіресіп, пролетарлық революцияның бүкіл жер жүзінде жеңісін тездетуге тиіс. Кімде-кім өзінің толық азаттығы мен тең құқылы болуына қойын жеткізіп, өзінің адамгершілігін танытқысы келсе, ол әлеуметтік революция үшін жан-тәнін салып күресудің жонына түсуге тиіс. Барлық капитал елдеріндегі әйелдердің талаудағы ілгері басатын адымы империалистік соғыстарға қарсы бітіспестік, аяусыз күрес, бейбітшілік үшін күрес, социализм орнатып жатқан Совет мемлекетіне қол сұқтырмау үшін күрес, фашизмге қарсы күрес болуға тиіс. Бұл адым пролетарлар мен еңбекшілердің советтік құрылысты орнату мақсатындағы, өндіріс құралдарының жеке меншігін жойу мақсатындағы мемлекеттік өкімет билігін күреспен жеңіп алу үшін жасайтын бас көтеруімен байланысты, мұның өзі әйелдерді азат ету үшін өте керекті алғышарт болып табылады.

Лениннің әйелдерге айтқан өсиеттері социалистік құрылыстың

қарыштап өрлеуіне қарай барған-сайын, әбден тұрмысқа еніп, әйелдерді азат етіп, оларды анағұрлым биік дәрежеге көтеріп отырған Советтер Союзынан сырт жерлерде, шығыс таппай отырған жер жүзілік экономикалық кризис, жоқшылықтың түнегінде азап шегіп отырған, еңбекші әйелдердің жаны мем тәнін бірдей күйретеді. Америка Құрама Штаттарында, Францияда, Англияда, Германияда, Италияда және тағы басқа елдерде күштеп сайынған көлденең салықтардың салдарынан көпшілік тұтынатын заттардың бағасы аса қымбаттауда. Еңбек ақының дамылсыз төмендеуі фабрикадағы жұмысшы әйелдердің, кұстар әйелдердің, жұмыс істеушілердің басым көпшілігі әйелдер болып отырған мемлекеттік және жай мекемелер мен кәсіп орындарындағы қызметші әйелдердің, оқытушы әйелдер мен барлық өзге профессия өкілдерінің тұрмыс жағдайын одан да бетер нашарлатып, олардың білек күші мен жігер күшін мықтап эксплуатациялап отыр. Кәсіп орындарынан, конторлардан, әкімшілік посттардан шығарылған, ертеңгі күнге өздерінің және жақындарының жейтін бір тілім нанын, түн ішінде қонып шығар пана табар-таппасына көзі жетпейтін, „басы артық“ әйелдер бұқарасының, жұмыстан шығарылған пролетарлар әйелдерінің, басы бос профессия өкілдерінің, қоғамдық қайраткерлердің күйзелген қол өнерші әйелдер мен дүкенші әйелдердің саны өсуде. Әздерінің емшектегі және кішкене балалары ашығып, суыққа тоңып, хәлі бітіп, өліп жатқанын аналары көздерімен көріп отыр. Олар аштықтың айдауымен, киер киімнен жұрдай болған, қалыпты үй тұрмысы мен жұмыстың жағдайынан жұрдай болған—естияр ұлдарымен қыздарының оқып білім ала-алмай жүдеп, кеудесі түсіп төмендеп, бітуге айналғандығына дәрменсіз куә болып отыр. Солтүстік және Оңтүстік Американың, Европаның және дүниенің өзге бөлігіндегі аграрлық елдерде монополистік ұйымдардың ең көпшілік тұтынатын заттарға салатын ростовщиктік бағаларымен қатар күш көтермейтін салықтар мен аренда ақылары ұсақ шаруа әйелдер мен ұсақ арендаторшы әйелдерді қора-қопсысынан бездіріп жатыр. Американың мақта, кофе жана қант плантацияларындағы жұмысшы әйелдер, Жапонияның Ост-Индиялық шай плантацияларындағы, күріш егісінің алқаптарындағы және шығыс пруссиялық юнкерлердің жұмағындағы жұмысшы әйелдер адамшылыққа жатпайтын эксплуатация мен тіршіліктің айуандық жағдайларында азап көріп зарлауда. Сол сияқты аты шулы демократия елдерінде де еңбекші әйелдердің көрген күні әсіресе капитализмнің құлдыраған дәуірінде өте ауыр болуға айналды. Өйткені олар—„тек әйелдер", басқаша айтқанда буржуазиялық қоғамның өте-мөте құқықсыз, өте-мөте қол аяғы құрсаулы мүшесі, өздерінің табы бір бауырларынан гөрі қарсылық етуге, күресуге өте-мөте қабілеті аз. Сондықтан да олардың зәбір-жапасы ерекше ауыр болып отыр. Егер еңбекші әйелдер, Лениннің өсиеттерін орындай отырып, өздерінің табы бір жолдастарымен қол ұстасып социализм үшін күрескен күнде ғана, олар шынайы демократия мен мәдениеттің игіліктерін пайдалана алады.

* * *

„Жеңген" және жеңілген елдердегі жүз мыңдаған, миллиондаған әйелдер 1914—1918 жылдардағы қыл мысты қырғында өлген немесе мәңгілік тыныштық сапар шегу үшін, өздерінің туған жеріне қайтып келіп өлімге душар болған күйеулерін, балаларын, әкелері мен бауырларын жоқтап зар еңіреуде. Еңбекші әйелдер бұқарасы адам айтқысыз эксплуатация жағдайында, жұпыны ақшаға бола барлық еңбегін сарп еткен, өздерінің денсаулығына зиянды, өміріне қауіпті, соғыс керек жарағын дайындайтын кәсіп орындарында істеген күндерін, соның салдарынан айықпастай ауыруға тап болған күндерін қалғымен еске түсіреді. Соқыр, саңырау, қолсыз, аяқсыз адамдардың және соларға ұқсас соғыс мүгедектерінің, асырайтын адамдары соғыста өлген сорлы шалдар, жесір әйелдер мен жетім балалардың, тонып жатқан жүдеу балалардың — ,,соғыс балаларының" — бүтін армиясы ,,соғыстың болат құдығына шомылдырып алу арқылы расаларды жақсартудың“ ең жақсы суреті болып табылады. Податалар мен салықтардың өсуі, оның салдарынан ең бірінші керекті заттардың бағасының көтерілуі жер жүзілік соғыстың жалмаған және осы уақытқа дейін соғыстық борыштарды өтеу түрінде жалмап келе жатқан орасан ұшы-қиырсыз суммаларды күннен-күнге әйелдердің есіне түсіруде. Дегенмен де, соғыстың және соғыстан кейінгі дәуірдің ызғарлы сабақтары бола тұрса да, барлық буржуазиялық елдерге империалистік жаңа қырғынның тұншықтырушы атмосферасы тағыда төніп отыр. Соғысты тұтандыру, соғысты даярлау қазіргі кезеңдегі өте-мөте ерекше көзге түсерлік белгісі болып табылады. Соғыспен кризистің құрбандықтарына жоқтың қасы ақша шығарып отырған, бюджеттеріндегі ірі дефициттер еңбекшілерді ауыр салықтармен тонауға душар етіп отырған мемлекеттер жүз миллиондаған, тіпті миллиардтаған қаржыларды суда да, құрғақта да, әуеде де бұқараны жаппай өлтіретін, қырғынға ұшырататын құралдар жасауға жұмсап отыр. Түрлі капитал елдеріндегі дәулетті және билеуші таптар қанды қырғын арқылы өздерінің шекараларын кеңейтіп, өз товарларын өткізу үшін, шикі зат алу үшін, қорғансыз ұрулар мен халықтарды арсыздықпен, аяусыз тонауды ойлап отыр.

Оңтүстік Америкада мемлекеттік өзара жексұрын соғыстар зәрін шашуда бұл соғыстарда капиталистердің америкалық және Англиялық группалары жергілікті халықтарды беті шімірікпестен тонауға басым право алу үшін, өзара күреседі. Персияда, Арабияда және өзге елдерде европалық елдердің империалистерінің алтынға, өкімет билігіне қомағайлығы жанар материалдарын жинап алғандығы соншама мұнда тек „кездейсоқ бола қалса-ақ көзді ашып жұмғанша жарылыс болуы мүмкін. Бейбіт уақыттың тұсында жапондықтар Қытайға шабуыл жасап, ол елдің тіршілік ететін орталықтарына, Янцзы өзенінің сағасындағы жер жүзілік портқа, Шанхайға орнығып алды. Манчжурияның халықтары солардың табанының астында зарлап жатыр. Олар қазір бұл жерден Қытайдың оңтүстігіне, Ұлы Қорғанынан, өтіп, Бейжіңге дейін барып отыр. ал батыста олар қазірдің өзінде ішкі Монғолияға басып кіріп отыр. Олар жүрген жонында қарусыз еркек, әйелдер мен балалардың тау-тау болып үйілген өліктерін, өртеніп түтіні бықсып жатқан қираған үйлер, фабрикалар, мектептерді басып өтіп жатыр. Ұлттар лигасында комедиялық рөлін алған Батыстың ірі капиталистік мемлекеттеріне Қытайдың ешкім қол сұқпайтындығын қорғау деген ой түсіне де кіріп шықпайды. Олардың өздері осындай үйкен елді басып алуға бронды жұдырығын созып отыр. Англияның, Францияның, Италияның үкіметтері жапон империализмінің жасырын, тіпті көрнеу одақтасы екендігін барлық үй төбесіне қонған торғайлардың шырылдаған үні айтып отыр. Бұл, олардың Жапония қойынан қытайдың байлықтарының майлырақ жағын өзіне қаратып алуға тырысатындығын, әрине, жасырмайды; мұның өзі олардың, өзара достық сенім берушілігіне қарамастан, бір-біріне қарсы бір-бірлеп және күшті елдердің империалистерімен одақтасып қарулануына бөгет жасамайды. Осы жөнінде ұласып отырған соғыс қауіпті, — Құрама штаттар өзінің зеңбіректерінің салмақтысын өзінің эскадрасын, бомбомёттерін әзірге өзінің жапондық, британдық конкуренттеріне қарсы төсей отырып, Тынық мұхиттың жағалауларында өзінің үстемдігін қорғауға бел байлағандығынан, — ол соғыс қауіпті кемімейді.

Қиыр Шығыстағы аласұрған жынойнақ „ұлы“ капиталистік державалардың Қытайды өздеріне шексіз сый тартатын колонияға айналдыру талабынан туып отыр. Сонымен бірге олар өзгеде тәтті мақсат көздейді: олар Шығыс Азиада, сол жерден социализм орнатып жатқан елге шабуыл жасауды ұйымдастырарлықтай таяныш пунктін жасағысы келеді. Шығыстағы бұл шабуыл Батыстағы европалық „цивилизацияның“, „мәдениетті бұзушы азиялық большевизмге" қарсы крестовой жорығымен толықтырылуға тиіс. Жапон империалистері өздерін батыстың аса қасиетті игіліктерін қорғаушы капиталистерінің соғысқа сұралып шыққан авангарды деп саналды, басқаша айтқанда адам баласының басым көпшілігін ат төбеліндей азшылықтың зорлығы және эксплуатациялауы арқылы толтырылатын отқа жанбайтын кассаны қорғауда батыс капиталистерінің авангарды деп санайды.

* * *

Советтер Союзы бейбітшілікке шын ниетпен ұмтылған жер жүзіндегі ең бірінші, ең бірден-бір ұлы держава болып табылады. Советтер Союзы мұны өзінің, таңдаулы көсемдерінің құрметті сенімдерімен ғана емес, тіпті одан да бетер СССР ды соғысқа тап қылуға тырысқан Жапонияның, Румынияның және өзге империалистік елдердің жауыздық провокациясына кездесіп отырған мызғымайтын сабырлылығымен дәлелдеп берді. Советті социалистік республикалар союзының саясаты — құрыштай берік батылдықпен социализмді орнату, осындай гигант іс үшін барлық материалдық құралдармен адам күшін пайдалану. Егер пролетариат пен шаруалар мемлекеті құралданып жатса және құралдануға тиісті болса, мұны бұл мемлекет текқана социализмді орнатуға керекті бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін істеп отыр. Капиталистік қоғамның өлім хәліндегі ауыру „ұлы көсемдері“ өзін аман сақтауды, текқана территориясын кеңейтуден іздеп жүр. Бірақ таптық пролетарлық диктатура мемлекеті, капиталдың эксплуататор өкіметінің қарауынан жер шарының алтыдан бір бөлегін алып қойды. СССР да ғылым мен техника күш-жігердің, аса бал жаратылыс байлықтарының жаңа көздерін үздіксіз ашып отыр, бұларды Советтер Союзы енді-енді ғана игеріп келеді. Бұған гигант бесжылдық планды орындаған адамдардың творчестволық күш-қуатын және 160 миллиондаған халықтың товарды орасан керек ететіндігін қоса айту керек. Өкімет билігі мен айтынға мүсесі толмағандардың көздеген олжасы қандай десеңші!

Алайда буржуазиялық елдердің мүсе тұтпаушылығы ғана Советтер Союзына шабуыл жасауға итермелеп отырған жоқ. Империалистерді советтерге қарсы өзінің қаруын соғуға аса күшпен айдап салып отырғандық себебі, СССР-дың шын мәні мен тарихи мақсаты болып отыр. Социализм орнатып жатқан ел пролетарлық революцияның бел баласы болып табылады. Бұл ел, капитализмді күштеп құлатып, социализмді революциялық жолмен орнату үшін еңбекшілердің жеткілікті күшті, пісіп жетіскендігінің жер жүзілік тарихи дәлелі болып табылады. Капитализмнің кризисі дәуірінде Советтер Союзының творчестволық қуаты социализмнің капитализмнен асып түскендігінің дәлелі болады. Социалистік мемлекеттің және оның гигант құрылысының өмір сүруінің өзі буржуазиялық әлемдегі эксплуатацияланушылар мен езілгендерді өзінің үйгісін алуға, капитализмді түп тамырымен құртып, социализм орнату үшін революциялық күресте мемлекеттік өкімет билігін өзіне қаратып алуға түпкілікті шақыру болып табылады. Бұл шақыруға үн қосылмай қалмауы керек. Сонымен Советтер Союзы, буржуазиялық елдердің басшыларына капиталистік құрылыстың ақтық күні болмал қоймайтындығын қынжылта есіне салушы болып табылады.

СССР ға қарсы дайындалып жатқан соғыс, жер жүзілік сұрапыл өртті сөзсіз қайта тұтандырмай қоймайды. Осындай нағыз апат болады деген қиял, бұл мырзаларды қыл мысты ниеттерін орындауын тоқтатпайды. Олар жер жүзілік қырғында, өздерінің 1917 жылғы қызыл Қазанның орасан жеңгендігінен кек алғысы келеді. істің мәні, олар үшін не өлім, не болмаса тіршілік етуге тірейіп отыр. істің мәні капитализм мен социализм арасындағы шешуші айқас туралы, бір уыс дәулетті адамдардың миллиондаған дәулетсіздерді езіп, эксплуатациялауға ұмтылуымен осы миллиондардың құлдықтан және эксплуатациядан құтылу жонындағы революцияшыл қайратының арасындағы шешуші айқас туралы болып отыр. Капиталистердің ниетінше, капиталистік елдердің пролетарларын капитализмге қарсы көтеріліс жасап, оны тойтару тілегінен тайдырып күшінен айыру үшін олар өздері жер жүзілік үйкен қырғында бірін-бірі жығып салуға тиіс, дейді.

Амал қанша, еңбекші әйелдердің қалың бұқарасы әлде болса бұл мәселелерді өзіне қатысы жоқ деп санайды, сондықтан олар өз бастарының тіршілігінен тиісті қортындылар жасауды тілемейді, өйткені олар әлде болса сасық мещандық моральдің бұғауында отыр. бұл мораль бойынша, бұл мәселелер „жоғары саясат“ сферасына жатады, бұл мәселеде әйелдердің ісі жоқты мыс. Бұл мәселелерді талқылаудан бастартқан, жалтарған әйелдер өздерінің күнделікті мүдделеріне де қарсы, әйелдерді социализм арқылы толық азат етудің тең сәулетті мақсатына да қарсы үйкен кешірімсіз күнә істейді. Бейбітшілік үшін және Советтер Союзына ешкімнің қол сұқпауы үшін күрес еңбекші әйелдердің ең жақын, жан қияр ісі болып табылады, олар әйелдердің екі жақтап езілуінен азат болуына жеткізетін Ленин өсиеттерін жүзеге асыруға өздерінің барлық күшін жұмсауға тиіс. Жер жүзілік соғысқа шақырудың ешқандайы, ешқандай жер жүзілік қырғын пролетарлардың санасын күңгірттендірмей, олардың күшін әлсіретіп, қажытпау үшін күрес әрбір еңбекші әйелдің қанына сіңген іс болып табылады. Әйелдер капитализмге қарсы күресте өзінің тұрмыстық және мәдени тілегін қорғап, капиталистік құрылыстың орнына социалистік құрылыс орнату үшін күресуге тиіс.

Мүдделердің ажырағысыз ортақтығы теңіз бен таулардан, шекараның шұбар бағаналарынан өтіп бүкіл жер жүзі еңбекшілерінің, ұлтына, расасына, жынысына қарамастан, басын қосады. Буржуазиялық қоғамдағы дәулетсіз және кем дәулетті адамдардың халықаралық ынтымағы, халықаралық жауынгерлік одаққа айналуы керек, бұл одақ оларды бір-бірімен және социализм орнатып жатқан елдегі өздерінің азат апа-сіңлілерімен, аға-інілерімен, ажырағысыз байланысты ететін болуға тиіс, Империалистердің құралды күшімен Советтер Союзын қиратуы және оның теңдесі жоқ құрылысын жоюы барлық елдердің пролетарлары мен еңбекшілері үшін тарихи мәнді ерекше жеңіліс болған болар еді. Бұл апат үстемдік етуші таптардың өзінің күш-қуатына сенімін көп жылдарға бекіндіріп, олардың қойына еңбекшілерді езіп, аяусыз эксплуатациялау үшін жаңа құралдар берер еді. Бұл катастрофа сыбағасыз бұқаралардың өздерінің көрген ауыр азаптарына қарсы, бұғаудан, өсімқорлық эксплуатациядан босануы

үшін күресетін айбынды жігерінен, айбынды батылдығын дәрменсіздендірген болар еді. Бұл катастрофа капиталистік елдердегі еңбекші әйелдердің сорлы хәлін адам төзгісіз нашарлатуға апарып тіреген болар еді. Тарихтың бүгін таңдағы күн тәртібіне қойылып отырған әйелдерді қоғамның толық правоны мүшесі деп тануын көпке дейін кейінге ысырып тастаған болар еді.

* * *

Саналылық және халықаралық белсенді ынтымақ көрсету СССР дағы насатты жеңушілер мен социализм орнатушыларды айрықша бейнелейді. Олар бейбітшілікті және өз еліне ешкім қол сұқпауын қорғай отырып, текқана пролетарлық революцияның қызыл қан төгіспен алған қасиетті жерін қорғаумен қоймал, сонымен қатар бүкіл жер жүзінің пролетарлары мен еңбекшілерінің тірегін одан да бетер қорғайтындығын жақсы біледі. СССР-дың еңбекші әйелдері — шет елдегі өздерінің езілген апа-сіңлілерінің алдыңғы қатарлы отряды—күнделікті, салтанатты мәжілістерде, жиналыстармен демонстрацияларда Лениннің аса қымбатты өсиеттерін сақтауға ант беріседі. Бүкіл СССР көлемінде, Польша мен Румыния шекарасынан Тынық мұхитының жағалауына дейінгі жерде бұл әйелдердің социалистік құрылыс ісіне берілген шексіз энтузиазмі олардың антын іске асырады.

Еркектермен бірдей білім алып отырған әйелдер қазірдің өзінде Қызыл Армияда да, Қызыл флотта да және авиацияда да сирек емес. Әскери мектептерден өткен әйелдер өзінің бойындағы қасиетін сезіп, Мәскеудің Қызыл алаңындағы зор парадтарда, қуанышты, мақтанышты күйкімен сап түзеп жүреді. Совет мемлекетін империалистердің шабуылынан қорғауда жанын аямай батылдық, ерлік, көрсетуде Советтер Союзының әйелдері еркектерден қалыспайды. „Күң болғаннан гөрі, өлген артық!“. Капиталистік елдердегі еңбекші әйелдердің еншісіне тиген күңдік, бұл әйелдердің өздерінің апа-сіңлілерінің мүддесі үшін азат адам баласының халықаралық отанының ешкім қол сұқпайтындығын қамтамасыз етуге ұмтылған қайратын жалындатады.

Қандай тамаша көрініс, қандай тамаша сүйкімді үйгі! Адалдық үстіне адалдық! Капиталистік елдердегі еңбекші әйелдердің даңқын шығаратын, абройын арттыратын ісі—СССР дағы өздерінің апа-сіңлілерінің Интернационалдық идеяларының күшімен жалынына сезімдері мен қулықтарына сал бола білуде. Олар өздерінің табы бір бауырларымен берік және шын одақтаса отырып, Лениннің әйелдерді азат етіп, оларға тең құқылы берудегі аса қымбатты өсиеттері мардымсыз, ешкімді ешнәрсеге міндеттемейтін салқын формула емес, қайта қоғамдық құрылыстың негізі, адам баласының екі жынысында адамгершіліктің жоғары сатысына көтеретін, оларды сүйіспендікпен бірлесіп еңбек етудің анағұрлым мәртебелі, бақытты одағын бастайтын принципі болып табылатын жер жүзіндегі ең бірінші бірден-бір мемлекеттің барлық шекараларында қауіп туғызып отырған мемлекеттердің құралдарын құртуға тиіс. Советтік құрылымен әйелдерді азат етудің арасындағы ажырағысыз байланысты ұғынуда жоғары дәрежеде дамыған капиталистік елдердің әйелдері, Қытайда қызыл партизандармен бірлесіп жапондықтардың тонаушылық жорықтарына қарсы, жер иеленуші феодалдардың қалдықтары мен эксплуатациялауға аранын ашқан Нанкин үкіметі сияқты жас буржуазияның еңбекшілерді тонаушылығына да қарсы күресіп жатқан пролетар әйелдердің, ұсақ шаруа әйелдердің, қол өнерші әйелдердің, студенткалардың, оқытушы әйелдердің бұқарасынан масқара болып артта қалмауға тиіс. Өзінің құрбан болуға ерлік даярлығымен, өлімге басын байлаумен ескі заманғы ең даңқты қаһармандарынан қалыспайтын бұл әйелдердің үстінде орақ, балғалы және бес бұрышты совет жұлдызы бар ту желбірейді. Лениннің әйелдерге айтқан өсиеттері мен оның революцияшыл бел баласы СССР олардың жүрегі мен қайратына қуат береді.

Еңбекші әйелдер барлығы бір кісідей болып, империалистердің даярлап жатқан апатына қарсы, басқаша айтқанда барған-сайын қауіпті күшейіп отырған соғысқа қарсы бітіспестік, батыл күресуші болып бас көтерулері тиіс. Олар қазірдің өзінде ақ Шығыс Азиада, Оңтүстік Америкада, ағылшындар колониясы—Индияда, голландықтар колониясы — Индонезияда, француздар колониясы — Индо-Қытайда, француздардың, испандықтардың, италиялықтардың—Африкадағы болып жатқан және Иракта, Сирияда, Африкада және тағы басқаларында даярланып жатқан империалистік соғыстардың жалпы мәні мен мақсаттарын бір секунд та естен шығармауға тиіс. Өзінің құруына соғыстан мәулет тілеп отырған капитализмнің өліп бара жатқандығын осы соғыстар дәлелдейді. Қарғыс атқан капиталистік система болып отырған монополистік үстем группалардың барлық үміті, барлық тілегі мен талабы осы соғыстарға аударылып отыр. Олардың адам айтқысыз қым-қиғаш қарсылықтары бола тұрса да бір ғана жалпы талап — Советтер Союзын құралды күшпен жою талабы — Барлық империалистерді біріктіріп отыр. Барлық елдердің империалистері жатса да, тұрса да осыны көксейді. Сол сияқты жаңа бас көтеріп отырған герман империализмі де өзінің күшті жауларынан қайта қарулануға рұқсат алғысы келіп бас иуге, басқаша айтқанда кісі өлтіруге және бөтеннің жерін басып алуға право алып, оның орнына большевизмді құрту үшін өзін „алдыңғы қатарлы жауынгер„ есебінде қызмет етуші етіп ұсынғысы келеді. Сонымен бірге ол бетін бояп, өзін цивилизация мен мәдениетті қорғаушы етіп көрсеткісі келеді.

Күнделікті көріп отырған бейнет пен жоқшылықтың азабынан құтыла алмай жүрген, азаттыққа, өзінің адамшылығын баланды етуге ұмтылып отырған миллиондаған еңбекші әйелдер империалистік жаңа қауіпке қарсы шығу үшін бірігулері керек. Осындай үйкен қауіп

болып тұрғанда олар мызғымайтын біріккен жауынгерлік майдан жасаулары керек, олар өздерінің осы уақытқа дейін бөлініп келгендігін: түрлі саяси партияларда, профсоюздарда немесе қандай да болсын езге ұйымдарда болғандығын, не ол, не бұл профессияның мүдделерін, ұлттық, расаның немесе діннің айырмасын, — осылардың бәрінде естен шығаруға тиіс. Партияда жоқ ұйымдарға біріккен өздерінің бауырларына ұқсап, әйелдер де солармен бірігіп империалистік соғыстарға қарсы күресу үшін, Советтер Союзын қорғау үшін сол бауырларының қатарына қосылулары керек. Ол ол ма, солқылдақтықтың күмәнданушылықтың қауіпті туа қалса, олар ең алдыңғы қатарда болуға тиіс. Амстердамда болған халықаралық соғысқа қарсы конгрес партияда жоқтардың империалистік соғыстарға қарсы жауынгерлік ұйымдасуының мүмкіндігін және оның орасан зор маңызы бар екендігін көрсетті. Құлдардың басына үйіп төгетін капиталдың барлық апаттарына қарсы құлдарға туысқандық көмек беру жөнінде партияда жоқ улым бола отырып, межрабпом барлық апаттардың ең зорына қарсы—империалистік соғысқа қарсы езілгендерді қорғау инициятивасын өз мойнына алды. Амстердам конгресі партиядан сырт бола отырып империалистік соғыстарға қарсы күрестің, байлығын арттыру мақсатымен осы соғыстарды провокациялаушы, миллиондаған адамдардың қаны мен құрып бара жатқан капитализмді жасартуға үміттенген күшті капиталистік группалар мен группа сымақтарға қарсы күрестің біріккен майданының демонстрациясы болды.

Межрабпом ұйымдастырып өткізген соғысқа қарсы конгрес капитал елдерінде түрлі партияларды, ұйымдарды және осы уақытқа дейін бір-біріне қатты қарсы болған түрлі әлеуметтік көзқарастарды жақтаушылардың және солардың өкілдерінің басын қосты. Осындай қайшылықтарға қарамастан, жалпы қауіпті жауға қарсы күресудің керектігі жөніндегі сана империалистік соғысқа қарсы, Қытайды колония етушілікке қарсы, СССР ды қорғау үшін күрес уранымен өткен конгрестің барлық жұмысын белгіледі.

Осындай ретпен құрылған еркек, әйел еңбекшілердің партиядан тыс жауынгерлік бірлігінің төңірегіне шын буржуазиялық пацифистер және ең алдымен бейбітшілік пен бостандық үшін күрестің. Халықаралық әйелдер лигасының өкілдері жиналды. Қимыл жасаудың партиядан сырт Комитеті соғысқа қарсы конгрестің жұмысын ілгері бастырып, алға апаруда. Күресіп жатқан пролетариаттың партиядан тыс туысқан ұйымы МОПР мен істес болу Комитет үшін өте-мөте бағалы іс, бұл істестік, пролетарлар бұқарасын өлімге ұрындырып отырған империалистік соғыстарға қарсы оның күресіне стимул жасалды. Комитет, басқасынан бұрын, Монтевидео мен Шанхайда халықаралық конгрестер өткізуді ұйғарды.

Империалистік соғыстарға қарсы партиядан сырт жорық жасау үшін күрестің және жеңістің сөзсіз шарты болып саналатын еңбекші әйелдердің қатынасуы ете-мөте керек. Империализмге қарсы күресте маңызды пайда тигізу қойынан келмейтін еңбекші әйелдер жоқ. Жоғары дәрежедегі мақсат үшін жұмыс пен күрес үстінде ғана өршитін өздерінің күштері мен қабілетін әйелдер көбінесе өздері де сезбел қалады. Біз бұл арада бұқараның улы қызметінің бұлжымайтын негізі болып табылатын байқаусыз, күнделікті, ұсақ жұмысты да айтып отырмыз. Бұл „ұсақ“ жұмыс жаңа күресшілерді—әйелдер мен еркектерді—империалистерге қарсы әр қилы әдебиеттерді, листовкаларды халықтың қалың бұқарасы арасында таратушы есебінде, осы күресті жүргізу үшін қаржылар жинаушы тағы басқалар, тағы сондайлар есебінде ортақ улы іске қатыстырады. Еңбекші әйелдердің қалың бұқарасының империалистерге қарсы осындай байқаусыз жұмысында империалистік соғысқа және онын басты айыпкері капитализмге қарсы күрестің тәжрибелері, қладан көргіш, құрыштай берік жауынгерлері мен басшылары өсіп отыр. Өзінің отбасысынан сырт топ ішінде өзінің пікірін айту немесе қандай да болса ұсыныс енгізу үшін аузын ашуға батылы бармайтын әйел өз күшінің шегін біле алмалды. Әйелдер ұсақ-түйек міндеттерді орындаудан күрдейі, жауапты міндеттерді атқаруға көшіп, жұмыс пен күрес үстінде ғана өз күшін байқай алады. Сансыз көп, аты шықпаған, белгісіз әйелдердің осындай емескі істестігінің арқасында барлық елдердің эксплуатацияланушылары мен езілгендерінің халықаралық ынтымағы үшін, өз еліне олардың жауыз жауларына қарсы бітіспей күресу үшін ашықтан-ашық сөз сөйлейтін әйелдердің орасан зор бұқарасы топтануда. Еңбекші әйелдердің қалың бұқарасының қатынасынсыз капиталистік елдердің үкіметтері мен парламенттеріне, тажалды жау капитализмге қарсы күреске құрыштай жауынгерлік батылын көрсететін бірде-бір жиналыстың, бірде-бір демонстрацияның болуы мүмкін емес. Бұл батылдық әйелдерді жәй демонстрациядан империалистерге қарсы протест жасауға, СССР ды қорғап, революциялық қимылға көшуге сөзсіз итермелелді, бұл жөндегі күрес қымбатқа түседі, бірақ бұдан бірде-бір әйел сескенбеуге тиіс.

Барлық елдердің империалистері еңбекші әйелдерді қыл мысты соғыстың тілсіз, пассив куәлігінен сол соғыстың белсенді қатынасушысы етуге тырысады. Бұл Поль-Бонкурдың мобилизациялық заңында ешбір бояусыз мейлінше ашық айтылып отыр; бұл Поль-Бонкур соңғы уақытқа дейін француздың реформистік социал-демократиясының көмекті көсемдерінің бірі және II Интернационалдың гүлі болды. Француздың буржуазиялық республикасы әлі күнге дейін әйелдерге саяси сайлау правосын беруден бастартады, сүйте тұрса да соғыстық жаңа заң әйелдерге әсіресе соғыс өндіріс кәсібінде істейтін әйелдерге, ең қатаң баң қолданып отыр.

Барлық елдердің пролетарлық еңбекші әйелдері бұл заңсыз-ақ соғыс кезінде түрлі көмектен айырылудың салдарынан, ашаршылық, жоқшылықтың сүргінімен, лажсыздан соғыс заводтарына барып, онда ең өлімші жағдайда жұмыс істегендіктерін ұмытпайды. Ал қазірдің өзінде де капиталдың күңдерін ауыр мұқтаждық, дұрысырақ жалақыға бола соғыс кәсіп орындарында істеуге алдап отырған жоқ па? Әйелдер жапон тонаушылары мен олардың барлық капиталистік елдердегі, одақтастары үшін құрал соғуға көмектесіп отыр.

Пролетарлық еңбекші әйелдер ешқандай құрбандықтардан тайсалмастан, өздерін империалистік соғысқа, СССР ға халықаралық шабуылды әзірлеуге, жер жүзілік сұрапыл жаңа өртті тұтатуға зорлап қатынастырудың барлығына қарсы аса зор күш-жігер салып, жан-тәнімен күресуге тиіс. Әйелдер сол сияқты империалистердің өзінің қыл мысын жүзеге асыруы үшін бірде-бір қол көтерілмей, оған ешбір көңіл қойылмайтын етулері тиіс. Жұмысшы әйелдер бүгінгі күні табатын бір сындырым наны үшін империалистік тонауға, кісі өлтірушілікке көмектесіп, ал ертеңгі күні сол үшін өздерінің жұмысы мен еңбегінің жағдайын нашарлатып, өте-мөте құны қымбат—социализм арқылы өзін азат етуден бастартуға тура келетінін есте ұстаулары тиіс. Олардың барлық профессиялы аға-інілері мен апа-сіңлілерінің жаппал, жан қиярлық көмегі, империалистерді; құралын жойу жонындағы ерлік күресін оңайлатады. Азапты мұқтаждыққа қарамастан, олар соғыста спекуляция жасап, дүние жинап баюшы адамдардың, тәтті тамақтардан майысып жатқан үстелінен лақтырған қалдықтарын—өздерінің өлген аға-інілері мен апа-сіңлілерінің қанының исі аңқыған қалдықтарды қабыл етпейді.

Барлық елдердің империалистері соғысқа қарсы көтерлісті тұншықтыру үшін оқ-дәріні аямайтындығы және ашаршылықтың қауіпіне тоқтамайтындығы өзінен-өзі алан. Жауынгерлік батылдыққа бел байлаған, империалистік соғыстарға қарсы күресуші әйелдер бұдан қорықпауы керек. Олар көшедегі демонстрацияларға, таптың тапқа қарсы күресіне айналатын, эксплуатацияланушылардың және езілгендердің эксплуататорларға, езушілерге қарсы құралды күресіне айналатын көпшілік забастовкаларға қатынасулары керек. Гәп мәртебелі, тіпті аса мәртебелі мақсат жонында болып отыр ғой. Еркек әйел, еңбекшілердің империалистерге қарсы біріккен күресі тоналған және езілген миллиондардың өз отанында өкімет билігін қаратып алу үшін, капитализмді құлатып, социализмді орнату үшін олардың күресіндегі бірінші шешуші адымы болып табылады. Тәрбие алу, саналылығын арттыру, қайратын бекіндіру жөнінде сатыдан-сатыға көтеріліп, данышпан Лениннен қуат, басшылық алған еңбекші әйелдер бұқарасы ілгері басып келеді.

Дамудың осы процесімен көптеген әйелдердің ілгеріде алға басуы да өте тығыз байланысты; олар мұнан былай партияда жоқ, бейтарап күйінде қалмайды: олар еңбекшілердің қуатын күшейтудің құрал ретіндегі саяси партияның маңызын ұғынады, сөйтіп эксплуатацияланушы және езілуші бұқараны олардың нан үшін, бостандық пен мәдениет үшін күресінде басқара алатын бірден-бір партияның,—коммунистік партияның—қатарына кіреді.

Империалистік соғыстарға қарсы күрес, капитализмге қарсы күрес және бүкіл дүниені қызықтырған социализм үшін күрес — империалистік соғыстарды ашықтан-ашық жақтаушылардың, соны демеушілердің барлығына қарсы және соларды туғызатын буржуазиялық құрылысына қарсы алаусыз күрес пен ажырағысыз байланысты күрес. Сондықтан, эксплуатацияланушы және езілген бұқара жалған буржуазиялық демократияның сілтеуімен реформистік бір жеңіл секіруімен ғана капитализмнен социализмге „ырғып түседі мыс“ деген жалған ғылымды реформистік қорғаушыларға және оны уағыздаушыларға қарсы аяусыз күресу керек. Бұл өтірік „теорияларды“, капитализмнің езгісін құлату ісі тек революциялық музыканың дүбірімен ғана істеледі деген сананы күшейту жонымен әшкерелеу керек. Реформистік көксеушіліктер мен елесті иллюзиялар кімде-кім бостандыққа аяусыз күрестен басқа жолсыз қолымыз жетпейді дейтіндердің жауынгерлік батылдығы мен күреске ұмтылған қайратын уландырып, мешеулетеді. Реформистік көксеушілік пен елесті иллюзиялар бұқараны шабытты, бірден-бір мақсатқа бастайтын жолдан — революциялық күрес жонынан — шығыс таппайтын тұйыққа, тұтқиылға қарай аударады.

Қазіргі моментте империалистік соғыстарға алдап салушы есебінде, таптық күрестің аренасында капиталдың қорғаушысы және бірінші жауынгері есебінде бас көтеріп отырған лас, қанқұйлы фашизмге қарсы күресу үшін дайындалып, зор құрбандыққа бас байлауға барлық күшті жұмсау керек.

Фашизм эксплуатацияланушы бұқараның таптық саналы тұрмысының қандайын болса да жонып, осы тұрмысты жасаушыларды күшпен қырғысы келеді. Егең өзінің азаттығы мен тең құқылысы үшін күресіп жатқан әйелге реформизмнің бықсыған ұсақ буржуазияшыл қонақ үйінде орын жоқ болса, оған фашистік „үшінші империяда" да орын жоқ, мұндағы әйел бала туатын машинаның, тежеусіз иеленушісі, бұйырушысы — өз күйеуінің тілсіз күңі рөлін атқаруға тиіс. Еңбекші әйелдер социализмді азат етуде империалистерге қарсы ұйымдасқан, біріккен малдан арқылы социализмді азат ету ісіндегі осы айырықша қауіпті, аяусыз, қастасқан жауды қиратуға барлық күшін жұмсауға тиіс.

* * *

Халықаралық коммунистік әйелдер күні еңбекші әйелдердің революциялық күштері өздерінің күнделікті мүдделерін қорғау үшін, социализм арқылы азаттық алуы үшін Біріктірудің аса маңызды факторы болып табылады. 1910 жылы II Интернационалдың Копенгагенде болған Халықаралық социалистік әйелдер конференциясында жыл сайын халықаралық пролетарлық әйелдер күнін

өткізуге қаулы етілді. Бұл қаулы 1905 жылы патшалық Ресейде болған улы жемісті революциялық қозғалыстың және әсіресе Мәскеуде болған бұқаралық забастовкалар мен баррикадалық ұрыстардың стихиялық күшінің ықпалы мен шығарылды. Бұл қаулы әйелдерді социализм арқылы азат ету жөніндегі Лениндік өсиет мәнінде дәл маркстік рухқа бөленді. Әйелдер күні пролетар әйелдердің күнделікті аса маңызды мұқтаждары негізінде еркек, әйел пролетарлардың буржуазиялық құрылысына, оның негізі — капитализмге қарсы, социализм үшін таптық күресін ұйымдастыруға тиіс. Оның инициаторларының пікірі бойынша Халықаралық әйелдер күніндегі демонстрациялар революцияшыл бұқараны империализмнің таптық күрестегі барған-сайын өршіп отырған қысымына да қарсы, сол сияқты ревизионистік, реформистік ағымдардың барған-сайын жұмысшы қозғалысына аңғыртта еніп кетуіне қарсы және оппортунистік көсемдердің өздері басқарып отырған партиялар мен ұйымдардың санасына, жауынгерлік батылдығына іріткі ықпалына қарсы аттандыруға тиіс. Халықаралық әйелдер күніндегі демонстрациялар бұқаралық забастовкалар мен түрлі бұқаралық ереуілдердің төнірегіндегі жаңа болат буын болып табылуға тиіс, бұл забастовкалар мен ереуілдер капитализмді құлатып, социализмді орнату үшін империализмге қарсы революциялық күреспен аяқталуға тиіс.

Өзінің революциялық асылына шын адал, Халықаралық әйелдер күні 1917 жылы 8 наурызда Петрбургта „нан, бітім, бостандық“ ұранымен көше ұрысында кең орын алды. Кәсіп орындарындағы, жұмысшы кварталдарындағы және казармалардағы большевиктік қажырлы, ыждағатты даларлық жұмысының арқасында царизмнің құралды күштерімен күресте бұқара жеңіп шықты. Сөйтіп, Ресейде Халықаралық әйелдер күні буржуазиялық-демократиялық революцияның түпкі кезі болды, бұл буржуазиялық-демократиялық революция езінің алдына ешбір теңдесі жоқ анағұрлым жоғары мақсат қойған, жер жүзілік тарихи орасан маңызы бар Қазан революциясына ұласты. Сол кездің өзінде II Интернационалдың партиялары мен ұйымдарының Халықаралық әйелдер күні еңбекшілердің сенімпаз бұқарасын адастыруға арналған өрескел фальсификация болып саналады. Халықаралық пролетарлық ынтымақ пен социализмнің барлық принциптерін 1914 жылы тамызда және империалистік қырғын тұсымда масқара аяқ асты еткен II Интернационал көсемдері, бұқараны халықаралық ынтымақ көрсетуге шақыратын мақтанышты правосынан айырылып қалды. Олардың жауыздық сатқындығы кешірілмейтіндігі, ұмытылмайтындығы сондай болды, реформистік көсемдер, еркектері болсын әйелдері болсын, капитал өкілдері мен экономикалық және саясаттық істестік жасаудың бұрынғысынша жұмысшыға қарсы принципсіз саясатын жүргізе отырып, қазірде де сол сатқындық ісін істеп келеді. Солардың ішіндегі кей біреулерінің министрлік және президенттік креслоларға отырып рақатқа шомылуынан, капитал құлдарының малайларының билігі тымақтай ұтқан жоқ. Қайта керісінше, осының салдарынан туған саяси жас балалардың мағнасыз үміттері пролетариаттың аяғын кісендеп, күшін кетіріп отыр. пролетариатты буржуазиялық демократия ешуақытта да ешбір ықтиярымен бермейтін өкімет үшін революциялық күрестен басқа жаққа аударып отыр. Коалициялық үкіметтер сөйтіп, еңбекші әйелдерге тепкі көрсетіп отырған қауіпті зарығуларда, әйелдер құрбандық болып отырған фашистік айуандықтар жөнінде мейлінше айыпты. Тіл жеткісіз жоқшылықтан зарығып отырған, алдауға көнген, сенімпаз еркек, әйелдер жұмысшылардың қанына малынған, түсі өнген реформизмнің лас туынан үзілді-кесілді безіп, жеңісті күн ілгері дабылдаған, Коммунистік Интернационалдың желбіреген алқызыл туының төңірегіне топтануға тиіс.

Еңбекші әйелдердің сансыз армиясының империализмге қарсы, социализм үшін күресудегі салтанатты үні қуатты қимылға айналуға тиіс. Күнделікті еңбек пен күрес оларға бағыт және мақсат сілтейтін қанымен қаны, жанымен жаны біте қайнасқан ұран болуға тиіс. Бұқаралық және таптық күрестердің мағнасы мен мақсаты ешқандай шүбәланғысыз мүлдем айқын. Мәселе мына түрде қойылып отыр: не капитализм, басқаша айтқанда, дүниені күйзеліске бастайтын экономикалық және қоғамдық құрылыс тұрады, не болмаса коммунизм тұрады. Социализм арқылы таптарды жонып, адам баласын азат етудің маңызды болып табылатын азаттық пен тең құқылыны еңбекші әйелдер өзінің бауырларымен берік одақтаса отырып женіп алуға тиіс. Мақсаттың зор болуы ешқандай солқылдақтыққа, күресте шегіншектікке, уақытша ұсақ-түйек пайдаға бола ешқандай ұсақ саудаға жол бермейді. Осындай жоғары мақсат үшін күресте тым көп шығын болатындай құрбандық жоқ, тым жоғары болғандай құн жоқ. Қазіргі моменттің міндеттері және тарихи қолайлы ситуация үзілді-кесілді күреске қосылуды бұйырып отыр. Бұл міндеттер мен ситуация еңбекші пролетар әйелдердің бұқарасына қатты үнмен былай деп бұйырып отыр:

Саналы болыңыздар, қимылдаңдар, күресіңдер! Нағыз тарихи ұлы моментке сіздер дәрменсіз кездесіп жүрмеңдер. Кешегі ат-есімсіз, атақсыз күңдердің, бүгінгі жауынгерлердің сансыз миллиондары бас көтеріп шығып, алға ұмтылыңдар! Табысты күреспен жеңіп алыңдар! Сіздер халықаралық жанқиярлардың ішінде Лениннің мәңгі өлмейтін өсиетінен орныңызды алыңдар, сіздер өздеріңізді Лениннің ғылымына, ісіне сал етіп көрсетулеріңіз керек!

Редактор Арынова Н.

Переводчик Бирманов И.

Технический редактор Тигин Вл.

Корректор Катталов Р.

Сдано в набор 21 марта 1939 г. Подписано к печати 29 мая 1939 г. Казгосполитиздат № 340. Уполномоч. Казглавлита № 1287. Тираж 6000. формат 84х110(1/32). Объем 2,75 печ. л. 2,25 уч. авт. л. 39,6 тыс. зн. в печ. л.

Отпечатано в Кн.-журнальной тип. Казполиграфтреста, г. Алма-Ата, Узбекская, 11. Заказ № 805