Г. В. ПЛЕХАНОВ

 

ЖЕКЕ АДАМДАРДЫҢ ТАРИХТАҒЫ РӨЛІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕ

 


Жазылған: 1898 жылы «Научное обозрение»-де орыс тілінде басылған.
Жарияланған: Плеханов Г. В. Жеке Адамдардың Тарихтағы Рөлі Туралы Мәселе Жөнінде – Алматы: Қазақ Мемлекеттік Саяси Әдебиет Баспасы, 1939.-45 бет.
Аударған: Абдиров.
Редактор: Арыкова Н.
Техникалық редактор: Тигин В.
Корректор: Джантуганов А.


 

БАСПАДАН

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

 

 


 

 

БАСПАДАН

 

Г. В. Плехановтың «Жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселе жөнінде» деген еңбегі алғашқы рет 1898 жылы «Научное обозрение-де» А. Кирсанов деген бүркеме атпен қол қойылып шықты. Кейіннен бұл еңбек «Жиырма жылда» деген жинаққа кірді; Плехановтың шығармалар жинағының 1925 ж. басылған VIII томына кіргізілді.

Плехановтың марксизмді негіздеуге, қорғауға және қоғамдық даму жөніндегі марксистік теорияны пропагандалауға арнаған басқа еңбектерінің ішінде бұл еңбегі көрнекті орындардың бірін алады.

Марксизмнің жаулары, марксизм жеке адамдардың қоғамдық дамудағы рөлі мен маңызын жоққа шығарады және тарихи (қозғалысты болмай қоймайтын, атсыз, уәкілсіз бір нәрсеге айналдырамыз деп марксизмді қиналуға көптен ақ тырысып келді. Осы сияқты өсекті 90-жылдары марксизмің қас дұспаны — орыс халықшылдары да өзгеше күш салып таратып бақты.

Марксизмге таққан бұл арам ойды өсекті әшкерелеуде және жеке адамның тарихтағы рөлі турасындағы марксизмнің шын көзқарасын ақындаудың, Плехановтың «Жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселе жөнінде» деген еңбегі үлкен рөл атқарды. Марксистік әдебиеттің ішінде Плехановтың бұл шығармасы ең жақсы еңбектердің бірі болып саналады. Бұл еңбек тамаша тапқыштық пен талантты бейнелі түрде жазылған; бұл еңбекті, оқушы кәзір де өте сүйсініп оқиды және бұл, жеке адамдардың қоғамдық дамудағы рөлі туралы мәселеге дұрыс түсінуде оқушыға жәрдем береді.

Жеке адамдардың тарихтағы рөлі жөніндегі марксизм көзқарастарын тамаша баяндаумен қатар, бұл еңбек халықшылдар теориясының негізінің бірі болған — «ерлер» мен «тобырлар» теориясына сілетте соққы берді; ол теория бойынша, адам баласының тарихы белгілі, заңды процесс есебінде дамымай, «сын көзімен қарап ойлайтын адамдардың» рецепттісі, қиялы бойынша, кездей соқ жолдармен жүріп отыруға тиісті және тарихты тек «ерлер» ғана жасайды мыс, ал халық бұқарасы «дәрменсіз күш», «тобыр» болып қалады; және ол («ер») «тарихқа жоғарыдан төмен қарамай тұра алмайды, істің тетігі өзінде, ерде екенін білмей тұраламайды, ал тобыр шығармашылық элементтің қандайына болса да жат бұқара, толып жатқан нөлдер; бұл нөлдер қайырымды, «сын көзімен қарап ойлайтын» бірлігінің мейірімі түсіп, оларды бастаған кезде ғана пайдалы болып табылатын бір нәрсе сияқты» (Плеханов, «Тарихқа монистік көзқарастың дамуы туралы мәселе жөнінде», VII том, 156 бет). Плеханов бұл көзқарастардың күл-талқанын шығарды, сонымен қатар халықшылдардың (кейіннен есерлердің) бұл «теориядан» шығарған саяси қортындыларын —бұқаралық революцияшыл күрестен бас тарту, бұқаралық революцияшыл партияны ұйымдастыруға қарсы болатын, жеке террор жасауды уағыздау — талқандап қиратты.

Мұнымен қатар Плеханов бұл еңбегінде — қоғамдық дамудың заңдылық сипатына сүйену арқылы капитализмге қарсы күрес жүргізуден жұмысшылардың бас тартуының қажеттігін «теориялық жолмен» негіздеуге, міне сүйтіп тарихи дамудан оның негізгі қозғаушы күші — революцияшыл тапты және революцияшыл таптың көсемін сырт қалдыруға тырысқан капитализмнің нағыз апологеттерінің дәлелдерін іске асырғысыз етіп әшкереледі.

Марксизмді бұрмалап жүрген халықшылдар, қоғамдық даму заңды процесс болатын болса, онда, демек, «жеке адам еш нәрсе істей алмайды» деген сорақы қортындыны марксизмге таңуға тырысты; капитализмді ашықтан-ашық жақтаушы апологеттері де осы қортындыны Маркс ғылымының негізі етіп көрсетуге тырысты. Плеханов бұл соңғы тырысушылықтың да күл-талқанын шығарды. Адам баласының тарихы заңды процесс болып табылады, бірақ тарих адамдардан сырт өзінен өзі жасалып жатпайды, оны адамдар жасайды; қозғалыс міндеттерін адамдардың өздері ұсынады және ой міндеттерді дәуірдің тарихи жағдайларына сәйкестендіре отырып шешеді, міне сондықтан адамдардың ісінің тарихта зор маңыз алмауы мүмкін емес. Көрнекті адамдардың тарихта атқаратын үлкен рөлін Плеханов тамаша етіп көрсетеді және оны дәлелдейді. Плеханов былай дейді: бұл адамның ұлы болуына себебі; «Онда жалпы және өзгеше себептердің ықпал жасауынан туған, өзінің заманындағы қоғамдық ұлы мұқтаждар үшін қызмет етуге өте-мөте бейім ететін өзгешелік бар. Ерлер турасындағы өзінің белгілі шығармасында Карлейл бұл ұлы адамдарды бастаушылар (Beginners) деп атайды. Бұл ете орынды ат. Ұлы адам нақ бастаушы болып табылады, өйткені ол басқалардан көрі тереңірек көреді және басқалардан көрі күштірек тілейді» (Плеханов, «Жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселе жөнінде», VII том, 304 — 305 бет).

Көрнекті адамның күші — оның таппен, бұқарамен, халықпен байланыса білуінде, оның күші — бұқараны ұйымдастыра білуінде, тарихи қозғалыстың барысын алдын ала көре білуінде. Бұлай болмаған күнде, жеке адамның рөлі — түкке тұрмайтын болып шығады. Бұқараның ұлы күшін тарихтың нағыз жасаушысы есебінде атап көрсете отырып, Сталин жолдас былай дейді: «Тек халық қана өлмейді. Басқалардың бәрі де — өткінші. Сондықтан халықтың сенімін ардақтай білу керек».

Кейін, бұқарадан қол үзуінің арқасында Плехановтың өзі саясат жөннен мүгедектікке айналғанмен, оның «Жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселе жөнінде» деген еңбегінің өте үлкен маңызы кәзіргі көзге дейін жоғалған жоқ. Бұл еңбек жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы марксистік ғылымды, біздің жастардың дұрыс ұғынуына үлкен көмек көрсетеді және жеке адамдардың тарихтағы рөлі жөніндегі халықшыл-эсершіл көзқарастардың қалдықтарымен күресуге жәрдемдеседі.

Ленин былай деп жазды: «Оның (Плехановтың — Ред.) қара басының өткендегі істеген қызметі өте зор. 20 жылдың, 1883— 1903, ішінде ол бұқараға тамаша шығармалар, әсіресе оппортунистерге, махистерге халықшылдарға қарсы жазылған шығармалар берді» (Ленин, XVII том, 415 — 416 беттер). Ленин жас коммунистерге Плехановтың философия жөнінде жазылған еңбектерін үйренудің қажет екендігін көрсетті, ол еңбектерді қайта бастырып шығаруды және «коммунизмнің міндетті түрдегі оқу кітаптарының сериясына» (Ленин, XXVI том, 135 бет) кіргізуді талап етті.

 

 

I

 

Жетпісінші жылдардың екінші жартысында марқұм Каблиц: «Ақыл және сезім прогрестің факторлары» деген мақала жазды; бұл мақаласында ол Спенсерге сүйене отырып, адам баласының ілгері қарай жасаған қимылында басты рөл атқаратын сезім, ал ақыл екінші дәрежедегі және сонан келгеннен мүлде бағынышты рөл атқарады деп көрсетті. Ақылды артқы жаққа қалдырған теория жөнінде келекелей таңданып бір «қадірлі социолог» Каблицке қарсы шықты. «Қадірлі социологтың» ақылды қорғауы, әрине, дұрыс болды. Бірақта, егер Каблицтың көтерген мәселесінің негізіне бармай-ақ, оның ол мәселені қозғауының қаншалықты мүмкін еместігін және орынсыз екендігін көрсетсе, «қадірлі социологтың» айтуы бұдан да көрі анағұрлым дұрысырақ болған болар еді. Шындығында да, «факторлар» теориясының дәлелсіз екендігі өзінен-өзі-ақ көрініп тұр, өйткені ол қоғамдық тұрмыстың түрліше жақтарын өз бетімен, қалай болса солай бөліп алып қарайды, оларды өз алдына тұратын нәрсе деп санайды және оларды, қоғамдық адамды түрліше жақтан, түрлі дәрежелерде прогрестің жолымен жүргізіп отыратын ерекше күшке айналдырады. Каблицтың баяндаған түрінде бұл теория бұрынғысынан да анағұрлым дәлелсіз, ол тіпті қоғамдық адамның ісінің иә ол иә бұл жақтарын емес, жеке санының түрлі тарауларын өзгеше бір социалогиялық ипостасқа айналдырады. Бұл шындығында барып тұрған абстракция; бұдан әрі еш қайда баруға болмайды, өйткені бұдан әрі нағыз барып тұрған мағынасыздықтың күлкі дәурені басталады. Міне «қадірлі социологке» Каблиц пен оның оқушыларының назарын осыған аудару керек еді. Тарихта үстемдік етуші «факторды» табуға ұмтылушылықтың Каблицты абстракцияның қай тұңғиығына апарып соққанын анықтап алған соң, «қадірлі социологі», мүмкін, аңдаусызда факторлар теориясының өзін сынауға бір нәрсе істеген болар. Бұл ол кезде біздің бәрімізге де өте пайдалы болған болар еді, Бірақ ол шындықтың жоғарғы сатысына шыға алмады. Оның өзі де сол теорияның бағытында болды; оның Каблицтен айырмашылығы ек1ектизмге бейім болғандығы ғана, осының арқасында оған барлық «факторлар» бірдей маңызды болып табылады. Оның ойының эклектикалық қасиеті, кейіннен оның диалектикалық материализмге жасаған шабуылдарында ,өзгеше айқын көрінді; ол диалектикалық материализмді басқа факторлардың бәрінде экономикалық «факторге» құрбандық ететін, және жеке адамдардың тарихтағы рөлін нөлге теңейтін ғылым деп санады. Диалектикалық материализмге «факторлар» тұрғысынан қараудың жат нәрсе екендігі, бұл теория квиетизм дейтінді ақтайды деп есептеу, логикалық ойлау ешбір икемі жоқ адамның ғана қолынан келе алатындығы «қадірлі социологтың» миына кіріп те шыққан жоқ. Бұл жерде бір аңғаратын нәрсе сол — «қадірлі социологтың» бұл кемшілігінде тыңнан табылған ешнәрсе жоқ: мұны толып жатқан басқа адамдар да істеді. істеп те отыр, мүмкін, тағыда ұзақ уақыттар істер...

Материалистерді жаратылыс пен тарихқа жасаған диалектикалық көзқарастары болмай тұрған кезде-ақ, квиетизмге бейімсің, деп кіналайды. «Өткен заманға» жармаспамақ, Англияның белгілі оқымысты адамы Пристлимен Прайс екеуінің таласын еске түсірсек те болады. Пристлидің оқуын тексере келіп, Прайс — материализм еркіндік туралы ұғымға қарсы және жеке адамның өз алдына іс істеуінің қандайын болса да жоққа шығарады деп дәлелдеді. Бұған жауап есебінде Пристли күнделікті өмір тәжрибесіне сүйенді. «Мені де барлық жәндіктердің ішіндегі нағыз қозғалмайтын жәндік деп атауға, әрине, болмайтын болса да (am not the most torpid and lifeless of all animals), мен өзім туралы атаймын, бірақ менің сізден сұрайтыным: нағыз маңызды мақсаттарды көздеуге қажеттілік туралы ғылымды жақтаушылардың ой жігерінен, белсенділігінен, күшінен және табандылығынан артық ой жігерді, белсенділікті, күшті және табандылықты қайдан табасыз?». Пристли ол кезде Christian necessarians[1] деп аталатын демократиялық діни сектаны айтып отыр. Ол секта, өзінің бір адамы болған Пристлидің нақ ойлағанындай іскер болдыма, жоқ па ол арасын білейміз. Бірақ әңгіме онда емес. Адамның епкі жөніндегі материалистік көзқарастың практика жүзіндегі нағыз жігерлі іспен ете жақсы келісе алатынына ешқандай күмән жоқ. Лансон былай дейді: «адамның еркіне үлкен талап қойған доктриндердің барлығы да принцип жөнінде еріктің әлсіздігін растады; олар еркіндікті жоққа шығарды және дүниені фатализмге бағындырды».[2] Лансонның, еріктің еркіндігі дегенді жоққа шығарушылықтың қандайы болса да фатализмге апарып соғады деуі дұрыс емес; бірақ бұл оған нағыз барып тұрған қызғылықты тарихи фактыны көрсетуіне кедергі болған жоқ: шындығында да, тарих, практика жүзінде жігерлі түрде іс істеуге фатализмның әрқашанда кедергі болмағаны былай тұрсын, қайта, керісінше, белгілі дәуірлерде оның мұндай іс іс деуге қажетті психологиялық негіз болғанын, көрсетеді. Сөзімізді дәлелдеу үшін, XVII ғасырдағы Англияның басқа партияларының бәрінен де жігерлілігі басым болған пуританды, және Индиядан Испанияға дейін, жер шарының үлкен бөлігін (полосасын) өзіне қаратып, бағындырып алған Мұхамметтің жақтаушыларын еске алуымызға болады. Белгілі уақиғалардың қатарының сөзсіз болатындығына көз жеткізсек қана болғаны оған жәрдем етудің не қарсылық көрсетудің психологиялық мүмкіндігінің қандайы болса да бізден жойылып кетеді, деп ойлаушылар үлкен қателеседі.[3]

Менің өз ісім қажетті уақиғалардың тізбектерінің қажетті бір буыны болып табыла ма жоқ па, бұл жерде әңгіменің бәрі осыған байланысты. Егер табылатын болса, онда менің ауытқуым солғұрлым аз болады, онда мен соғұрлым батыл кірісемін. Мұнда таңданарлықтай ешнәрсе де жоқ: мына адам өзінің ісін қажетті уақиғалардың тізбектерінің қажетті бір буыны деп санайды дегенімізде, бұл, айтқандай, еріктің еркін болмауы ол адам үшін дәрменсіздікке мүлдем қабілетсіз болғанмен бірдей және бұл, еріктің еркін болмауы, ол адамның санасында езінің істегенінен басқаша істеуге мүмкін болмайтын сиқты болып көрінеді, деген сөз. Бұл Лютердің: «Hier stehe ich, ich kann nicht anders» деген атақты сөздері мен айтуға болатын нақ психологиялық пейіл және осы пейілдің арқасында адамдар нағыз тайынбастық батыл жігер салады, тамаша зор істер істейді. Бұл пейіл Гамлетке белгісіз болды: міне сондықтанда оның қолынан тек күйініп уайымдау мен басы ауған жаққа кету ғана келді. Міне сондықтан Гамлет, еркіндік дегеніміз санаға көшкен қажеттілік деген философияға еш қашанда да ырза болмас еді. «Адамның өзі қандай болса, оның философиясы да сондай» деп Фихте орынды айтты.

 

 

II

 

Батыс-европадағы әлеуметтік — саяси ғылымдардың біріне тән сияқты болған шешілместіктей қайшылық туралы Штаммлердің жасаған ескертуіне бізде осы күні бірсыпыра адамдар едәуір мән беріп жүр. Біздің айтып отырғанымыз айдың тұтылуы жөніндегі белгілі мысал Шындығында бұл нағыз барып тұрған сорақы мисал. Айдың тұтылуына қажетті болатын шарттардың ішіне адамның ісі ешқандай ретте де кірмейді және кіреде алмайды, ал айдың тұтылуына көмек көрсететін партия құрылса, тек жындыларды бағатын үйде ғана құрылуға мүмкін екендігі міне осының өзінен ақ көрініп тұр. Ал егер адамның ісі, аталған шарттардың ішіне кіретін болса да, айдың тұтылғанын көргісі келгенмен, бұлардың көмегінсіз-ақ айдың сөзсіз тұтылатынына көзі жеткен адамдардың біреуі де айдың тұтылуы жөніндегі партияға кірмеген болар еді. Бұл ретте олардың «квиетизмі» артық, яғни пайдасыз, істен бастартқандық қана болар еді және нағыз квиетизммен ешқандай қосылғаны болмаған болар еді. Жоғарғы көрсетілген партия жөніндегі әңгіме етіп отырған, айдың тұтылуы жайындағы мысалды, мағынасыз етіп қайдырып қоймау үшін оны мүлде өзгерту керек болар еді. Ол жөнінде былай деп қиялдану керек болар еді: айдың санасы сар екен, оның тұтылуына себеп болатын әуедегі жағдайы, оған өзінің еркін өзі билегенінің нәтижесі сияқты екен және бұл жағдай оған үлкен рахат туғызып қана қоймайды, сонымен қатар оның моральдық жөнінен уайымсыз, тыныш болуы үшін сөзсіз керек нәрсе, сондықтан ол осы жағдайға жету үшін әр қашанда да құмарлана ұмтылады екен делік.[4] Осылай етіп қиялданып болғасын, өзіңе, мынадай сұрақ қойу керек болар еді: егер ай, ақырында, өзінің әуедегі қозғалысын шындығында еркі мен «идеалдарының» Белгілемейтінін, қайта, керісінше — еркі мен «идеал дарын» өзінің қозғалысы белгілейтіндігін білсе, ол не істеген болар еді? Штаммлердің ойынша: егер ай қиыншылықтан қандайда солса бір логикалық қайшылық арқылы шықпаса, анадай деп білу, оны қозғалуға сөзсіз жарамсыз етер еді, дейді, Бірақ мұндай жобалау мүлде, ешнәрсеге де негізделмеген жобалау ғой. Бұлай деп білу айдың жаман ойының, моральі мен өзінің арасындағы шатақтың. «идеалдары» мен өзінен өзі болып тұратын шындықтың арқасындағы қайшылықтың формалдық негіздерінің бірі болып табылған болар еді. Бірақ біз «айдың психологиялық күйлерінің» жалпы алғанда барлығы да, ақыр аяғында, өзінің қозғалысына байланысты деп санаған соң, оның моральдық шатастарының себептерін де қозғалыстан іздеу керек болар еді. іске зер салып қараған күнде, былай болып шығар: ай ең жоғарғы ұясына барған кезде, мүмкін, ол өзінің еркінің еркін болмағаны туралы қайғыратын болар, ал ең төменгі ұясына келген кезде, еркінің еркін болмауы оның моральдық қуанышының, моральдық жөнінен көңілденуіне жаңа формалдық себеп болар. Мүмкін керісінше болып шығар: мүмкін, ай төменгі ұясында емес, жоғарғы ұясында ақ еркіндікті қажеттілікпен келістіретін амал табар. Қалай болған күнде де мұндай келісушіліктің болуына толық мүмкіндіктің барлығы даусыз; қажеттілікті білу практика жүзінде нағыз жігерлі түрде іс істеумен тамаша сай келеді. Әйтеуір осы көзге дейін тарихта солай болып келді. Еріктің еркіндігін теріске шығарып жүрген адамдар, көбінесе өз еркінің күші жөнінде замандас адамдардың бәрінен де асып түсті, және ерікке неғұрлым үлкен талаптар қойды. Мұндай мисалдар көп. Олар жұрттың бәріне де мәлім. Ол мисалдарды Штаммлер құсап ұмыту тарихи шындықты болған қалпында, әдейі көргісі келмеген адамдар ғана ұмытар. Мұндай көргісі келмеушіліктер, мысалы, біздің субъективистер мен кей бір неміс филистерлерінде күшті. Бірақ филистерлер мен субъективистер адам емес, жай ғана аруақ қой; Белинский осылай деген болар еді.

Алайда, адамның өзінің ісі — өткендегі, кәзіргі не болашақтағы — өзіне қажеттіліктің гүлімен тегіс безенген болып көрінетін жағдайды алып көрейік. Мұндай жағдайда адам — Мұхаммет сияқты құдайдың уәкілімін дей отырып, Наполеон сияқты еш адамның болдырмауға қолынан келмейтін, тағдырдың таңдап қойған адамымын дей отырып, не XIX ғасырдың кейбір қоғамдық қайраткерлері сияқты тарихи қозғалыстың ешкім жеңе алмайтын күшінің жақтаушысымын дей отырып — әр уездерден шыққан Гамлеттердің және гамлетшілдердің жолына құрған кедергілерінің бәрін, қурайдан тіккен күркедей, талқандап, еріктің стихиялық дерлік күшін көрсетеді,[5] Бірақ бұл жағдай кәзір бізді басқа ретте, атап айтқан-да мына ретте қызықтырып отыр. Менің еркімнің еркін еместігін білу, маған істеп отырғанымнан басқаша істеуге толық субъективтілік және объективтілік мүмкіншіліктің болмауы ретінде ғана болып табылса және менің сол істеп отырған ісім, сонымен қатар барлық істеуге мүмкін болған істер дің ішіндегі маған ұнайтыны болса, бұл кезде қажеттілік менің санамда еркіндікпен тең болады, ал еркіндік қажеттілікпен тең болады, міне бұл кезде мен тек еркіндіктің қажеттілікпен теңдігін бұзылмайтын болу мағнасында ғана еркін емеспін; оларды бір біріне қарсы қоя алмаймын; кажеттіліктің қысымен сезе алмаймын. Бірақ еркіндіктің бұл сияқты жоқ болуы, сонымен қатар оның толық жүзеге асуы болып табылады.

Зиммель былай дейді: еркіндік дегеніміз қандай нәрседен болса да еркін болу деген сөз және еркіндік қандай нәрсеге болса да байланысты болудың қарама қарсысы деп түсінілмеген жерде, еркіндікте ешқандай мағына болмайды. Бұл, әрине, солай. Бірақ бұл жұртқа мәлім кішкентай ғана ақиқаттыққа сүйеніп, қай кездегі болсын философиялық ойдың табыстарының ішіндегі ең даналық табысы болған — еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік — деген ережені теріске шығаруға болмайды. Зиммельдің байымдауы тым қысқа: ол тек сыртқы қысымнан еркін болушылыққа қана жатады. Әңгіме ол сияқты қысымдар жөнінде болып тұрса еркіндікті қажеттілікпен теңдестіру барып тұрған күлкі болар еді: егер сіз қалтаңыздан и тер орамалыңызды ұрлап алуға ұрыға қарсылық көрсетсеңіз, қандай жолмен болса да сіздің қарсылығыңызды жеңбейінше, ұры еркін бола алмайды. Бірақ еркіндік туралы мұндай элементарлық және үстірт ұғымнан басқа, өте терең ұғым да бар. Бұл ұғым философиялық ойлауға шамасы келмейтін адамдардың қолына мүлде түспейді, ал мұндай ойлауға шамасы келетін адамдар ол ұғымды, тек дуализмнен арылған кезде ғана және субъекті мен объектінің арасында, дуалистер жобалағандай, өтпес тұңғиықтың мүлде жоқ екенін түсінген кезде ғана, қолына түсіре алады.

Орыс субъективисті өзінің утопистік идеалдарын елімізде бар болып тұрған капитализмге қарама қарсы қойады және бұл сияқты қарама қарсы қойудан әрі бармайды. Субъективистер дуализмнің батпағына белшесінен батты. Капитализмнің жүзеге асуына субъективистердің идеалдарының, бар болып тұрған капитализмге ұқсас болуынан көре, орыс «шәкірттері» дейтіндердің идеалдарының ұқсас болуы әлде қайда алыс. Алайда, бұған қарамастан «шәкірттер» идеалды шындықпен қосатын көпір таба алды. «Шәкірттер» монизмге дейін жоғарылап өсті. Олардың ойынша: капитализм өзінің дамуының барысы арқылы өзін өзі жоққа шығаруға және олардың — орыс, тек қана орыстың емес, «шәкірттерінің» — идеалдарын жүзеге асыруға әкеліп соғады. Бұл тарихи қажеттілік. «Шәкірт» осы қажеттіліктің құралдарының бірі болып табылады және өзінің қоғамдық орны бойынша да, осы орынға байланысты шыққан өзінің ақыл және моральдық сипаты бойынша да ол құралдардың бірі болмай тұра алмайды. Бұл да қажеттіліктің бір жағы. «Шәкірттің» қоғам. дық орны басқа емес, сол сипатты туғызған соң, оның қажеттіліктің құралы болуы, құралы болмай тұра алмауы былай тұрсын, сонымен қатар ол құралы болуды құмарлана тілелді және тілемей тұра алмайды. Бұл — еркіндіктің біржағы, сонан келгеннен қажеттіліктен өсіп шыққан еркіндіктің бір жағы, яғни, дұрысырақ айтқанда,— бұл қажеттілікпен теңдескен еркіндік, — бұл еркіндікке айналған қажеттілік.[6] Мұндай еркіндік те бірсыпыра қысымнан еркін болушылық болып табылады; бұл да басқа нәрсеге бірсыпыра байланысты Болудың қарама қарсысы: тереңнен берген байымдаулар, үстірт берген байымдауларды жоққа шығармайды, қайта, оларды толықтыра отырып, өзінің ішіне кіргізеді. Бірақ бұл ретте қандай қысым көрсетушілік туралы, қандай байланысты болушылық туралы әңгіме болуы мүмкін? Не туралы әңгіме болатыны айқын: дуализмнен құтыла алмаған идеалдардың жігеріне кедергі болатын моральдық қысым туралы, идеалдарды шындықтан айырып тұрған өтпес тұңғиыққа көпір сала білейтін адамдардың зәбір көретін байланыстылығы туралы әңгіме болуы мүмкін. Жеке адам философиялық ойды ерлік салып күшейту арқылы бұл еркіндікті өзіне қаратып алмайынша, ол адам әлі өзіне өзі толық келе алмайды және өзінің моральдық зәбірленуімен еркіндікке қарама қарсы тұрған сыртқы қажеттілікке масқараланып айып төлейді. Бірақ оның есесіне, ол адам бұл зәбірлі және ұятты қысымға құл болушылықты талқандаса ақ, жаңа, толық, сол көзге дейін өзіне белгісіз болған өмір үшін туады, және оның еркін ісі — қажеттіліктің саналысы не еркін көрінісі болып табылады.[7] Бұл кезде ол адам ұлы қоғамдық күш болады, бұл кезде енді оған ешнәрсе кедергі, бола алмайды және ешнәрсе кедергі болмайды.

Арам ойлы зұлымға

Жай боп түсед жасылша...
 
 
 

III

 

Тағыда: сол құбылыстың сөзсіз қажет екенін білу ол құбылысқа тілектес және әзін ол құбылысты туғызушы күштердің бірімін деп санаған адамның жігерін күшейтеді. Егер мұндай адам ол құбылыстың қажет екенін біле тұрып, қолын қусырып қарап отырса, ол мұнысымен арифметиканы жаман білетіндігін көрсетер еді. Шындығында да, айтайық, егер белгілі шарттардың соммасы даяр болса А құбылысы сөзсіз жүзеге асады делік. Сіз маған бұл сомманың бірсыпырасы даяр дедіңіз, ал бірсыпырасы Т уақытта солады дедіңіз. Бұған сеніп, мен, — А құбылысына тілектес адам — «Қандай жақсы болды» деп сүйсінемін, сөйтемін де сіздің алдын ала айтқан уақиғаңыз болатын қуанышты күнге дейін жатып ұйықтауға кірісемін. Мұнан не шығады? Мұнан шығатын сол. Сіздің есебіңіз бойынша: А құбылысы жүзеге асуға қажетті болған сомманың ішіне, менің істейтін ісім де кіреді, айталық бұл а ға тең екен. Мен ұйқы мен айналысып қалған соң, сол құбылыстың жүзеге асуына қажетті солған шарттардың соммасы Т моментінде енді С болмайды, С — а болады ғой, бұл істің күйін өзгертеді. Мүмкін, менің орныма басқа адам келер, Бұл да қимыл жасамауға жуық адам болар, бірақ менің, оған соншалықты сорақы болып көрінген, нем құрайды қарауымның мысалы оған жақсы әсер етер, Бұл ретте, А күштің орнын Б күші алады, ал егер а күші б (ас) ға тең болса, онда А күші болуына керекті болған шарттардың соммасы С ға тең болады, сүйтіп, қалай дегенмен А құбылысы сол Т моментінде жүзеге асады.

Бірақ егер менің күшімді нөлге теңеуге болмайтын болса, егер мен шебер және қаблетті қызметкер болсам, егер мен орнымнан ауспасам, менің орныма ешкім отырмаса, онда бізде енді С соммасы толық болмайды, сүйтіп А құбылысы біздің шамалаған уақытымыздан кеш жүзеге асады, немесе жүзеге ассада біздің күткеніміздей толық болмайды, немесе тіпті мүлде жүзеге аспайды. Бұл күндей айқын, түсінікті нәрсе, ал егер мен бұған түсінбесем, егер мен С соммасы, менің орныма басқа адам болғанның соңынан да С болып қалады десем, бұл менің сан білмегендігімнен ғана айтылады. Иә, сан білейтін жалғыз мен ғана екенмін? Сіз, С соммасы Т моментінде сөзсіз даяр болады, деп алдын ала айтқаныңызда, менің сізбен сөйлесіп болған бойда ақ ұйқыға кірісетінімді біле алмадыңыз; сіз мені ақыр аяғына дейін жақсы қызметкер болып қалатын адам деп сендіңіз; сіз сенімі аз күшті, сенімі көп күш деп түсініп қалдыңыз. Демек, сіз де жаман есептедіңіз. Бірақ сіз ешқандайда қателеспеген екенсіз, сіз бәрінде есепке алған екенсіз делік. Онда сіздің есебіңіздің түрі мынадай болады: сіз Т моментінде С соммасы даяр болады, дейсіз. Шарттардың бұл соммасына, теріс әсер етуші ретінде менің орныма басқа адамның болуы кіреді; бұған жақсы әсер етуші ретінде, ісіне берік адамдардың, өздерінің алдына қойған талаптары мен идеяларын объективтік қажеттіліктің субъективтік көрінісі екендігіне сенім туғызатын сауықтырғыш істе кіреді. Бұл ретте, С соммасы шындығында да белгіленген уақытта далар болады, сүйтіп А құбылысы жүзеге асады. Бұл түсінікті сияқты. Ал егер түсінікті болса, А құбылысының сөзсіз болатындығы туралы ойдың мені сескендіруінің мәнісі қалай? Маған ол ойдың мәні қимыл жасамайтын адам ететін сияқты болып көрінгені несі? Ол туралы ойлай отырып, арифметиканың нағыз жабайы ережелерін менің ұмытып қалуымның себебі не? Мүмкін, оның себебі: тәрбиемнің нашарлығынан менде жалқаулыққа күшті ұмтылушылық болар және менің сізбен жасаған әңгімем, бұл мақтануға тұрарлық ұмтылудың стақанын толтырған көп сөздердің бір тамшысы болар. Міне болғаны тек осы ғана. Бұл арада қажеттілікті тану тек осы мағынада ғана,— менің моральдық дәрменсіздігімді және жарамсыздығымды көрсетуге себеп болу мағынасында ғана, көрінді. Ал бұл дәрменсіздіктің себебі қажеттілікті тану деп санауға еш мүмкін емес: себеп онда емес, менің тәрбие алануымның жағдайларында. Демек ...демек, — арифметика деген аса қадірлі және пайдалы ғылым, оның ережесін тіпті философ мырзалардың да, тіпті әсіресе философ мырзалардың да ұмытпауы тиіс.

Ал сол құбылыстың қажетті екенін білу, оның болуына тілектес емес, қарсы тұратын күшті адамға қандай әсер етеді? Мұнда істің мәні бірсыпыра өзгереді. Оны білу оның қарсылық көрсету жөніндегі жігерін әлсіретер, бұл өте мүмкін нәрсе. Бірақ ол құбылыстың дұшпандарының сөзсіз болатындығына көзі жетсе? ол құбылысқа қолайлы жағдайлар өте көбейсе және өте күшейсе. Оның дұшпандарының ол құбылыстың сөзсіз болатынын білуі және олардың жігерлерінің әлсіреуі, оған қолайлы жағдайлардың күшінің жарыққа шығуы ғана болып табылады. Мұндай жарыққа шығушылықтар, өз кезегінде, осы қолайлы болатын жағдайлардың санына кіреді.

Бірақ қарсылық көрсету жігері оның дұшпандарының барлығында да азаймайды ғой; ол құбылыстың сөзсіз болатындығын білудің арқасында бірсыпыра дұшпандарының қарсылық көрсетуі күшейе түседі, қарсылық көрсету жігері жанталасу жігеріне айналады. Жалпы тарихта, оның ішінде Ресей тарихында бұл сияқты жігердің көрнекті мисалдары аз емес. Мұндай мисалдарды оқушы біздің жәрдемімізсіз ақ есіне түсіре алады деп сенеміз.

Бұл арада Кареев мырза біздің сезімімізді бөледі; ол еркіндік және қажеттілік жөніндегі біздің көзқарастарымызға әрине, қосылмайды, және оның үстіне күшті адамдардың «асқан ерлігіне» жасаған біздің құмартуымызды мақұлдамайды, бірақ, дей тұрғанмен жеке адам үлкен қоғамдық күш бола алады деген пікірді біздің журналымызға жазған мақаласында құшағын жайып қарсы алады. Құрметті профессор: «Мен әрқашанда да осыны айтып едім» деп қуана көтеріледі. Мұнысы раста. Кареев мырза және басқа субъективистер әрқашанда да жеке адамдарға тарихта аса маңызды рөл беріп отырды. Және олардың мұнысы, жалпының пайдасына игілікті еңбек етуге ұмтылған, сондықтан табиғи түрде, жеке ықыласын жоғары бағалауға бейім болған алдыңғы қатардағы жастардың ішінде оларға үлкен тілектестік туғызған уақыты да болды. Бірақ субъективистер жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселені істің шын мәнісінде шеше алмағаны былай тұрсын, тіпті дұрыс қойа да алмады. Олар «сын көзімен қарап ойлайтын жеке адамдардың ісін» қоғамдық тарихи қозғалыс заңдарының ықпалына қарсы ұсынды, міне сүйтіп факторлар теориясының жаңа бір түрін жасағандай болды; сын кезімен қарап ойлайтын адамдар, аталған қозғалыстың бір факторы болып табылды, ал екінші факторы — оның өзінің Заңдары болды. Нәтижесінде нағыз барып тұрған келіспеушілік шықты; бұған тек іскер «адамдардың» назары әзірге күнделікті практикалық іске аударылып отырған кезде ғана, сондықтан олардың философиялық мәселелермен шұғылдануға әзірге уақыты болмай отырған кезде ғана ырза болуға болады. Бірақ, сексенінші жылдарда болған тыныштық, ойлана алатын адамдарға философиялық мәселелермен шұғылдануға еріксіз мүмкіншілік туғызған уақыттан бастап субъективистердің ғылымы басынан аяғына дейін сөгіле бастады және тіпті Акаки Акакиевичтің даңқты шинелі сияқты мүлде ыдырап, жыртыла бастады. Жамау-жасқаудың ешқайсысы ем болмады, нағыз барып тұрған негізсіз ғылым есебіндегі субъективизмнен ақыл иесі адамдар бірінен соң бірі бастартты. Бірақ, субъективизмге қарсы реакция оның дұшпандарының бірсыпырасын оған шамадан тыс қарама қарсылыққа апарып соқты; бұл ондай ретте әр қашанда да болмақшы ғой. Егер кейбір субъективистер «жеке адамдарға» тарихтан болғанынша үлкен рөл беру ниетімен адам баласының тарихи қозғалысын заңды процесс деп санаудан бастартса, олардың жаңалықтағы дұшпандарының бірсыпырасы ол қозғалыстың заңдылық характерін болғанынша жоғары көтеру ниетімен тарихты адамдардың жасайтынын және сондықтан жеке адамдардың ісінің тарихта маңызы болмауға мүмкін еместігін ұмытуға даяр болған сияқты. Олар жеке адамдарды quantite negligeable деп таныды. Теория жағынан алып қарағанда, мұндай сорақылық жасау, барып тұрған субъективистердің жасаған сорақылығындай, тап сондай негізсіз. Тезаны антитезаға құрбан етушілік, тезіге бола антитезаны ұмыту сияқты, тап сондай негізсіз. Дұрыс көзқарас, олардағы ақиқаттықтың моменттерін синтезге біріктіре алғанымызда ғана табылады.[8]

 

 

IV

 

Бұл мәселе әлдеқашаннанан біздің көңілімізді аударған мәселе еді және осы мәселені бізбен бірге талдауға оқушыны шақыруды әлдеқашаннанан ойлап едік. Бірақ сізді кейбір қауіптенушіліктер тоқтатып еді: мүмкін, біздің оқушыларымыз бұл мәселені өздері үшін шешкен болар, біз ұсыныс жасауға кешіккен болармыз деп ойлап едік. Кәзір бізде енді ондай қауіптенушіліктер жоқ. Бізді олардан неміс тарихшылары құтқарды. Біз мұны шын айтып отырмыз. Әңгіме мынада: соңғы уақыттарда тарихтағы ұлы адамдар туралы не

мыс тарихшыларының арасында біркелкі қызу таластар солды. Біреулері ондай адамдардың саяси ісін тарихи дамудың басты және бірден-бір пружинасына таяу деп санауға бейім болды, ал басқалары мұндай көзқарас сыңаржақтық етеді, тарихи ғылым тек ұлы адамдардың ғана ісін алып қарамай, тек саяси тарихты ғана алып қарамай, тарихи өмірдің жалпы жинағын (das Ganze des geschichtlichen Lebens) алып қарауға тиіс деп санады. Бұл соңғы бағыттың уәкілінің бірі, орыс тіліне П. Николаев мырза аударған, «Неміс халқының тарихы» деген кітаптың авторы Карл Лампрехт болды. Дұшпандары Лампрехты «коллективизмдікте» және материализмдікте деп кіналайды, оны — horrible dictu! — тіпті «социал демократияшыл артистермен» бір санады; таластың қортындысында оның өзі осылай деді: Оның көзқарастарымен танысқан кезде біз, ол сорлы оқымыстыға таққан кінәның мүлде дәлелсіз екендігін көрдік. Сонымен қатар кәзіргі кездегі неміс тарихшыларының жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселені шеше алмайтындығына біздің көзіміз жетті. Міне сондықтан бұл мәселе кейбір орыс оқушылары үшін де шешілмеген мәселе екен деп табуға өзімізді праволы санадық, және ол туралы теориялық және практикалық маңызы мүлде жоғалмаған бірнәрсе айтуды орынды деп таптық.

Лампрехт мемлекет басындағы көрнекті адамдардың, олардың сол тарих ортасында жүзеге асқан істері туралы көзқарастарының бүтін бір коллекциясын (өзі айтқандай eine artige Sammlung) жинады; бірақ өзінің айтысында ол Бисмарктың кейбір сөздері мен пікірлеріне сүйенумен қанағаттанды. Ол темірдей қатаң канцлердің 1869 ж. сәуір солтүстік — герман рейхстагінде сөйлеген мына сөзін келтіреді: «Мырзалар, біздер өткен кездің тарихын елемей де кете алмаймыз, келешекті жасай да алмаймыз. Мен сіздерді кейбір адамдардың сағатын ілгері жүргізіп, соның арқасында уақытты тез өткіземіз деп қиялданатын адасушылығынан сақтандырғым келеді. Мен өзім қатысқан, қолдаған оқиғаларға ықпал жасауымды көбінесе асыра бағалайтындар бар, бірақ дей тұрғанмен, менен тарихты жаса деп талап етуді ешкім де ойламайды. Сіздермен бірігіп біз бүкіл дүниеге қарсы құралатын болсақ та, тарихты жасау маған тіпті сіздермен біріккен күнде де мүмкін емес. Бірақ біз тарихты и жасай алмаймыз; біз тарихтың жасалуын күтуге тиістіміз. Жемістердің астына шам жағып қыздыруымызбен, біз ол жемістердің пісуін тездете алмаймыз; ал егер ол жемістерді піспей жұлып алсақ, онда біз олардың өсуіне кедергі жасаймыз және оларды қуратып пайдаға аспайтын етіп тастаймыз». Жолидың айғақ болуына сүйене отырып, Лампрехт француз — Пруссия соғысының кезінде Бисмарктың сан рет айтқан пікірлерін де келтіреді. Ол пікірлердің жалпы мағынасы да жоғарғыдай: «Біз ұлы тарихи оқиғаларды жасай алмаймыз, істің табиғи жүрісіне бейімдеуге және пісіп жеткен нәрселермен өзімізді қамтамасыз етумен қанағаттануға тиістіміз». Лампрехт мұны терең және толық ақиқаттық деп санайды. Оның ойынша: кәзіргі кездегі тарихшы, егер оқиғаны терең тексере білсе, өзінің көздеген ісін өте қысқа уақытта тергеумен тоқтатып тастамаса, мұнан басқаша ойлай алмайды. Бисмарк Германияны натуралдық шаруашылыққа қайта түсіре аларма еді? Мұны істеу оған тіпті өзінің құдіреттілігі асып тұрған кезде де мүмкін болмас еді. Жалпы тарихи жағдайлар нағыз құдіретті адамдардан да күшті. Ұлы адам үшін оның заманының жалпы сипаты «эмпирикалық түрде берілген қажеттілік» болып тасылады.

Өзінің көзқарасын универсалдық көзқарас дей отырып, Лампрехт осылай деп ойлайды. «Универсалдық» көзқарастың осал жерлерін байқау қиын емес. Бисмарктан келтірген пікірлері психологиялық документ есебінде кісінің көңілін аударады. Германияның бұрынғы канцлерінің ісіне тілектес болмауға болады, бірақ ол іс болмашы болып еді, Бисмарк «квиетизмшіл» еді деуге болмайды. Ол туралы Лассаль былай деді ғой: «Реакцияның қызметкерлері құр мақтаншақтар емес, құдай, сондай қызметкерлерді прогреске көбірек бере көр». Міне тап сол, көбінесе нағыз темірдей қатаң жігер көрсеткен адам, өзін тарихи дамудың сөзсіз, жай ғана құралы деп қарап, істің табиғи барысына салыстырғанда өзін мүлде дәрменсізбін деп санайды: бұл құбылысты қажеттіліктің тұрғысынан қарай отырып, өте жігерлі қайраткер болуға мүмкін екендігін, тағыда көрсетеді. Бисмарктың пікірлері тек осы жөнінде ғана көңіл аударады; ал ол пікірлерді жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселеге жауап болады деп санауға мүмкін емес. Бисмарктың сөзіне қарағанда, оқиғалар өзінен өзі жасалып жатады, ал біз олардың даярлағанымен өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Бірақ «қамтамасыз етудің» әрбір актысы да тарихи оқиға болып табылады ғой: мұндай оқиғалардың өзінен өзі жасалып жататын оқиғалардан айырмашылығы қандай? Шындығында, тарихи оқиғалардың қайсысы болса да дерлік алдыңғы болған дамудың пісіп жеткен жемістерінің кімді болса да «қамтамасыз етуі» болып саналуымен қатар келешектің жемісін дайындайтын оқиғалар тізбектерінің бір буыны болып табылады. «Қамтамасыз ету» актыларын істің табиғи жүрісіне қалай қарама қарсы қойуға болады? Бисмарктың сөзіне қарағанда, оның айтайын дегені: тарихта болған жеке адамдар және жеке адамдар группасы еш қашанда да бәрін істейтін құдірет болған жоқ және еш қашанда да болмайды, деу болар. Бұған, әрине, ешқандай да күмәндануға болмайды. Бірақ дей тұрғанмен, жеке адамдардың, әрине, бәрін істейтін құдіретінен аулақ, күшінің неменеге байланысты екенін, және ой күштірек қандай жағдайда өсіп, қандай жағдайда азаятынын біздің білгіміз келеді. Бұл сұрауларға Бисмарк та, оның сөзін цитатқа алған, тарихқа «универсалдық» тұрғыдан қарауды жақтаған оқымысты да жауап бермейді.

Рас, Лампрехтен түсініктірек цитаттарды да кездестіруге болады.[9] Ол, мысалы, Францияның кәзіргі кездегі тарихи ғылымының ең көрнекті уәкілдерінің бірі Мононың мына сөздерін келтіреді: «Тарихшылар, адам баласының дамуының шын қызғылықты және тұрғылықты бөлек бөлігі болатын, бөлегі болғанда белгілі мөлшерге дейін заңды деп табуға және белгілі дәрежеге дейін дәл анық анализ жасауға болатын бөлек бөлігі болған экономикалық жағдайлар мен әлеуметтік мекемелердің ұлы және жай қозғалысын суреттеудің орнына, адамның ісінің тамаша, жұртқа мәлім және өте жедел көріністеріне, ұлы оқиғаларға және ұлы адамдарға айрықша көңіл аударуға шамадан тыс дағдыланып кетті. Шындығында, маңызды оқиғалар және маңызды адамдар көрсетілген дамудың түрлі моменттерінің белгісі және символы есебінде ғана маңызды. Теңіздің үстінде бір азғантай ғана уақыт жарқ-жұрқ етіп сағымданып, ешбір із қалдырмастан жағадағы құмға барып жоқ болып кететін толқындардың, судың үнемі және күшті болып тұратын тасқындауы мен қайтуына қатынасы қандай болса тарихи оқиғалар деп аталатын оқиғалардың көбінің нағыз тарихқа қатынасы да сондай».

Лампрехт, Мононың бұл сөздерінің әр қайсысына да қол қойуға даяр екендігін, білдіреді. Неміс оқымыстыларының француз оқымыстыларымен, ал француз оқымыстыларының неміс оқымыстыларымен келісуді тәуір көрмейтіні жұртқа мә1ім. Сондықтан Белгияның тарихшысы Пирэнн «Revue historique» де Мононың тарихқа көзқарастары мен Лампрехтың көзқарастарының бұл дәл келуіне өзгеше ырза болып, атап көрсетеді. «Бұл келісу өте үлкен мәнді іс болды —дейді өл. — Бұл келешектің жаңа тарихи көзқарастарға жататындығын көрсетеді».

 

 

V

 

Біз Пирэнның сеніміне қосыла алмаймыз. Келешек айқын емес және тұрақсыз көзқарастарға жата алмас; ал Моноңың, әсіресе Лампрехтың көзқарастары дәл сондай. Тарихи ғылымның басты міндеті қоғамдық мекемелер мен экономикалық жағдайларды зерттеу деп санаған бағытты, әрине, құттықтамауға болмайды. Бұл ғылым жөнінде ондай бағыт түпкілікті бекінген кезде, ол мықтап ілгерілейді. Бірақта, біріншіден, Пирэнның ондай бағытты, жаңа бағыт деуі қате. Тарихи ғылымда ол бағыт ХИХ ғасырдың алдыңғы жиырма жылдығында ақ шыққан: "Гизо, Минье, Огустен Тиерри, ал кейіннен Токвилл және басқалар ол бағыттың тамаша, дәйекті уәкілдері болды. Моно мен Лампрехтың көзқарастары осы ескі, бірақ өте тамаша оригиналдың нашарлау көшірмесі ғана болып табылады. Екіншіден, Гизо, Минье және басқа француз тарихшыларының көзқарастары, кезінде қанша терең болмағанмен, ол көзқарастарда көп нәрселер түсініксіз болып қалды. Оларда жеке адамдардың тарихтағы рөлі туралы мәселеге дәл және толық жауап берілген жоқ. Ал егер тарихи ғылымның уәкілдері, өздерінің пәніне сыңаржақ қараудан арылған болса, ол ғылым бұл мәселені, шындығында, шешуге тиісті. Келешек, айтайық, осы мәселені де ең жақсы шешкен мектепке жатады.

Гизо, Минье және басқа да осы бағыттағы тарихшылардың көзқарастары он сегізінші ғасырдағы көзқарастарға қарсы реакция есебінде болды және олардың антитезі болып табылды. Он сегізінші ғасырда тарихтың философиясымен шұғылданған адамдар істің бәрінде жеке адамдардың саналы ісіне апарып тіреді. Рас, ол кезде де жалпы ережеге қосылмаған айырмашылықтар болды: мәселен, Вико, Монтеские және Гердераның философиялық — тарихи көзқарастары әлде қайда кең болды. Бірақ біз айрықшылықтар туралы сөз қылмаймыз; он сегізінші ғасырдағы ақыл иелерінің орасан көпшілігі тарихқа дәл жоғарғы біз айтқандай қарады. Бұл жөнде мысалы, Маблидың тарих турасындағы шығармаларын кәзір қайтадан оқып шығу өте қызғылықты болады. Маблише, критандардың әлеуметтік—саяси өмірін және моральдарын түгелімен Минос жасаған болып шығады, ал Ликург Спартаға тап сондай қызмет еткен болып табылады. Егер спартаншылдар материалдық байлықты «жек көрсе», олардың мұнысы дәл Ликурганың арқасында болды; Ликург «өзінің азаматтарының жүрегінің түкпіріне дегендей енді, жүректегі байлық сүйудің нышанасын жойып жоқ қылды» (descendit pour ainsi dire jusque dans le fond du coeur des citoyens etc.)[10]. Ал егер данышпан Ликурганың өздеріне көрсеткен жолынан кейіннен спартаншылдар бас тартса, онда бұған оларды «жаңа заман мен жаңа жағдайлар олардан жаңаша басқаруды, жаңа саясатты талап етеді[11]» деп сендірген Лизандр кінәлі. Мұндай көзқарастың тұрғысынан жазылған Зерттеулердің ғылыммен қатысы өте аз болды және ол зерттеулерден шығатын моральдық «сабақтарды» уағыздау үшін ғана жазылды. Реставрация заманындағы француз тарихшылары міне тап осындай көзқарастарға қарсы бас көтерді. XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі дүниені шайқалтқан оқиғалардан кейін ақ: тарих дегеніміз өзінің бет алды болжауы арқылы — надан, бірақ құлақ қойғыш бұқараны иә ол, иә бұл сезімдерге, ұғымдарға сендіретін азды көпті көрнекті, азды-көпті игілікті және мәдениетті жеке адамдардың ісі деп ойлауға, ешқандай мүмкіндік болмады. Оның үстіне тарих жөніндегі мұндай философия буржуазияның теоретиктерінің плебейлік арына тиді. Бұл жөнде XVIIИ ғасырдың өзінде ақ, буржуазиялық драманың туған кезінде болған сезімдер көрінді. Тиерри тарих жөніндегі ескі көзқарастарға қарсы жүргізген күресінде айтқандайын Бомаршенің және басқалардың сол ескі эстетиктерге қарсы ұсынған дәлелдерінің езін қолданды.[12] Ақырында, Францияның басынан жуырда ғана өткен дауылдар, тарихи оқиғаларды адамдардың саналы түрде жасаған істері ғана белгілемейтіндігін өте айқын көрсетті; осы жағдайдың өзі ақ, бұл оқиғадан жаратылыстың стихиялық күштері сияқты соқыр, бірақ белгілі бұзылмайтын заңдарға сәйкес күш жасайтын қандайда болса жасырын қажеттіліктің ықпалы арқылы болып отырады, деген ойға әкеліп түсіруге тиісті болды. Аса тамаша — біздің білуімізше осы күнге дейін ешкім көрсетпеген — факты сол, тарихқа заңды процесс есебінде қарау жөніндегі жаңа көзқарастарды реставрация дәуіріндегі француз тарихшылары дәл француз революциясына арналған шығармаларында болғанынша дәйекті түрде жүргізді. Оның бержағында, Миньенің шығармалары да осындай еді. Тарих жөніндегі жаңа мектепті Шатобриан фаталистік мектеп деп атады. Ол мектептің зерттеушілердің алдына қойған міндеттерін формулалай келіп Шатобриан былай дейді: «Бұл система, тарихшы нағыз барып тұрған айуандықтар туралы да жек көрмей жазсын, нағыз ұлы игіліктер жасаушы адамдар туралы да сүйсінбей айтсын және салқын қанмен қарау арқылы қоғамдық өмірдегі қандай құбылысты болса да дәл өзінің жүзеге асуға тиісті болғанындай етіп жүзеге асыратын, ешнәрсенің әсері тимейтін заңдардың жарыққа шығуын ғана көрсін деп талап етеді».[13] Бұл, әрине, дұрыс емес. Жаңа мектеп тарихшының құмарланбай жазуын ешқандайда талап еткен жоқ. Огустен Тиерри тіпті, саяси құмарланушылықтар зерттеушінің ойын тереңдете отырып, ақиқаттықты табуға керемет құрал болуы мүмкін, деді.[14] Гизо, Тиерри немесе Миньенің, буржуазияның светтік және рухани аристократияларға қарсы жүргізген күресінде де және туып кележатқан пролетариаттың талаптарын басып жаншуға ұмтылуына да өте қызу түрде тілектес болғандарына көз жеткізу үшін бұлардың тарих жөніндегі шығармаларымен азғана танысудың өзі де жеткілікті болады. Бірақта мынау даусыз нәрсе: жаңа тарихи мектеп ХИХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында, басқаша айтқанда, аристократия өзінің бұрынғы привилеглаларының бір азғантайын қайта алуға талпынғанмен, буржуазиядан жеңіліп болған кезінде шықты. Әздерінің табының жеңіп шығу мақтанышы, жаңа мектебінің тарихшыларының барлық пікірлерінде де көрініп тұрды. Ал буржуазияда рыцарьлық мінез болмағандықтан, оның оқымысты уәкілдерінің пікірлерінде кейде жеңілгендерге қатаң қарайтындығы сезіліп тұрды. «Le plus fort absorbe le plus faible — дейді Гизо, өзінің ал тысқа арнаған кітапшаларының бірінде, — et cela est de droit» (күшті нашарға өктемдік жасайды және өктемдік етуге оның правосы да бар). Оның жұмысшы табына көзқарасының қатаңдығы да бұдан кем емес. Кейде жайбарақат құмарсыздық формасына түсетін бұл қатаңдық Шатобрианды да адастырды. Мұның үстіне, тарихи қозғалыстың заңдылығын қалай ұғыну керектігі ол кезде айқын болмады. Ақырында жаңа мектебінің фаталистік болып көрінуінің бірден-бір себебі: оның Заңдылық туралы көзқарасты берік қолдаймын деп, ұлы тарихи адамдарға жөнді көңіл аудармауы болды.[15] Он сегізінші ғасырдағы тарихи идеялармен тәрбие аланушылар үшін ұлы тарихи адамдарға көңіл бөлу қиын болды. Жаңа тарихшылдарға қарсылық керсетушіліктер тұс-тұсынан көбейіп кетті, міне сүйтіп талас басталды, бұл талас, өзіміз көріп отырған, осы күнге дейін біткен жоқ.

Миньенің, «Француз революциясының тарихы» деген кітабының бесінші және алтыншы томдарының жарыққа шығуы туралы, 1826 жылдың қаңтарында «Глобеде» Сент-Бёв былай деп жазды: «Адам әрбір минутте өз еркінің кенеттен шығарған шешімі арқылы оқиғалардың барысына күтпеген, жаңа, өзгеріс күш енгізе алады; бұл күш уақиғаларға басқа бағыт бере алады, Бірақта, өзгергіш болғандықтан ол күштің өзі өлшеуге көнбейді» Сент-Бёв, адам еркінің «кенеттен шығарған шешімі» ешбір себепсіз болады деп есептейді мыс деп ойлауға болмайды. Жоқ, бұл тым аңқаулық болар еді. Ол тек былай деп қана санайды: қоғамдық өмірде азды-көпті маңызды рөл атқаратын адамның ақыл және моральдық қасиеттері, оның таланттары, білімі, батылдығы не батылсыздығы, ерлігі не қорқақтығы және басқалары оқиғалардың сарысына және тынымына көзге көрінерліктей ықпал жасамай қала алмайды, ал, оның бержағында, бұл қасиеттер халықтың дамуының тек жалғыз жалпы заңдарынан ғана тумайды; ол қасиеттердің едәуірі, әрқашанда да, жеке өмірдің кездейсоқтары деп атауға болатынның әсері арқылы құралады. Бұл, өзінен езі айқын сияқты болып тұрған пікірді түсіндіру үшін бірнеше мисалдар келтірейік.

Австрия мұрасы үшін жасаған соғысында француз армиясы бірнеше рет тамаша етіп жеңді, міне осының арқасында Француз Австрияның кәзіргі Бельгияға қарайтын территориясынан едәуір көп жер ала алатын еді; бірақ Людовик XV бұл жерді талап еткен жоқ, өйткені ол, өзінің сөзіне қарағанда, сәудегер ретінде соғысқан жоқ, король ретінде соғысты, сүйтіп Аахен бітімі француздарға еш нәрсе бермеді; ал егер Людовик XV-нің мінезі басқаша болса, Францияның территориясы көбейген болар еді, соның арқасында оның экономикалық және саяси дамуының барысы да бірсыпыра өзгерген болар еді.

Жеті жылдық соғысты Франция Австриямен одақтас бола отырып жүргізгені жұртқа мәлім. Бұл одақ, атақты Мария Терезаның жазған қатында өзінің сіңлісі немесе қымбатты досы (bien bonne amie) деп атағаны үшін аса қуанған Помпадур ханымың күшті жәрдем көрсетуінің арқасында жасалды деген сөз бар. Сондықтан былай деуге болады: егер Людовик XVның мінезі қатаңырақ болса немесе егер ол фавориткалардың ықпалына тым берілмеген болса, онда оқиғалардың барысына Помпадур ханымның ықпалы сондайлық болмас еді, және оқиғалардың барысы басқаша болар еді.

Одан кейін. Жетіжылдық соғыс Францияға сәтті соғыс болып шықпады: оның генералдары бірнеше ұятты жеңілістерге тап болды. Генералдар тегінде өздерін тымақ жаман Қстады. Ришелие жұртты талаумен жүрді, ал Субиз мен Броли бір біріне үнемі кедергі жасаумен болды. Мысалы, Броли Филлингаузиде жауға шабуыл салғанда, Субиз атылып жатқан оқтардың даусын ести тұрып, жасалған уәдеге, өзінің сөзсіз істейтін, мойнындағы міндетіне қарамастан жолдасына барып жәрдем бермеді, сондықтан Броли ылажсыз кейін шегінді.[16] Қолынан түк келмейтін Субизді сол Помпадур ханым қамқорлыққа алып, қорғап жүрді. Міне бұл ретте де тағыда қайта айтуға болады: егер Людовик XV жігіттікке сондайлық берілмесе немесе егер оның фавориткасы саясатқа араласпаса, онда оқиғалар Францияға сондайлық қолайсыз болмаған болар еді.

Француз тарихшылары былай дейді: Францияға европаның жерінде соғысудың тіпті керегі жоқ еді, қайта өзінің колонияларын Англияның шенгелінен сақтап қалу үшін барлық күшін теңізге салу керек еді, дейді. Егер Франция басқаша істеген болса, бұған тағыда сол «өзінің қымбатты досы Мария Терезаға жақсы көрінгісі келген Помпадур ханым айыпты болар еді. Жетіжылдық соғыстың нәтижесінде Франция өзінің жақсы колонияларынан айрылды, бұл оның экономикалық қатынастарының дамуына, сөз жоқ күшті әсер етті. Бұл жерде әйелдің мақтаншақтық істеуі экономикалық дамудың күшті ықпал жасаушы «факторының» рөлін атқарып отыр.

Басқа мысалдар керек пе? Тағы да бір мисал келтірейік, мүмкін бұл өте қызғылықты болар. Сол жетіжылдық соғыстың кезінде, 1761 жылы тамызда Австрия армиясы Силезяда орыс әскерімен қосылып, Штригаудың маңында Фридрихты қоршап алды. Оның халқы өте нашар болды, бірақ одақтастар шабуыл салуын кешеңдетті, генерал Бутурлин жаудың алдында 20 күн тұрып, Австрия генералы Лаудонға көмектесу үшін Силезиаға өзінің күшінің бірсыпырасын ғана тастады да Силезиядан тіпті біржолата шығып кетті. Лаудон Фридрихқа жақын тұрған Швейдницті алды, бірақ бұл табыстың маңызы аз болды. Ал егер Бутурлинның мінезі батылырақ болса? Егер одақтастар Фридрихқа өзінің лагерінде бекініп алуға мүмкіншілік берместен шабуыл жасаса? Мүмкін, олар Фридрихты талқандап жеңіп алған болар еді, сүйтіп Фридрих жеңушілердің барлық талаптарына бағынуға тиісті болар еді. Ал мұның өзі, істің жағдайын Фридрихқа қолайлы етіп өзгерткен, жаңа кездейсоқ уақиғадан, императрица Елисаветаның өлуінен бірнеше ай-ақ ілгерірек болып өтті. Егер Бутурлинның батылдығы күшті болса немесе егер оның орнында Суворов сияқты адам болса не болған болар еді? Деген сұрақ туады.

«Фаталист» — тарихшылардың көзқарастарын тексере келіп, Сент-Бёв тағы бір басқа пікір көрсетеді; ол пікіріне де көңіл аудару керек болады. Миньенің «Француз революциясының тарихы» деген кітабы тұралы жазған, біздің жоғарыда цитатқа келтірген, мақаласында ол мынаны дәлелдейді: француз революциясының барысы мен тынымы, ол революцияны туғызған жалпы себептерге ғана байланысты болған жоқ және кезінде революцияның туғызған құмартуларына ғана байланысты болған жоқ, сонымен қатар зерттеушінің байқамай кететін, және тіпті шындығында қоғамдық құбылыстар дейтіндердің санына мүлде кірмейтін толып жатқан ұсақ құбылыстарға да байланысты болды. «Бұл (қоғамдық құбылыстар туғызған) құмартулар әсер етіп жатқан кезде-деп жазды ол—жаратылыстың физикалық және физиологиялық күштері де қарап жатқан жоқ: тас салмақтың темен тарту күшіне бағынуын тоқтатқан жоқ; қан тамырды бойлап жүруін қойған жоқ. Егер, айтайық, Мирабо безгектен өлмеген болса; егер әлде қалай құлаған кірпіштен не қансыраушылықтан Робеспьер өлген болса, егер Бонапарт оққа ұшқан болса, оқиғалардың барысы қалайша өзгермес еді? Ал сіздер оқиғалардың тынымы да осылай болар еді деп қалайша санай аласыздар? Менің жобалағаныма ұқсас кездейсоқтықтар жеткілікті болып тұрған кезде, оқиғалардың тынымы, сіздің ойыңызша, сөзсіз болады деген тынымға мүлде қарама қарсы болуы мүмкін ғой. Ал менің ондай кездейсоқтықтарды жобалауға қақым бар ғой, өйткені ондайларды революцияның жалпы себептері де, сол жалпы себептер туғызған құмартулар да жоққа шығармайды». Ол бұдан кейін, егер Клеопатраның мұрны аздап қысқа болса тарих мүлде басқаша дамыған болар еді деген әйгілі сөзді тағы келтіріп, өзінің қортындысында Миньенің көзқарасын қорғау үшін көп нәрселер айтуға болатынын мойындай отырып, ол бұл автордың қатесінің неде екенін көрсетеді. Минье басқа ұсақ, күнгірт және байқалмайтын себептердің көмегімен болған нәтижелерді де, тек жалғыз жалпы себептердің әсерінен ғана болды деп есептейді; өзінің тәртіп бен заңдылық шықпайды деген нәрселерін оның қатал ақылы мойындағысы келмейтін сияқты.

 

 

VI

 

Сент-Бёвтің қарсы ұсынған дәлелдері негізді ме? Ол дәлелдерде ақиқаттықтың бірсыпыра белгісі бар сияқты. Бірақ дәл қандай белгі? Оны анықтау үшін, ең әуелі, адам «өзінің еркінің кенеттен шығарған шешімдері арқылы» оқиғалардың барысына, сол барысты өзгертерліктей жаңа күш енгізеді, деген пікірді қарастырып алайық. Біз жоғарыда, өзімізше бұл пікірді жақсы түсіндіретіндей мисалдар келтірдік. Сол мисалдарға ой жіберіп көрейік.

Людовик XVның патшалық еткен кезінде, Францияның соғыс істері бірден-бірге нашарлай бергені жұрттың бәріне де мәлім. Анри Мартеннің сөзіне қарағанда, жеті жылдық соғыстың кезінде, соңынан топтанған жез өкшелі әйелдерді, сәудегерлер және үй қызметкерлерді ұдайы ертіп жүрген, салт аттарынан көрі жүк аттары үш есе көп болған, француз әскері Тюрэнн мен Густав Адольфтың армиясынан көрі Дария мен Ксеркстың қалың қолына көбірек ұқсаған,[17] Бұл соғыс туралы өзінің жазған тарихында Архенгольц былай дейді: қарауылға қойылған француз офицерлері көбінде өздерінің постысын тастап, жақын бір жерге билеуге кетіп қалатын, бастықтарының бұйрығын тек ездеріне ыңғайлы кезде, көңілдері ұнатса ғана орындайтын. Соғыс істерінің мұндай нашар халі, әскер ішіндегі барлық жоғарғы лауазымда дворяндар отырған мен, бірден бірге жылдам талқандануға бет алған бүкіл «ескі тәртіптің» жалпы қирауымен дворянствоның кері кетуімен байланысты болды. Жетіжылдық соғыстың Францияға тиімсіз нәтижеде болуына осы жалпы себептердің өзі де толық жеткілікті болған болар еді. Ал француз армиясының басына туатын жалпы себептерге байланысты болып тұрған сәтсіздіктің мүмкіндігін Субиз сияқты генералдардың нашарлығы көбейте түсті. Ал Субиз Помпадур ханымның арқасында ғана лауазымға ие болып тұрғандықтан, жетіжылдық соғыстың кезінде істің бет алысын Францияға қолайсыз түрде әсер етуін едәуір күшейткен жалпы себептердің «факторларының» бірі маркизаның мақтаншақтығы деп санау қажет.

Маркиза де Помпадур өз қарабасының күшімен құдіретті болған жоқ, еркіне бағындырып алған корольдың өкіметі арқылы құдіретті болды. Людовик XVның мінезі Франциядағы қоғамдық қатынастар дамуының жалпы барысы бойынша сөзсіз болуға тиісті түріндей бола алды ма? деп айтуға болама. Жоқ, бұл дамудың тап сол барысында оның орнына әйелдерге басқаша қарайтын, басқа корольдың болуы да мүмкін еді. Сент-Бёв, бұл үшін қараңғы, байқалмайтын физиологиялық себептердің әсері де жеткілікті болар еді, деп айтқан болар еді. Және оның олай деуі дұрыста болар еді. Ал егер солай болса, онда бұл қараңғы физиологиялық себептер жетіжылдық соғыстың барысына және тынымына әсер ете отырып, сонымен қатар Францияның жетіжылдық соғыстың нәтижесінде колонияларының көпшілігінен айрылмағанда басқаша болатын, ілгері қарай дамуына да әсер еткен болып шығады. Мұндай қортынды қоғамдық дамудың заңдылығы туралы ұғымға қайшы келмей ме деген сұрау туады.

Жоқ, ешқандайда қайшы келмейді. Көрсетілген реттерде жеке адамдардың ерекшеліктерінің әсері де сөзсіз болатыны сияқты, ол ғасырдың белгілі қоғамдық жағдайларда ғана жүзеге асатынының сөзсіздігі де онан кем емес. Росбахта болған ұрыстан кейін француздар Субизді жақтап қамқорлыққа алған Помпадур ханымды мықтап жек көрді.

Ханым, қорқытып балағаттап жазған толып жатқан адрессіз қаттарды күн сайын алып тұрды. Бұл, Помпадур ханымды мықтап-ақ қобалжытты; ол ұйқы көрмей жүдеп кетті,[18] Бірақ ол Субизді жақтауын тоқтатқан жоқ. Ол 1762 ж. Субизға жазған қаттарының бірінде оның сенімді ақтай алмағанын ескерте келіп былай дейді: «Қорықпаңыз, ешнәрсе етпейді, мен сіздің мақсаттарыңыз туралы әрекет жасаймын, сізді, корольмен татуластыруға тырысамын».[19] Көресіз бе, Помпадур ханым көпшіліктің пікірін тыңдаған жоқ. Тыңдамауының себебі не? Себебі, әлбетте, сол кездегі француз қоғамының оған тыңдатарлық мүмкіндігі болмаған болу керек. Ал ол кездегі француз қоғамының мұны істей аламауының себебі не? Бұл жөнінде ол қоғамға кедергі келтірген, Францияның Сол кездегі қоғамдық күштерінің ара салмақтарына өз алдына тәуелді болған, сол қоғатнның ұйымы болды. Демек, Людовик XVның мінезі және оның фавориткасының нәпсісі Францияның тағдырына сондай қайғылы әсер етуі, ақыр аяғында, сол қоғамдық күштердің ара салмағына байланысты бол ды. Егер әйел жынысы жөнінде өзгеше осалдық жасаушы король болмай, корольдың аспазының не ат бақташысының бірі болса, онда ол осалдықтың ешқандай тарихи маңызы болмас еді ғой, Бұл жерде әңгіме осалдықта емес, сол осалдық жасаушы адамның қоғамдық орнында болып отыр ғой, бұл айқын. Бұл пікірлерді жоғарыда келтірілген басқа мисалдардың бәріне де қолдануға болатынын оқушы түсінетін болар. Бұл пікірлердің ішінде өзгертуге жататынын ғана өзгерту керек болады, мысалы Францияның орнына Ресейді, Субиздің орнына Бутурлинді және басқаларды қойуға болады. Сондықтан біз оларды қайталап жатпаймыз.

Сөйтіп, жеке адам өзінің бойына біткен мінезінің өзгешеліктерінің арқасында қоғамның тағдырына әсер ете алатын болып шықты. Кейде әсері тіпті өте үлкен болады, бірақ ондай әсер ету мүмкіншілігінің өзі де, сол сияқты, ол әсердің аз не көп болуы да қоғамның ұйымы арқылы, оның күштерінің ара салмағы арқылы белгіленеді. Жеке адамның мінезі қоғамдық дамудың «факторы» болады, болғанда оған қоғамдық қатынастар мүмкіншілік берген жерде ғана, мүмкіншілік берген кезде ғана, және сол берілген мүмкіншіліктің дәрежесінде ғана «фактор» бола алады.

Бізге, жеке әсер етудің аз не кеп болуы, жеке адамның таланттарына да байланысты болады деп ескертушілер болар. Біз мұны мақұлдаймыз. Бірақ жеке адам өзінің таланттарын жарыққа шығаруға қажетті қоғамдық орынды алса ғана, міне сол кезде ғана, өзінің таланттарын жарыққа шығара алады. Францияның тағдыры, қоғамдық қызметке ешқандай бейімділігі жоқ, және оған қызықпайтын адамның, қолында болуының себебі не? Себебі, оның қоғамдық ұйымы сондай болды, Дарынды не дарынсыз адамның үлесіне түсетін, әрбір ол уақыттағы, рөл де, демек, қоғамдық маңыз да сол ұйым арқылы белгіленеді.

Ал егер жеке адамдардың рөлдері қоғамның ұйымы арқылы белгіленетін болса, олардың осы рөлдерге байланысты болған қоғамдық әсері қоғамдық дамудың заңдылығы туралы ұғымға қалай қайшы келеді? Ол әсердің бұл ұғымға қайшы келмеуі былай тұрсын, қайта ол ұғымды нағыз айқын көрсететін дәлелдердің бірі болады.

Бірақ, бұл арада мынаны еске алу керек болады. Жеке адамдардың, қоғамның ұйымына байланысты болған, қоғамдық әсер ету мүмкіншілігі халықтардың тарихи тағдырына кездейсоқтық дегендердің әсер етуіне жол ашады. Людовик XVның қызыққа құмартушылығы оның табиғатынан туған қажетті нәтиже болды. Бірақ Францияның дамуының жалпы барысы жөнінде оның бұл табиғаты кездейсоқ нәрсе еді. Ал солай бола тұрса да, өзіміз көріп отырмыз, оның құмартушылығы Францияның алдағы күнгі тағдырына әсер етпей қалған жоқ және сол тағдырды белгілейтін себептердің бірі болды. Мирабоның өлуі, әрине, толық заңды патологиялық процесстердің салдарынан болды. Бірақ бұл процесстердің қажеттілігі, тегі Францияның дамуының жалпы барысынан туған жоқ, атақты шешеннің организмінің кейбір жеке өзгешеліктерінен және ауруды жұқтырып алған кезіндегі физиологиялық жағдайлардан туды. Францияның дамуының жалпы барысы жөнінде бұл өзгешеліктер мен бұл жағдайлар кездейсоқ нәрселер болып табылады. Ал солай бола тұрса да, Мирабоның өлуі революцияның алдағы дамуына әсер етті және ол дамуды белгілейтін себептердің бірі болды.

Өте қиын жағдайдан Бутурлиннің табансыздығы арқасында ғана шыққан Фридрих II туралы жоғарыда келтірілген мисалдағы кездейсоқтықтың әсері мұнанда көрі таңданарлық. Бутурлинді тағайындау тіпті Ресейдің дамуының жалпы барысы жөнінде де, сөздің біз берген мағынасында, кездейсоқ нәрсе болып табылады, ал Пруссияның дамуының жалпы барысына оның тағайындағанының әрине, ешқандай қатысы жоқ. Ал солай бола тұрса да, Бутурлиннің табансыздығы Фридрихты жанталасқан қиындық жағдайдан құтқарды деген пікір, орынсыз пікір емес. Егер Бутурлиннің орнында Суворов болса, онда, мүмкін, Пруссияның тарихы басқаша түрде дамыған болар еді. Сөйтіп, мемлекеттердің тағдыры кейде, екінші дәрежедегі кездейсоқтық деп атауға болатын, кездейсоқтықтарға байланысты болып шықты ғой. «In allem Endlichen ist ein Element des Zufälligen» — дейді Гегель (ақтық нәрсенің бәрінде де кездейсоқтықтың элементі бар). (ғылымда біз тек «ақтық нәрсемен» ғана айналысамыз; сондықтан ғылымның зерттейтін процесстерінің бәрінде де кездейсоқтықтың элементі бар деуге болады. Бұл құбылыстарды ғылыми жолмен тануға мүмкіншілік бермей қоймай ма? Жоқ. Кездейсоқтық салыстырмалы нәрсе. Кездейсоқтық қажетті процесстердің түйісетін жерінде ғана болады. Европалықтардың Америкаға келуі Мексика мен Перудың халықына кездейсоқ нәрсе болды, кездейсоқ болғанда олардың келуі бұл елдердің қоғамдық дамуынан шыққан жоқ, міне осы мағынада кездейсоқ нәрсе болды. Бірақ орта ғасырлардың аяқ кезінде батыстық европалықтарға жайылған, теңізге жүзуге құмартушылық кездейсоқ нәрсе емес; жергілікті халықтың қарсылық көрсетуін европалықтардың күші оңай жеңіп шыққан жағдайы да кездейсоқ нәрсе емес. Европалықтардың Мексика мен Перуды жеңіп алуынан шыққан нәтижелер де кездейсоқ емес, бұл нәтижелер ақыр аяғында қарама қарсы әсер ететін екі күш болып белгіленді, бірінші жағынан, жеңіп алынған елдердің экономикалық халі, екінші жағынан, жеңушілердің экономикалық халі. Ал ол екі күш, сол сияқты олардың қарама қарсы әсер ететін күші де қатаң түрде ғылыми зерттеу жасаудың ісі болуына әбден жарайды.

Жетіжылдық соғыста болған кездейсоқтықтар Пруссияның алдағы тарихына үлкен әсер етті. Бірақ ол кездейсоқтықтар Пруссия дамуының басқа стадиасында кез келсе, олардың әсері мүлде басқаша болған болар еді. Кездейсоқтардың нәтижесі мұнда да екі күштің: бірінші жағынан, Пруссияның саяси әлеуметтік хәлінен, екінші жағынан, оған ықпал жасаған европалық мемлекеттердің саяси әлеуметтік хәлінің, қарама қарсы әсер ететін күш болып белгіленді. Демек, мұнда да кездейсоқтық құбылыстарды ғылыми жолмен зерттеуге ешқандай кедергі жасамайды.

Қоғамның тағдырына жеке адамдардың үлкен әсер етуінің жиі болып тұратынын, бірақ бұл әсер етушілік ол қоғамның ішкі құрылысы арқылы, ол қоғамның басқа қоғамдармен қатысы арқылы белгіленетінін біз енді білдік. Бірақ жеке адамдардың тарихтағы рөлі тұралы мәселе мұнымен әлі бітіп қалмайды. Біз ол мәселені тағы басқа жағынан қарауымыз керек.

Сент-Бёв былай деп ойлайды: оның өзінің көрсеткеніндей ұсақ және күңгірт себептер жеткілікті болып тұрған кезде, француз революциясының тынымы біз білетін тынымға қарама-қарсы болар еді, дейді. Бұл үлкен қате, ұсақ психологиялық, физиологиялық себептер нендей де болса ойдан шығарған шырмаулармен, қиыстырылса да олар француз революциясын туғызған қоғамдық ұлы мұқтаждарды ешқандай да жойылмаған болар еді; ал бұл мұқтаждар қамтамасыз етілмей тұрған кезде, Францияда революциялық қозғалыс тоқтамаған болар еді. Ол қозғалыстың тынымы, іс жүзінде болған тынымға қарама қарсы болу үшін, бұл мұқтаждардың орнына, оларға қарама-қарсы мұқтаждар қойу керек болар еді; ал мұны, әрине, ұсақ себептерді ұштастырудың ешқайсысы да, ешуақытта да істей алмаған болар еді.

Француз революциясының себептері қоғамдық қатынастардың қасиеттеріне байланысты болды, ал Сент-Бёвтың жобалаған ұсақ себептері жеке адамдардың жеке өзгешеліктеріне ғана байланысты бола алады. Қоғамдық қатынастардың соңғы себебі өндіруші күштердің дәрежесіне байланысты болады. Өндіруші күштердің дәрежесі жеке адамдардың жеке өзгешеліктеріне байланысты болса, ондай адамдардың техниканы жетілдіруге, жаңалық табуға, өнертабыс жасауға қаблеті көп иә аз болу мағынасында ғана байланысты болмақ. Сент-Бёв мұндай өзгешеліктерді ескермеді. Ал басқа толып жатқан өзгешеліктер өндіруші күштердің дәрежесіне, демек, ол дәрежеге байланысты қоғамдық қатынастарға, яғни экономикалық қатынастарға жеке адамдардың тікілеи әсер етуін қамтамасыз ете алмайды. Жеке адамның өзгешеліктері қандай болғанмен, сол экономикалық қатынастар өндіруші күштердің сол дәрежесіне сай болса, ол адам бұл экономикалық қатынастарды жойа алмайды. Бірақ жеке адамның жеке өзгешеліктері, ол адамды сол экономикалық қатынастардың негізінде өскен қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етуге, немесе ондай қамтамасыз етушілікке қарсы тұруға не көп, не аз жарамды ете алады. XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Францияның өте қажетті қоғамдық мұқтажы, ескірген саяси мекемелердің орнына, өзінің жаңа экономикалық құрлысына көбірек сәйкес келетін, басқа саяси мекемелер орнату солды. Ол кездегі неғұрлым көрнекті және пайдалы қоғамдық қайраткерлер болып табылған адамдар, осы өте қажет мұқтажды қамтамасыз ету үшін жәрдемдесуге басқалардың бәрінен де кері қаблеттілігі күштірек адамдар ғана болды. Мұндай адамдар Мирабо, Робеспьер және Бонапарт болды делік. Егер уақытсыз болған өлім Мирабоны саяси сахнадан тайдырмаған болса, не болған болар еді? Конститутциялық монархия партиясы ірі күшті ұзағырақ уақыт сақтап тұрған болар еді; сондықтан оның республикашылдарға қарсылық көрсетуі күштірек болған Болар еді. Міне тек осы ғана, Ол кезде республикашылдардың жеңуін ешқандай Мирабо жоққа шығара алмады. Мирабоның барлық күші оған халықтың тілектес болуына, сенуіне байланысты болды, ал орда өзінің ескі тәртіпті барлық күшін салып қорғауымен халықты сескендіргендіктен, халық республикаға ұмтылды. Егер халық өзінің республикаға ұмтылуына Мирабоның тілектес емес екенін білсеақ, халықтың өзі Мирабоға тілектес болуын қойар еді, олай болған күнде ұлы шешен өзінің ықпалының қандайын болса да дерлік жойған болар еді, ал сонсын ол өзі, тоқтатам деп босқа тырысқан қозғалыстың құрбандығы болған болар еді. Робеспьер туралы да, шамамен алғанда, осыны айтуға болады. Ол өзінің партиясында мүлде орны толмайтын күш еді делік. Бірақ ол, қалай дегенмен, партияның бірден-бір күші солған жоқ қой. Егер кірпіштің кездейсоқ үстіне құлауы оны, айтайық, 1793 жылдың қаңтарында өлтірген болса, оның орнына кімде болса басқа бір адам болар еді, бұл адам Робеспьерден сарлық жағынан да төмен адам болса да, оқиғалар сол Робеспьердің бар кезіндегі бағытта жүре берген болар еді. Сөйтіп, мысалы, жирондистер, мүмкін, бұл ретте де жеңілістен құтыла алмаған болар еді; бірақ мүмкін, Робеспьердің партиясы өкіметтен біраз уақыт ертерек айрылған болар еді, сүйтіп біз кәзірде термидор реакциясы туралы емес, флориал, прериал немесе мессидор реакциясы туралы сөз қылған болар едік. Мүмкін, кейбіреулер, Робеспьер өзінің қатаң терроризмі арқылы өз партиясының құлауын кешеуілдеткен жоқ, қайта тездетті дер. Біз бұл арада ол пікірді тергеп жатпай-ақ, толық орынды пікір дегендей етіп қабыл даймыз. Бұл ретте Робеспьердің партиясы термидорда емес, фруктидордың, не вандемиердің, иә брюмердің ішінде құлаған болар еді деп жобалау керек. Қысқартып айтқанда, ол партия мүмкін ертерек құлар еді, мүмкін кешірек құлар еді, бірақ қалай дегенмен сөзсіз құлаған болар еді, өйткені халықтың ол партия сүйенген слойы ұзақ уақыт үстемшілік құрып тұруға тегі дайын емес еді. Қалай дегенмен, Робеспьердің жігерлі түрде жәрдем етуінде болған нәтижелерге «қарама-қарсы» нәтижелердің болуы туралы сөз қылуға да мүмкін солмас еді.

Бонапарт, айтайық, Арколдағы ұрыста оққа ұшқан күнде де, ондай қарама қарсы нәтижелер болмаған болар еді. Бонапарттың италия және өзге жорықтарда істегенін, басқа генералдар да істер еді. Олар, мүмкін, оның көрсеткен таланттарындай талант көрсете алмаған болар еді, ондай тамаша жеңістерге жете алмаған болар еді. Бірақ дегенмен, француз республикасы ол кездегі өзінің соғыстарында жеңіп шыққан болар еді, өйткені оның солдаттары европалық солдаттардың бәрінен де өлшеусіз күшті еді. Ал 18 брюмера мен оның Францияның ішкі тұрмысына жасаған әсеріне келсек, мұнда да оқиғалардың жалпы барысы мен тынымы түпкі мәнісінде, мүмкін, Наполеонның тұсындағыдай болар еді. 9 термидорда сілейе жеңілген республика, біртіндеп барып өліп жоқ болды. Жоғарғы сословиялардың үстемдігінен құтылған буржуазияның, енді басқалардан гөрі көбірек тілеген тәртібін директория қайта қалпына келтіре алмады. Тәртіпті қайта қалпына келтіру үшін, Сийэс айтқандтфи, «жақсы семсер» керек болды. Алғашқыда, игілікті семсердің рөлін генерал Жубер атқарады деп еді, ал ол Новида өлгеннен кейін, Моро туралы, Макдональд туралы, Бернадотте туралы сөз бола бастады.[20] Бонопарт туралы әңгіме кейін қозғалды; ал егер ол Жубер сияқты өлген болса, ол туралы ешқандай сөз болмас еді, алға басқа Бір «семсер» ұсынылған болар еді. Оқиғалардың арқасында диктатор дәрежесіне көтерілген адам, жолында кедергі болушылардың бәрінде жігерлі түрде ығыстырып, аяусыз таптап өкіметке жетуге өзі талмастан күш салуға тиісті, бұл өз-өзінен түсінікті нәрсе. Бонапарттың жігері орасан күшті бойдын және ол өзінің мақсаттарына жету үшін ешнәрсені де аял май қимылдады. Бірақ ол кезде оңан басқада жігерлі, талантты және атақ сүйгіш эгоистер аз болған жоқ. Наполеонның отырған орны, әлбетте, бос қалмаған болар еді. Ол орынға бөтен бір генерал қолы жеткен болса, ол Наполеоннан гөрі тыныштық сүйгіш болар еді, Бүкіл Европаны өзіне қарсы көтермеген болар еді, сондықтан қасиетті Елена аралында өлмей Тюльер өлген болар еді, делік. Онда Бурбондар тегі Францияға қайтпаған болар еді; оларға мұндай нәтиже, әрине, іс жүзінде болған нәтижеге «қарама қарсы» болған солар еді. Бірақ Францияның бүкіл ішкі тұрмысына, ол нәтиженің іт жүзінде болған нәтижеден айырмашылығы аз болар еді. «Жақсы семсер» тәртіпті қайта орнатып, буржуазияның үстемдігін қамтамасыз еткен соң, көп ұзамай ақ өзінің казармалық әдеттерімен, өзінің деспотизмімен буржуазияны жирендірген болар еді. Реставрация кезіндегідей, либералдық қозғалыс басталған болар еді, күрес бірден бірге өрши түсер еді, ал «жақсы семсерлерде» шегініс жасау мінезі болмайды, сондықтан игі Луи Филипп өзінің сыпайы сүйетін туысқандарының тағына 1830 жыл емес, 1820 жылы, не 1825 жылы отырған болар еді. Оқиғалардың барысындағы осындай барлық өзгерістер Европаның алдағы саяси тұрмысына, сол арқылы экономикалық тұрмысына бірсыпыралап әсер еткен болар еді. Бірақ қалай дегенмен, революциялық қозғалыстың түпкі тынымы, іс жүзінде болған тынымға ешқандай ретте де «қарама қарсы» болмаған болар еді. Ықпалды адамдар өзінің ақылының және мінезінің өзгешеліктері арқасында оқиғалардың жеке физиономиясын және олардың кейбір жеке нәтижелерін өзгерте алады, бірақ олар оқиғалардың, басқа күштер арқылы белгіленетін, жалпы бағытын өзгерте алмайды.

 

 

VII

 

Онан басқа тағы мынаны ескеру керек. Ұлы адамдардың тарихтағы рөлі туралы әңгіме қылғанда, біз әрқашанда дерлік кейбір көз алданушылыққа құрбандық боламыз, мұны оқушыларға ескерту керек болады.

Қоғамдық тәртіпті сақтаушы «жақсы семсердің» рөлін атқара отырып, Наполеон сонымен қатар ол рөлден басқа генералдарды тайдырып шығарды, бұлардың бірсыпырасы ол рөлді мүмкін Наполеонның өзіндей етіп, немесе соған таяу атқарған болар еді. Жігерлі соғыс бастығы жөніндегі қоғамдық мұқтаж қамтамасыз етілген соң, қоғамдық ұйым басқа соғыс таланттарының соғыс бастығы болу орнына жету жолына кедергі салды.

Қоғамдық ұйымының күші ол сияқты басқа таланттардың жарыққа шығуына қолайсыз күш болды. Міне осының арқасында барып, біз айтып отырған кез алданушылық шығады. Наполеонның қарабасының күші бізге өте үлкейіп көрінеді, өйткені сіз оны ұсынған және қолдаған қоғамдық күштердің бәрін соның қарабасының күшіне апарып таңамыз. Оның қарабасының күші мүлде ерекше бір нәрсе сияқты болып көрінеді, өйткені басқа, оған ұқсас күштер мүмкіншілік түрінен жүзеге асу түріне айнала алмады. Ал бізге: егер Наполеон болмаса, не болған болар еді, десе, біздің ойымыз шатасады және бізге, оның күңі мен ықпалына тірек болған қоғамдық қозғалыстың Бәрі. де, онсыз мүлде бола алмайтын сияқты болып көрінеді.

Адам баласының ақыл ойының дамуы тарихында, бір адам ның жетістігі екінші адамның жетістігіне кедергі болуы әлде қайда сирек. Бірақ мұнда да біз жоғарғы көрсетілген көз алданушылықтан құтыла алмаймыз. Қоғамның сол халі оның ой күшімен шұғылданушы адамдарының алдына белгілі міндеттерді қойған кезде, ол міндеттер шешіліп болғанға дейін өздеріне керекті ақылды адамдардың назарын аударады. Ал егер олар бұл міндеттерді шешсе, олардың назары басқа міндетке аударылады. Сол талант А, міндетті шешуімен қатар, талант Б ның назарын ол шешіліп болған міндеттен басқа міндетке аударады. Егер сізден Х міндетті А шешіп болмай өлсе, не болған болар еді деп сұраса, біз қоғамның ақыл ойы дамуының арқауы үзілер еді деп жоба қыламыз. А өлген күнде міндетті шешуге Б ның, не Г ның, не Д ның кірісетінін, сүйтіп, А уақытсыз өлгенмен, ақыл ой дамуының арқауы бүтін қала алатынын біз ұмытамыз.

Белгілі түрде таланты бар адам, сол талантының арқасында оқиғалардың барысына үлкен ықпал жасарлықтай болу үшін, екі шарттың болуы керек. Біріншіден оның таланты сол заманның қоғамдық мұқтаждарына басқалардан көрі оны көбірек сәйкес етуі керек: егер Наполеонда өзінің соғыс жөніндегі даналығының орнына, Бетховеннің музыкалық дары болса, онда ол, әрине, император болмаған болар еді. Екіншіден, тап сол кезде қажет және пайдалы өзгешелігі бар адамның жолына сол кездегі қоғамдық құрлысы кедергі жасамауы керек. Егер ескі тәртіп Францияда тағы бір жетпіс бес жыл артық өмір сүрсе, онда тап сол Наполеон, даңқы шамалы Буонапарте дейтін генерал ия полковник болып ақ өмірін өткізген болар еді.[21] 1789 жылы Даву, Дезе, Мармон және Макдональд подпоручик болды; Бернадотт — сержант майор Гош, Марсо, Лефевр, Пишегрю, Ней, Массэна, Мюрат, Сульт, — унтер-офицер; Ожэро — фехтованияны үйретуші болды; Ланн — үи сырлаушы; Гувион СенСир — артист; Журдан — хат тасушы; Бессьер — парикмахер; Брюн — әріп теруші; Жубер мен Жюно — заң факультетінің студенті; Клебер — архитектор болды; Мартие революцияға дейін соғыс қызметіне кірген жоқ.[22]

Егер ескі тәртіп біздің заманымызға дейін өмір сүріп келсе, артис, әріп теруші, парикмахер, үй сырлаушы, заң факультетінің оқушысы, қат тасушы және фехтованияны үйретушілердің бір сыпырасы өткен ғасырдың аяқ кезінде Францияда соғыс таланттары болу мүмкіншілігі кәзір біздің қайсымыздың болса да ойымызға келмеген болар еді.[23]

Стендаль былай деді: Титсианмен бірге туған, яғни 1477 жылы туған адам, 1520 ж. өлген Рафаэльмен және 1519 ж. өлген Леонардо-да-Винчи 40 жыл бірге өмір сүрген болар еді, 1534 ж. өлген Корреджиомен және 1563 жылға дейін болған Микель-Анджело көп жылдарды бірге өткізген болар еді, Джиорджиони өлген кезде оның жасы отыз төрттен артық болмас еді, ол Тинторетто, Бассано, Веронезе, лули Романо және Андри дел Сартолармен таныс болар еді; бір сөзбен айтқанда ол ұлы живописшілердің, бүтін бір ғасыр кейін шыққан Болон мектебіне қарайтындарынан басқаларыны ң бәріне де замандас болар еді, дейді.[24] Тап сол сияқты, Воуэрманнмен бір жылда туған адам Голландияның ұлы суретшілердің барлығын дерлік көзімен керген болар еді[25] ал Шекспирдің құрдасы, толып жатқан тамаша драматургтермен бірге өмір сүрген болар еді[26] деп, айтуға болады.

Таланттардың өсуіне қолайлы қоғамдық жағдайлар болған жерде, таланттар әр жерде де, әрқашанда пайда болады, деген пікір әлдеқашан айтылған болатын. Бұл іс жүзінде жарыққа шыққан, яғни қоғамдық күш болған таланттардың қайсысы болса да қоғамдық қатынастардың жемісі болып табылады, деген сөз. Ал егер бұл осылай болатын болса, талантты адамдардың, біздің жоғарыда айтқанымыздай, оқиғалардың жалпы бағытын өзгерте алмай, тек жеке физиономиясын ғана өзгерте алатынының себебі түсінікті; олардың өздері сондай, бағыттың арқасында өмір сүреді; егер ол бағыт болмаса, олар мүмкіншілік пен іс жүзіне асушылықты бөліп тұрған табалдырықты ешқашанда да аттай алмаған болар еді.

Таланттың да таланты болатындығы өзінен өзі түсінікті нәрсе. «Цивилизацияның дамуында жасалған жаңа қадам өмірге өнердің жаңа түрін керек еткен кезде, — деп Тен орынды айтады,—қоғамдық пікірді толығынан көрсетіп, көкей алатын бір иә екі данышпанның төңірегінде, қоғамдық пікірді тек жартылай ғана көрсетіп, көкей алатын ондаған таланттар келіп шығады.»[27] Егер Италияның саяси-әлеуметтік және рухани дамуының жалпы барысына байланысты болмаған кейбір механикалық иә физиологиялық себептер Рафаэльді, Микель-Анджелоны және Леонардо-да-Винчиді тіпті бала кезінде ақ өлтірген болса, Италияның өнері кемірек жетілген болар еді, бірақ оның Возрождениа заманындағы жалпы бағыты сол күйінде қалар еді. Рафаэль, Леонардо-да-Винчи және Микель-Анджело ол бағытты жасаған жоқ: олар сол бағыттың тек жақсы көрсетушілері, көксеушілері ғана болды. Рас, данышпан адамның төңірегінде, дағдыда, бүтін мектеп пайда болады және оның шәкірттері ұстазының тіпті өте ұсақ әдіс — тәсілдерін де үйреніп алуға тырысады; сондықтан қайта өркендеу заманындағы Италия өнерінің, Рафаэль, Микель-Анджело және Леонардо-да-Винчилердің ерте өліп кету салдарынан кемшіліктер қалған болса, ол өнердің алдағы тарихында толып жатқан екінші дәрежедегі таланттарға күшті әсер еткен болар еді. Бірақ, егер қандайда болса бір жалпы себептермен Италияның рухани дамуының жалпы барысына қандайда болса бір мәнді өзгеріс болып қалмаса, ол өнердің алдағы тарихы негізді түрі де өзгермеген болар еді.

Бірақта, сан жөніндегі айырмашылықтардың, ақырында, сапа жөніндегі айырмашылықтарға айналатыны белгілі ғой. Бұл қай жерде болса да дұрыс, демек, тарихта да дұрыс. Егер жағдайлардың қолайсыз қырлары, өнердің көксеушісі бола алатын бірсыпыра талантты адамдарын, бірінің соңынан бірін алып кетіп, жоғалта берсе, онда өнердің ол ағымы азды көпті тамаша қалыпта мүлде жарыққа шығарылмай қала беруі мүмкін. Бірақ, егер ол ағым жаңа таланттарды шығаруға тереңдік етпейтін болса ғана, анадай адамдардың уақытсыз өліп кетуі бұл ағымның көркемдігі өсуіне кедергі бола алады. Ал әдебиеттегі және өнердегі әрбір сол бағыттың тереңдігі оның тапқа не слойға, тап, слой болғанда оның тілегін өзі көрсететін тап не слойға маңызы болуы арқылы, ол таптың не слойдың қоғамдық рөлі арқылы белгіленетін болғандықтан, мұнда істің бәрі де, ақыр аяғында, қоғамдық дамудың барысына қоғамдық күштердің ара салмағына байланысты.

 

 

VIII

 

Сүйтіп, басшы адамдардың жеке өзгешеліктері тарихи оқиғалардың жеке физиономиясын белгілейді, кездейсоқтықтың элементі, жоғарғы Біз көрсеткен мағынада, бұл оқиғалардың барысында, барысы болғанда ақыр аяғында жалпы себептер деп аталатындар арқылы белгіленетін, яғни шындығында ендіруші күштердің дамуы арқылы, өндірістің қоғамдық экономикалық процессіндегі адамдардың өзара қатынастары арқылы белгіленетін барысында әрқашанда да, кейбір рөл атқарады. Кездейсоқ құбылыстар мен көрнекті адамдардың жеке өзгешеліктері тереңде жатқан жалпы себептерден гөрі әлде қайда тез байқалып тұрады. Он сегізінші ғасыр бұл жалпы себептерге жөңді көңіл бөлген жоқ, тарихты, тарихи қайраткерлердің саналы түрде істеген істеріне және «құмартуларыңа» байланысты деп түсінді. Ол ғасырдың философтары, — нағыз болмашы себептердің әсерінен, мысалы қандайда болса бір басқарушы адамның басында қандай да болса бір «атомның» тентектенуінің салдарынан тарих мүлде басқа жолдармен дами алады, деп санады, (Système de la nature-де талай айтылған пікір).

Тарихи ғылымдағы жаңа бағытты жақтаушылар, тарих, өзінің іс жүзіндегі барысынан басқаша түрде дами алмайтындығын, ешқандай «атомдарға» бағынбайтындығын дәлелдеді. Олар жалпы себептердің әсерін болғанынша күшті көрсетуге тырысты да, тарихи қайраткерлердің жеке өзгешеліктерінің маңызына көңіл бөлмеді. Оларша, бір адамдардың орнына олардан гөрі иә аз, иә көп қаблетті басқа адамдардың болуынан тарихи оқиғалар зәредейде өзгермейтін болып, шығады.[28] Егер ондай пікірді қабылдайтын болсақ, онда біз сөзсіз мынаны мойындауымыз керек: тарихта жеке элементтің тіпті ешқандай маңызы жоқ, тарихта болатынның бәрі де жалпы себептердің, тарихи қозғалыстың жалпы заңдарының әсерінен болады, деп мойындауымыз керек. Бұл оларға қарама-қарсы көзқарастағы шындықтың Бөлшегіне ешқандай орын қалдырмайтын, тым шетке шығушылық болды. Міне дәл сондықтан оларға қарама-қарсы көзқарастың өмір сүруіне бірсыпыра правосы болды. Бұл екі көзқарастың қағысуы антиномиялық түрге түсті, оның бірінші мүшесі жалпы заңдар болды да, екінші мүшесі жеке адамдардың ісі болды. Антиномияның екінші мүшесінің көзқарасынша, тарих кездейсоқтықтардың жай ғана тізбегі болып тасылды, бірінші мүшесінің көзқарасынша, тарихи оқиғалардың тіпті жеке белгілері де жалпы себептердің әсерінен болатын болып шықты. Ал егер оқиғалардың жеке белгілері жалпы себептердің әсерінен болатын болса, тарихи қайраткерлердің жеке қасиеттеріне байланысты болмайтын болса, онда, бұл белгілер жалпы себептер арқылы белгіленетін және ол қайраткерлер қалай алмасып жатса да, ешқандай өзгермейтін болып шығады. Сөйтіп теория фаталистік сипатқа енеді.

Оның дұшпандары мұны аңғарусыз қалдырған жоқ. Сент-Бёв Миньенің тарихи көзқарастарын Боссюэнің тарихи көзқарастарымен салыстырды. Боссюэ тарихи оқиғаларды жасайтын күш жоғарыдан келеді, оқиғалар құдайдың еркімен болады, деп ойлады. Минье бұл күшті тарихи оқиғаларда жаратылыс күшінің қаталдығына, беріктігіне қарсы шығатын адамның құмартуларынан іздеді Бірақ олардың екеуінде тарихқа, ешқандай ретте де басқаша бола алмайтын құбылыстардың тізбегі деп қарады; олардың екеуіде—фаталист; бол жөнде философ діни адамға жақын (le philosophe se rapproche du prêtre).

Мұндай кінә тағу, қоғамдық құбылыстардың заңдылығы туралы ғылым көрнекті тарихи қайраткерлердің жеке өзгешіліктерінің оқиғаларға әсер жасауын нөлге теңеген көзге дейін орынды болып келді. Ал бұл кінә тағудың сонымен қатар неғұрлым күшті әсер туғызуға тиісті болған себебі сол — он сегізінші ғасырдың тарихшылары мен философтары сияқты, жаңа мектебінің тарихшылары да тарихи қозғалыстың бүкіл жалпы себептері ең жоғарғы орында тұрған адам жаратылысынан шығады және соған бағынады деп санады. Тарихи оқиғалар жалғыз адамдардың саналы істеріне ғана байланысты болмайтындығын француз революциясы көрсеткен соң, Минье, Гизо және сол бағыттағы басқа оқымыстылар бірінші планға, көбінесе ешқандай сананың басқаруын тыңдамайтын, құмартулардың әсерін ұсынды. Ал егер тарихи оқиғалардың ең соңғы, нағыз жалпы себептері құмарту болатын болса, — француз халқын, өзін итермелеген құмартуларға қарама-қарсы болған құмартулармен сендіре алатын қайраткерлер табылса, француз революциясының тынымы біз билетін тынымға қарама қарсы болар еді деп санаған Сент-Бёвтың пікірі неге дұрыс болмайды? Минье былай деген болар еді, оның себебі: адам жаратылысының өзінің қасиеттері бойынша, ол кезде француздарды басқа құмартулар итермелей алмады. Белгілі 'мағынада бұл дұрыста болар еді. Бірақ бұл дұрыстықтың күшті дәрежеде фаталистік сарыны болған болар еді, өйткені бұл дұрыстық. адам баласының тарихы егжей-тегжейлеріне шейін адам жаратылысының жалпы қасиеттері арқылы күн ілгері белгіленіп қойылады деген ережемен бірдей болар еді. Бұл арада фатализм жалпының ішінде жекенің жоғалып кетуінің нәтижесі болып табылар еді. Шындығында да, фатализм әрқашанда да осы сияқты жоғалудың нәтижесі болады. «Егер қоғамдық құбылыстардың бәрі де қажетті болатын болса, біздің ісіміздің ешқандай маңызы бола алмайды», деушілер бар. Бұл дұрыс пікірдің, бұрыс формулировкасы болып табылады. Егер барлық іс жалпы арқылы істелетін болса, онда жекенің, оның ішінде менің күш салуымның ешқандай маңызы болмайды, деу керек. Мұндай қортынды дұрыс, тек онымен дұрыс пайдаланбайды. Тарих жайындағы осы кездегі материалистік көзқарас жөнінде бұл көзқараста жекеге де орын бар, ол қортындыны қолданудың ешқандай мағынасы жоқ. Бірақ, реставрация заманындағы француз тарихшыларының көзқарастары жөнінде қолдану да, ол қортынды дәлелді еді.

Кәзіргі кезде адамның жаратылысын, тарихи қозғалыстың ең соңғы, нағыз жалпы себебі деп санауға тіпті болмайды, өйткені: егер адам жаратылысы тұрақты болса, онда ол тарихтың өте өзгергіш барысын бағындыра алмайды, ал егер адам жаратылысы өзгермелі болса, онда оның өзгеруінің өзі, әрине, тарихи қозғалысқа байланысты болу керек. Кәзіргі кезде адам баласының тарихи қозғалысының ең соңғы, нағыз жалпы себебі өндіруші күштердің дамуы деп тану керек болады; адамдардың қоғамдық қатынастарындағы біртелеп өзгерушіліктерде сол өндіруші күштерге байланысты. Бұл жалпы себептермен қатар, өзгеше себептер де, басқаша айтқанда, сол халықтың өндіруші күштерінің дамуы жүзеге асып отыратын тарихи жағдай да әсер етеді; бұл тарихи жағдайдың езі де ең соңғы ретте басқа халықтардағы сол күштердің дамуы арқылы, яғни сол жалпы себептер арқылы жасалған болады.

Ақырында, өзгеше себептердің ықпалы, жеке себептердің, яғни қоғамдық қайраткерлердің жеке өзгешеліктерінің және басқа «кездейсоқтардың» әсер етуі арқылы толықтырылады; осының арқасында, оқиғалар арқасында барып, өзінің жеке физиономиясына түседі. Жеке себептер жалпы себептер мен өзгеше себептердің әсеріне негізгі өзгерістер кіргізе алмайды; оның үстіне ол себептер жеке себептердің ықпал жасауының бағытын және мөлшерін белгілейді. Бірақ дегенмен, егер тарихқа әсер жасаушы себептердің орнына, сол реттегі басқа себептер болса, тарихтың физиономиясының басқаша болуы даусыз.

Моно мен Лампрехт осы күнге дейін адам жаратылысы жөніндегі көзқарасты жақтайды. Лампрехт, өзінің ойынша: тарихи құбылыстардың негізгі себебі — әлеуметтік психика екенін қатаң түрде, сан рет айтты. Бұл үлкен қате пікір, мұндай қате пікірдің арқасында, қоғамдық өмірдің барлық жиынын есепке алу жөніндегі өз-өзінен мақтаншақтық тілек, мазмұнсыз көпірме болса да эклектизмге ғана немесе— барынша табанды болған — ақылмен сезімінің салыстырмалы маңызы жайындағы Каблицтың пікірлеріне ғана апарып соға.

Өзіміздің қолға алған мәселемізге қайта оралайық. Ұлы адамның ұлылығы оның жеке өзгешеліктерінің ұлы тарихи оқиғаларға жеке физиономия беруінде емес, онда жалпы және өзгеше себептердің ықпал жасауынан туған, өзінің заманындағы ұлы қоғамдық мұқтаждар үшін қызмет етуге оны өте-мөте бейім ететін өзгешеліктерінің болуында. Ерлер турасындағы өзінің белгілі шығармасында Карлейль ұлы адамдарды бастаушылар (Beginners) деп атайды. Бұл өте орынды ат Ұлы адам нақ бастаушы болып табылады, өйткені ол басқалардан гөрі тереңірек көреді және басқалардан гөрі күштірек тілейді. Ол қоғамның рухани дамуының алдыңғы са~ тысының күн тәртібіне қойған, ғылымдық міндеттерді шешеді; ол қоғамдық қатынастардың алдыңғы дамуының туғызған жаңа қоғамдық мұқтаждарды көрсетеді; ол осы мұқтаждарды қамтамасыз ету жөнінде бастамашы болады. Ол — ер. Оның ер болуы істің табиғи барысын тоқтата алатын, не өзгерте алатын сияқты болып көріну мағынасында емес, оның ісінің бұл қажетті және саналы емес барыстың, саналы және еркін көксеушісі болуы мағынасында. Оның барлық маңызы — міне осында, оның, барлық күші — міне осында. Ал бұл — өте зор маңыз, керемет күш.

Бисмарк, біз тарихты жасай алмаймыз, оның жасалуын күтуге тиістіміз, дейді. Ал тарихты кім жасайды? Оны, бірден-бір «факторы» болған, қоғамдық адам жасайды. Қоғамдық адам өзінің, яғни қоғамдық, қатынастарын өзі жасайды. Ал егер ол сол кезде, басқаша емес, нақ сондай қатынастар жасаса, бұл, әрине, себепсіз болмайды; бұл оның өндіруші күштерінің дәрежесіне байланысты. Сол күштердің дәрежесіне сол күннің өзінде сәйкес келмейтін, немесе әлі сәйкес келіп болмаған қатынастарды ешқандайда ұлы адам қоғамға орната алмайды. Міне осы мағынада ол, шындығында, тарихты жасай алмайды, міне Бұл ретте оның сағатының тілін қолымен қозғап қоюы босқа әуре болушылық: ол уақытты тез өткізе алмайды және оны кейін де кетіре алмайды. Бұл арада Лампрехтың айтуы өте дұрыс: өзінің құдіреттілігі асып тұрған кезде де, Бисмарк Германияны натуралдық шаруашылыққа қайта түсіре алмас еді.

Қоғамдық қатынастардың өздерінің логикасы бар: адамдар сол өзара қатынастарда тұрған кезде, олар басқаша емес, сөзсіз нақ солай сезеді, солай ойлайды, солай істейді. Қоғамдық қайраткердің бұл логикаға қарсы күресуі де босқа әуре болушылық болар еді: істің табиғи барысы (яғни қоғамдық қатынастардың сол логикасы) оның жұмсаған күшінің бәрінде түкке асырмас еді. Егер мен өндірістің қоғамдық экономикалық процессінде болған сол өзгерістің арқасында қоғамдық қатынастардың қалай қарап өзгеретінін білсем мен әлеуметтік психиканың қай бағытта өзгеретінін де білем; демек мен де ол психикаға ықпал жасауға мүмкіншілік болады. әлеуметтік психикаға ықпал жасау — тарихи оқиғаларға ықпал жасау деген сөз.

Демек, мен дегенмен белгілі мағынада тарихты жасай аламын, ал маған оның «істелуін» күтудің ешбір орны жоқ.

Моно: тарихтағы нағыз маңызды оқиғалар, маңызды адамдар мекемелер мен экономикалық жағдайлардың тек белгілері, символдары есебінде ғана маңызды, деп ойлайды. Бұл — айқын айтылмаған пікір болса да, орынды пікір; бірақ дәл осы пікір орынды болу себепті, ұлы адамдардың ісін, аталған жағдайлар мен мекемелердің «жай қозғалысына» қарама қарсы қойу дәлелді емес. «Экономикалық жағдайлардың» азды көпті жай өзгеруі, қоғамның алдына, өзінің мекемелерін азды көпті тез қайта құрып отырудың қажеттігі туралы оқтын-оқтын мәселе қойады. Мұндай қайта құру, ешуақытта да езінен өзі істеліп отырмайды; ол әрқашанда да адамдардың қатысуын керек қылады; сүйтіп ол адамдардың алдына ұлы қоғамдық міндеттер қойылады. Ұлы адамдар деп, сол міндеттерді шешуге басқалардан гөрі көбірек мүмкіншілік туғызған адамдарды айтады Ал міндетті шешу — шешілген міндеттің тек «символы» «белгісі» ғана болу деген сөз емес.

Мононың өзіне қарсы келетін сөзді туғызып алуының басты себебі: «жай» деген сездің қызығына беріліп кетуі ғой деп ойлаймыз. Бұл сөзді кәзіргі кездегі толып жатқан эволюционистер өте тәуір көреді. Мұндай құмартудың психологиялық жағы түсінікті: баяулық пен байыптылықтың сөзді пәммен сөйлеуге берілген жерінде ол құмарту сөзсіз болып отырады... Бірақ, Гегельдің көрсеткеніндей, логика жағынан ол сөз қылуға да тұрмайды.

Ал, іс істеудің кең мүмкіншілігі тек жалғыз «бастаушыларға» ғана «ұлы» адамдарға ғана ашық емес Ол көруге көзі бар, естуге құлағы бар өзіне жақындарды сүйуге жүрегі бар адамдардың бәріне де ашық. Ұлы деген ұғым салыстырмалы ұғым. Моральдық мағынада, евангелия сөзімен айтсақ «досы үшін жанын пида қылатын» адамдардың бәрі де ұлы адам.

 

 

______________

[1] Материализмнен діни догматикті бұлай етіп ұштастыру XVII ғасырдағы французды мықтап-ақ таңдандырған болар еді. Бірақ бұл Англияда ешкімге де сөкет көрінген жоқ. Пристлидің езі өте діншіл адам болды.

[2] Лансонның «Француз әдебиетінің тарихы» деген шығармасының орысша аудармасын қара, I том, 511 бет

[3] Калвиннің оқуы бойынша адамның істейтін ісінің сәріде құдайдың жазып қойғаны, дейтіні белгілі. Praedestinationem vocamur aeternum Dei decretum, quo apud se constitutum habuit, quid de unoquoque homine fieri vatel (Institutio, lib 111, cap. 5). Бұл оқу бойынша, орынсыз езілген халықтарды азат ету үшін құдай өзінің қызметкерлерінің бір сыпырасын тағайындайды, Израил халқын азат еткен Мұса (Мойсей) осындай тағайындалған адам. Өзінің айтуына қарағанда. Кромвельді де құдай осындай құралының бірі деп санаған; ол әр қашанда да, мүмкін, шын сенімімен, өзінің ісін құдайдың еркімен болып отырған нәрсе деп атады. Бұл істерінің бәрі де оған алдын ала қажеттіктің гүлімен безендіріліп қойылған болды. Бұл оның жеңістен жеңіске ұмтылуына кедергі болмағаны былай тұрсын, қайта оның бұл ұмтылуына тайынбастық батыл күш берді.

[4] «C, est comme si I, aiguille aimanta èe prenait plaisir de se tourner vers le nord car elle croirait tourner indépendamment de qauelque autre cause ne, S’apercevant pas des mouvements insensibles de la matière magnétique» Leibnitz, Thèodicce, Lousanse, MDCCLX. p. 598

[5] Бұл категориядағы адамдардың құдайға мықтап берілгендігін айқын көрсететін тағы бір мисал келтірейік. 6зінің ұстазы Кальвинге жазған қатында Герцогина Феррарская, Ренэ (Людовик XII-ның тұқымынан) былай дейді: «Сіздің маған жазғандарыңызды: Давид құдайдың дұшпандарын өлердей жек көрді, дегеніңізді мен ұмытқан жоқпын; мен өзімде әр қашанда осылай істеген болар едім, өйткені егер мен әкем корольды, шешем королеваны, марқұм мырзаларымды (feu monsieur mon mari) және барлық балаларымды құдайдың жақтырмайтынын білсем, мең оларды өлердей жек көрер едім және олардың тамұқта шірігенін тілер едім және басқалар. Осындай берілген адамдар таңдандырарлықтай күшті жігер көрсете алды! Ал бұлар еріктің еркіндігін теріске шығарған адамдар ғой.

[6] «Die Notwendigkeit wird nicht dadurch zur Freiheit, dass sie verschwindet, sondern dass nur ihre noch innere Identität manifestiert wird». Hegel, Wissenschaft der Logik, Nürnberg. 1816. Гегель, Логика ғылымы, 1816, 2 Бөлім, 281 бет.

[7] Сол қарт Гегель басқа бір жерде былай деп тамаша айтады: «Die Freiheit ist dies, Nichts zu wollen als sich». Werke, B. 12, S. 98. (Philosophie der Religion).

[8] Синтезге қамтылуда біздің алдымызға шыққан сой Кареев мырза болды. Бірақ амал не, ол адам жан мен тәннен құралды деген ақиқаттықты танудан әрі барған жоқ.

[9] Лампрехтың басқа философиялық — тарихи мақалаларын әңгіме қылмай біз Бұл жерде де және а1дағы уақытта да оның «Der Ausgang des Geschichtswissenschaftlichen Kampfes», «Die Zukunft», 1897, № 44. Деген мақаласын сөз қыламыз

[10] Oeuvres complètes de l’abbé de Mably, Londres 1789, tome quatrième, p. 3, 14–22, 34 et 192. бет

[10] Oeuvres complètes de l’аbbé de Mably, Londres 1789, tome quatrième, p. 109.

[12] «Францияның тарихы» туралы хаттардың біріншісін «Essai sur le genre dramatique sérieux» (Бомарше, Oeuvres complètes-тің бірінші томында)

[13] Oeuvres complètes de Chateaubriand, Paris 1860, t. VII, p. 58. Оқушының онан соңғы бетке де көңіл аударуын мақұл кереміз; ол бетті Ник. Михайловский мырза жазған болар деп ойлауға болады.

[14] «Recits des temps Mérovingiens»-ке қосымша етіліп жазылған Considérations sur l’histoire de France. Paris 1840. p. 72

[15] Миньенің «Француз революциясының тарихы> деген кітабының 3 Басылуына арналған мақаласында, Сент Бев ол тарихшының жеке адамдарға көзқарасын мына түрде сипаттайды «A la vue des vastes et profondes émotions populaires qu’il avait à décrire, au spectacle de l’impuissance et du néant ou tombent les plus sublimes génies, les vertus les plus saintes, alors que les masses se soulèvent, il s’est pris de pitié pour les individus, n’a vu en eux pris isolement que faiblesse et ne leur a reconnu d’action efficace, que dans leur union avec la multitude».

[16] Кейбіреулер, айтқандай, деді: айыпты Субиз емес, бірігіп жеңіп шықты деген атаққа ортақ болғысы келмей, өзінің жолдасын күтпеген Брок өзі кінәлі дейін. Бізге мұңың ешқандай маңызы жоқ, өйткені ол істің мәнісін ешқанаан да өзгерте алмайды

[17] «Histoire de France», 4-ème édition. т. XV п. 520 — 521.

[18] «Mémoires de madame du Hausset»-ты қара, Paris 1824, 181 бет.

[19] «Lettres de la marquise de Pompadour», Londres 1772, t. I.

[20] La vie en France sous le premier Empire par le vicomte de Broc, Paris 1895, p.35 — 36 және кейінгі беттері.

[21] Мүмкін онда Наполеон Ресейге келген болар еді, мұнда ол, революцияның алдында бір аз жыл сұрын келгісі келген болатын. Мұнда ол, бәлкім, түріктерге не кавказ горцаларына қарсы жасалған соғыста қайратын, ерекшелігін көрсеткен болар еді, бірақ мұнда, ол бишара, бірақ қаблетті офицердің қолайлы жағдай туған кезде, жер жүзінің мырзасы болады деп ешкім де ойламаған болар еді

[22] Histoire de France, par V. Duruy, Paris 1893, t. II, p. 524–525.

[23] Людовик XV-ның тұсында үшінші сословиеден генерал-лейтенант шеніне дейін көтерілген жалғыз Шэвер ғана болды. Людовик XVI-ның тұсында соғыс жөніндегі лауазымды қолына түсіру, бұл сословианың адамдарына бұрынғыдан да қиын болды, Rambeaud, Histoire de la civilization française, sixième edition, t. II, p. 226. - ны қара.

[24] Histoire de la peinture en Italie, Paris 1892, p. 24–25.

[25] Тербург, Броунер және Рембрандт 1608 ж. туды; 1610 ж. Адриан Ван-Остаде, Бот и Фердинанд Боль туды; 1613 ж. — Ван-дер-Гельст и Жерар Доу; 1615 ж. — Метцу;1620 ж. — Воуэрманн; в 1621 ж. — Верникс, Эвердинген и Пайнакер; 1624 ж. — Бергем; 1625 ж. — Пауль Поттер; 1626 ж. — Ян Стеен; 1630 ж. — Рюисдель; 1637 ж. — Ван-дер-Гейден; 1638 ж. — Гоббема; 1639 ж. — Адриан Ван-де-Вельде туды.

[26] «Бір уақытта, не бірінің артынан бірі шыққан Шекспир, Биумонт, Елетшер, Джонсон, уебстер, Мессинджер, Фора, Мидделион және Гетвудтер өздеріне туқан қолаллы жағдайдың арқасында, алдағы өткен буындардың күштерімен даярланған негізде тамаша гүлденген жаңа ауын болды. Тэн, Histoire de la littérature anglaise, Paris 1863, t. I, p. 468.

[27] «Тэн, Histoire de la littérature anglaise, Paris 1863, t. II, p. 5.»

[28] Яғни олар тарихи оқиғалардың заңдылығы туралы сөз қылғанда осылай, болып шығады. Ал олардың бірсыпырасы бұл құбылыстарды жайғана суреттеген кезде, олар жеке элементке көбінесе асыра маңыз береді. Бірақ бізге кәзір олардың әңгімесі, керек емес, пікірлері керек